Қазақстанда жануарлар арасында таралу қаупі жоғары 68 ауру бар
Qazaq24.com передает, что по данным сайта Informburo.KZ.
Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2,5 есеге арттыру мақсатында ветеринария саласына айрықша көңіл бөлу жоспарланып отыр. Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің сенат депутаттарына берген мәліметіне сәйкес, соңғы екі жылда 401 ветеринариялық нысан салынды, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар үшін 892 бірлік мамандандырылған автокөлік сатып алынған.
"Бұл еңбек жағдайларын жақсартуға, ветеринария мамандарының мәртебесін арттыруға және ветеринариялық іс-шараларды жүргізудің жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді. Ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту үшін 2026-2027 жылдарға республикалық бюджеттен ветеринариялық станциялар, мал бекіту құрылғылары бар ветеринариялық пункттер, биологиялық қалдықтарды көму нысандарын салуға 66,2 млрд теңге қаржы бөлу жоспарланып отыр", – деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ, сала мамандарының жалақысын көтеру де ерекше назарда.
"2023 жылдан бастап патогенділігі бірінші және екінші топтағы биологиялық агенттермен жұмыс істейтін ветеринария мамандарына тиісінше 35 және 50 пайыз мөлшерінде ынталандырушы үстемеақылар, кемінде екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленеді. Депутаттар бастама жасаған ветеринария мәселелері жөніндегі заң жобасы аясында Үкімет қорытындысымен жалақыны кезең-кезеңімен арттыру, арнайы киіммен қамтамасыз ету және сала мамандарының біліктілігін арттыру шаралары мақұлданды. Аталған шараларды іске асыруға 2027-2029 жылдары жыл сайын 23,9 млрд теңге мөлшерінде қаржыландыру көзделген", – деп жауап берді премьер-министр.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:94
Эта новость заархивирована с источника 16 Февраля 2026 11:15 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















