Енді IELTS қажет емес пе? Түркі елдері ағылшын тілін бағалаудың жаңа емтиханын әзірлейді
Qazaq24.com информирует, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстанның ұлттық тестілеу ұйымдары ETOTS (English Test for Turkic States) атты жаңа емтиханды бірлесіп әзірлеу туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев хабарлады.
Ол жаңа бастаманың үш ерекшелігін атады:
бес мемлекет өздерінің білімі мен тәжірибесін біріктіріп, ағылшын тілін бағалаудың халықаралық талаптарға сай жаңа жүйесін қалыптастыруды көздейді. болашақта бұл емтихан студенттер мен мамандарға ағылшын тілін меңгеру деңгейін растаудың қосымша мүмкіндігін ұсына алады. жоба түркі елдері арасындағы білім беру және ғылыми ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етпек."Әрине, ETOTS бірден IELTS немесе TOEFL емтихандарының орнын басады деген сөз емес. Оның мақсаты – халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, сапасы мен нәтижелерінің сенімділігі қамтамасыз етілген жаңа өңірлік бағалау құралын жасау. Менің ойымша, бұл бастаманың ең маңызды тұсы – түркі елдерінің тек дайын халықаралық жүйелерді пайдаланумен шектелмей, өздерінің бірлескен білім беру өнімін жасауға ұмтылуы", – деп түсіндірді Руслан Емелбаев.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:102
Эта новость заархивирована с источника 19 Октября 2026 15:48 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















