Түркі мемлекеттері ұйымының сайтын енді қазақ тілінде де оқуға болады
Согласно сайту Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Түркі мемлекеттері ұйымының сайтын енді 5 тілде, оның ішінде қазақ тілінде де оқуға болады. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Құбанышбек Өмірәлиев хабарлады.
Сайт түрік, қазақ, әзербайжан, қырғыз және өзбек тілдерінде жұмыс істейді.
"Түркі мемлекеттері ұйымының ресми сайты енді барлық мүше мемлекеттердің ана тілдерінде жарияланады", – делінген ресми хабарламада.
Құбанышбек Өмірәлиевтің сөзінше, бұл қадам түркі әлеміндегі ынтымақ, ортақ мұра, ағайындық және өзара сыйластықты білдіреді.
Еске салайық, Түркі мемлекеттері ұйымы 2021 жылы 12 қарашада Түркі кеңесінің негізінде құрылды. Оған Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мүше болса, байқаушы елдер ретінде Түркіменстан мен Венгрия ұйым жұмыстарына қатысады.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:81
Эта новость заархивирована с источника 11 Ноября 2025 13:35 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















