Zootpoia 2 әлемдік прокатта 500 млн доллар жинады. Оны қазақ тілінде қайдан көруге болады
Qazaq24.com сообщает, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Disney түсірген "Аңдар шаһары 2" (Zootpoia 2) мультфильмі демалыс күндері әлемдік прокатта 500 млн доллардан астам табыс тапты, деп хабарлады Disney.com.
Кино премьерасы АҚШ-тағы Алғыс айту күні мерекесімен сәйкес келуі де фильмнің жақсы көрілуіне себеп болған.
Disney Entertainment компаниясының тең төрағасы Алан Бергманның айтуынша, бұл Disney Animation үшін мақтануға тұрарлық тамаша бастама болды.
Zootpoia 2 АҚШ пен Канадада 156 млн доллар жинап, ұлттық прокатта бірінші орынды иеленсе, Қытайда танымал франшизаның табысы 272 млн доллардан асып түскен.
Ал Қазақстанда мультфильмді қазақ және орыс тілдерінде көруге болады. Айта кетерлігі, фильмнің қазақ тіліндегі нұсқасын еліміздегі кинотеатрлардың басым бөлігі көрсетіп жатыр. Билет бағасы шамамен 1700-2300 теңге аралығында. Қазақстандық көрермендер оны таңертеңнен кешкі уақытқа дейін көре алады. Сарапшылар қазірдің өзінде фильмнің аударма сапасына да, көрсетілу уақытының кеңдігіне де жоғары баға беріп жатыр.
Айта кетейік, "Аңдар шаһары 2" мультфильмін қазақ тіліне дубляждауға елге танымал актерлер қатысқан. Мәселен Джуди Хоппсты Сабира Жарасқызы дауыстаса, Милтон Рысыевич Бақытжан Әлпейістің дауысымен сөйлейді. Сондай-ақ, Бого Басекені Асан Мәжит, Мистер Бигті Еркебұлан Дайыров сөйлетеді.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:34
Эта новость заархивирована с источника 01 Декабря 2025 13:28 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















