Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Партия Адилет предложила разработать законопроект о профессиональном статусе медработников Аналитический интернет журнал Власть

Смог в крови алматинцев обнаружил фонд Almaty Air Initiative в ходе эксперимента Аналитический интернет журнал Власть

У каждого места своя цена

Когда в Астане планируют запустить городские электрички

Владельца Anex Tour задержали в Турции. Отразится ли это на работе казахстанского туроператора?

Как получить паспорт в Казахстане: документы, стоимость и сроки оформления

За солдатом по пятам

Врач высказалась о вызывающих рак огурцах

Трамп назвал вывод войск из Ирака победой США

Законы предложили объяснять казахстанцам простым языком

Женские вагоны и изменение порядка выплат автостраховок. Что ждет казахстанцев в октябре 2026 го?

Самолет Flydubai подал сигнал о захвате после драки пилотов СМИ

Почти миллион теңге долга по алиментам погасили в ВКО

Немецкий бизнес пользуется в нашей стране высокой репутацией . Токаев выступил на технологическом форуме в Баварии

От квадратных метров к реальной доступности. Как меняется жилищная политика Казахстана и какую роль в ней играет холдинг Байтерек

Токаев принял вице президента Siemens AG

Государству вернули земельные участки в Актюбинской области

Қырғызстанда діни тақырыпта жазатын блогерлер енді арнайы куәлік алуы тиіс

Касым Жомарт Токаев выступил на международном форуме AI & Digital Bridge 2026

Развитие сотрудничества обсудил глава государства с вице президентом NVIDIA

Құжат жоғалтқанда оны қалай және қашан қалпына келтіруге болады

Құжат жоғалтқанда оны қалай және қашан қалпына келтіруге болады

Согласно информации сайта Informburo.KZ, сообщает Qazaq24.com.

Жеке куәлік, жүргізуші куәлігі немесе төлқұжат сияқты маңызды құжаттарды жоғалтып алу – кез келген адам тап болуы мүмкін жағымсыз жағдай. Дүрбелеңге түспей, уақыт пен қаражатты үнемдеу үшін белгіленген алгоритм бойынша әрекет ету маңызды.

Төменде Қазақстан Республикасында құжаттарды қалпына келтірудің негізгі қадамдары мен мерзімдері туралы ақпарат ұсынамыз.

№1. Жеке куәлікті немесе паспортты жоғалтқанда мемлекеттік баж көлемі қанша және қанша уақытта дайын болады? Құжаттарды қалпына келтіру бағасы мен дайындалу мерзімдері төмендегідей:

Жеке куәлік:

мемлекеттік баж: 0,2 АЕК; стандартты мерзім: 15 жұмыс күні.

Жеделдету мүмкіндігі: Егер құжат тез арада қажет болса, қосымша төлем төлеп, Астана, Алматы, Шымкент сияқты республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында 1-ден 3 жұмыс күніне дейін қысқартылған мерзімде алуға болады.

Төлқұжат:

мемлекеттік баж: Стандартты 36 беттік паспорт үшін – 8 АЕК, ал жиі шетелге шығатындарға арналған 56 беттік паспорт үшін – 12 АЕК құрайды (балалар паспорты – 4 АЕК); стандартты мерзім: 15 жұмыс күні.

Жеделдету мүмкіндігі: Жеке куәлік сияқты, қосымша ақы төлеу арқылы 1, 2 немесе 3 жұмыс күні ішінде жеделдетілген түрде дайындатып алуға болады.

№2. Құжатты жоғалтқан кезде полицияға бару міндетті ме, әлде бірден ХҚКО-ға бару керек пе?

Бұл жағдай сіздің құжатыңызды қалай жоғалтқаныңызға байланысты:

Егер жай ғана байқаусызда жоғалтып алсаңыз: Полицияға барудың мүлдем қажеті жоқ. Уақытты үнемдеп, бірден жақын маңдағы Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе eGov.kz порталына хабарласқаныңыз жөн.

Егер құжатыңыз ұрланған болса: Дереу оқиға болған жердегі немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша полиция бөліміне барып, арыз жазуыңыз қажет. Полиция қызметкерлері сізге ұрлық фактісі бойынша арнайы талон-хабарлама береді. Бұл талон ХҚКО-да ескі құжатты бұғаттауға, сізді әкімшілік айыппұлдан немесе артық тексерістерден қорғауға және жаңа құжатты тегін немесе негізді түрде қайта рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Мектеп формасына қойылатын талаптар. Ата-аналар биыл нені ескеруі керек

№3. Құжатты жоғалтып алған кезеңде біреу атыма несие рәсімдеп қоймауы үшін не істеуім керек?

Жеке куәлікті жоғалтудың ең басты қаупі – алаяқтардың сіздің атыңызға заңсыз онлайн несие рәсімдеуі. Бұдан сақтану үшін келесі маңызды қадамдарды дереу жасаңыз:

Құжатты деактивациялау: ХҚКО-ға барып, құжаттың жоғалғаны туралы өтініш беріңіз. Өтініш тіркелген сәттен бастап ескі куәлік автоматты түрде жарамсыз деп танылады және базадан бұғатталады.

"Стоп-кредит" қызметін қосу: eGov.kz порталында немесе eGov Mobile мобильді қосымшасында "Несиелер мен микроқарыздарды алудан ерікті түрде бас тарту" сервисін іске қосыңыз. Бұл қызмет тегін беріледі және 6 ай бойы банктер мен микроқаржы ұйымдарының сіздің атыңызға несие беруіне толық тыйым салады.

№4. Жүргізуші куәлігін жоғалтқанда қайда жүгіну керек және емтиханды қайта тапсыру қажет пе?

Автокөлік жүргізуші куәлігін қалпына келтіру процесі қатты күрделі емес:

Қайда бару керек: Тұрғылықты жеріңіздегі Мамандандырылған ХҚКО-ға баруға болады немесе үйден шықпай-ақ eGov.kz порталы арқылы онлайн тапсырыс беруге болады.

Емтихан тапсыру: Жүргізуші куәлігін жай жоғалтып алған жағдайда жол жүру ережелері бойынша теориялық немесе практикалдық емтихандарды қайта тапсырудың ешқандай қажеті жоқ. Емтихан тек куәліктен сот шешімімен айырылғандар үшін талап етіледі.

мемлекеттік баж: 1,25 АЕК; дайындалу мерзімі: ХҚКО-да өтініш берілген күні 1-2 сағаттың ішінде жаңа жүргізуші куәлігі колыңызға беріледі.

№5. Жинақтаушы пенсиялық қоры немесе әлеуметтік төлемдерді алу үшін құжатты қалпына келтірудің ерекшеліктері бар ма?

Жоқ, ешқандай қиындықтар туындамайды. Қазақстанның мемлекеттік жүйесінде барлық жинақтар, зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік жәрдемақылар сіздің аты-жөніңізге емес, өзгермейтін ЖСН нөміріңізге бекітілген.

Құжатты жоғалтқан кезде зейнетақы қорындағы ақшаңыз немесе жәрдемақыларыңыз жоғалмайды, төлем тоқтамайды.

Жаңа жеке куәлік қолыңызға тиген соң, қызмет көрсететін банкіңізге барып немесе банк қосымшасында видео-деректі растау арқылы жаңа құжаттың реквизиттерін жаңартып қойсаңыз жетерлік.

Оқи отырыңыз: 8 өңірдің біріне қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады. Ол үшін не істеу керек

№6. Туу туралы немесе неке қию туралы куәлікті қалпына келтіру қанша уақытты алады?

АХАТ органдары беретін азаматтық хал актілерінің дубликатын алу процедурасы толық диджиталдандырылған:

Өтініш беру жолдары: eGov.kz порталындағы "АХАТ" бөлімі арқылы электронды түрде немесе кез келген ХҚКО-ға барып өтініш беруге болады.

мемлекеттік баж: 0,5 АЕК; дайындалу мерзімі: Егер сіздің туу немесе неке туарлы деректеріңіз "АХАТ" цифрлық жүйесінде бар болса, дубликат 1-ден 3 жұмыс күніне дейінгі мерзімде дайын болады. Ал егер сіз 2008 жылға дейін туған болсаңыз және деректер цифрландырылмаған болса, мұрағаттан іздестіру қажеттілігіне байланысты процесс 15 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.

№7. Қазақстаннан тыс жерде жүргенде ҚР паспортын немесе куәлігін жоғалтып алса не істеу керек?

Шетелде жүргенде құжатсыз қалу қауіпті жағдай болып көрінгенімен, оның да нақты шешімі бар:

Полицияға хабарласу: Ең алдымен, сіз жүрген елдің жергілікті полиция бөліміне барып, құжатыңыздың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы ресми растау анықтамасын алыңыз.

Елшілікке бару: Полиция анықтамасымен және 2 дана фотосуретпен Қазақстан Республикасының сол елдегі Елшілігіне немесе Консулдығына жүгінесіз.

Уақытша құжат алу: Консулдық сіздің жеке басыңызды тексерген соң, елге қайтып оралуыңызға мүмкіндік беретін арнайы уақытша құжат – "Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік" береді. Қазақстанға аман-есен оралғаннан кейін 10 күн ішінде ХҚКО-ға барып, стандартты тәртіппен жаңа паспорт рәсімдейсіз.

№8. Жаңа пластикалық құжат дайын болғанша уақытша цифрлық куәлікті пайдалануға бола ма?

Иә, толықтай болады. Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" заңына сәйкес, электрондық құжаттар түпнұсқа қағаз/пластикалық құжаттармен заңды түрде тең құқылы.

Жаңа жеке куәлігіңіз дайындалып жатқан аралықта сіз eGov Mobile мобильді қосымшасындағы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшаларындағы "Цифрлық құжаттар" сервисін еркін пайдалана аласыз. Цифрлық куәлік арқылы:

ел ішіндегі пойыздар мен ішкі авиарейстерге билет сатып алып, ұшаққа/пойызға отыруға; ХҚКО-да басқа мемлекеттік қызметтерді алуға; екінші деңгейлі банктерде, нотариустарда және халыққа қызмет көрсету мекемелерінде жеке басыңызды растауға болады.
Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
seeПросмотров:102
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 17 Августа 2026 14:05
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Партия Адилет предложила разработать законопроект о профессиональном статусе медработников Аналитический интернет журнал Власть

30 Сентября 2026 11:41see451

Смог в крови алматинцев обнаружил фонд Almaty Air Initiative в ходе эксперимента Аналитический интернет журнал Власть

01 Октября 2026 13:09see246

У каждого места своя цена

30 Сентября 2026 20:13see161

Когда в Астане планируют запустить городские электрички

30 Сентября 2026 13:43see154

Владельца Anex Tour задержали в Турции. Отразится ли это на работе казахстанского туроператора?

30 Сентября 2026 23:46see151

Как получить паспорт в Казахстане: документы, стоимость и сроки оформления

30 Сентября 2026 15:55see146

За солдатом по пятам

30 Сентября 2026 20:44see146

Врач высказалась о вызывающих рак огурцах

30 Сентября 2026 20:51see144

Трамп назвал вывод войск из Ирака победой США

01 Октября 2026 08:17see139

Законы предложили объяснять казахстанцам простым языком

30 Сентября 2026 14:14see138

Женские вагоны и изменение порядка выплат автостраховок. Что ждет казахстанцев в октябре 2026 го?

30 Сентября 2026 13:59see137

Самолет Flydubai подал сигнал о захвате после драки пилотов СМИ

30 Сентября 2026 12:50see137

Почти миллион теңге долга по алиментам погасили в ВКО

30 Сентября 2026 17:54see136

Немецкий бизнес пользуется в нашей стране высокой репутацией . Токаев выступил на технологическом форуме в Баварии

30 Сентября 2026 23:46see134

От квадратных метров к реальной доступности. Как меняется жилищная политика Казахстана и какую роль в ней играет холдинг Байтерек

30 Сентября 2026 12:05see134

Токаев принял вице президента Siemens AG

30 Сентября 2026 17:25see132

Государству вернули земельные участки в Актюбинской области

30 Сентября 2026 19:44see128

Қырғызстанда діни тақырыпта жазатын блогерлер енді арнайы куәлік алуы тиіс

01 Октября 2026 09:23see124

Касым Жомарт Токаев выступил на международном форуме AI & Digital Bridge 2026

01 Октября 2026 21:36see124

Развитие сотрудничества обсудил глава государства с вице президентом NVIDIA

01 Октября 2026 20:27see123
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня