Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Проблемы с доступом к Kundelik не были связаны с атаками на дата центры Yandex, сообщили в компании Аналитический интернет журнал Власть

В Астане горело двухэтажное здание

Десятки двусторонних соглашений намерены подписать Казахстан и Бельгия

Снова качели : тенге укрепляется на бирже в Казахстане

Не любую семью с доходом 350 тысяч тенге на человека будут считать богатой в Казахстане

Подделка на зубок

В Польше около 24 тысяч полицейских направили к школам после серии нападений

В сквере у акимата Алматы сломали новые скамейки

Казахстанцев в Саудовской Аравии предупредили о мерах безопасности

200 тысяч тенге морального вреда за отравление выплатил хозяин ресторана в Актюбинской области

Мужчина крал тонометры в Уральске

Ерлан Карин: Обеспечение прав и интересов детей будет находиться под особым контролем

Казахстанцев просят отложить поездки в Саудовскую Аравию из за участившихся атак

Токаев посетил центр детской реабилитации вместе с королем и королевой Бельгии

Обеспеченные многодетные казахстанцы начали добровольно отказываться от социальных выплат

Десять пьяных водителей привлекли к ответственности за выходные в Актюбинской области

VietJet Air открыла маршрут Ханой Алматы Прага

Суд Жамбылской области восстановил кандидата на должность замдиректора школы

Около 8 тонн старых шин вывезли на мусорный полигон в Туркестанской области

Шенген со скидкой

Тұрғын үй депозитін қалай басқарады және оны кімдерге бөлісуге болады

Тұрғын үй депозитін қалай басқарады және оны кімдерге бөлісуге болады

Согласно сайту Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда тұрғын үй нарығы соңғы жылдары біршама бәсеңдеді. Жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер саны азайса, үй алудың мүмкіндіктері де біршама өзгерді. Олардың қатарында мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардан бөлек, тұрғын компанияларының өзіндік бағдарламалары, сондай-ақ, екінші деңгейлі банктердің жаңа ипотекалары іске қосылып жатыр. Дегенмен, нарықта тұрғын үйді несиеге алудың ең тиімді жолы – бірыңғай оператор – Отбасы банкінде депозит жинау арқылы үй алу болып қалып отыр. Бұл материалда тұрғын үй депозитін бөлісу және басқару тәртібін түсіндіреміз. 

№1. Депозитті басқаға беру дегеніміз не?

Отбасы банкінде тезірек ипотека алу үшін депозиттерді біріктіруге болады.

Мысалы, сіздің үй алу үшін ипоетка рәсімдегіңіз келеді. Алайда жеткілікті жинағыңыз жоқ және бағалау көрсеткішіңіз төмен. Мұндай жағдайда туыстарыңыздың көмегіне жүгініп, солардың депозитін өзіңіздікімен біріктіре аласыз. Осылайша бірнеше "әлсіз", бағалау көрсеткіші төмен, жинағы аз депозитті біріктіріп, бір "күшті" депозит жасауға болады. 

№2. Бұл ипотекаға қалай әсер етеді?

Біріктірілген депозиттердегі жинақтар бірігеді, оған мемлекеттік сыйақы да кіреді. Ең бастысы – банк есептелген сыйақы (ЕС) қосады. Есептелген сыйақы неғұрлым көп болса, бағалау көрсеткіші (БК) соғұрлым жоғары болады. Бағалау көрсеткіші жоғары болған сайын қолжетімді несие сомасы да арта береді.

Мысалы, есептелген сыйақысы 30 мың теңгелік депозитпен шамамен 6 млн теңгеге ипотека рәсімдеуге болады. Ал оны 50 мың теңге сыйақысы бар депозитпен біріктірсе, сыйақылар қосылып, 80 мың теңгеге жетеді. Соның арқасында 16 млн теңгеге дейін ипотека алуға мүмкіндік ашылады. 

№3. Депозитті кімге беруге болады?

Депозитті тек жақын және алыс туыстарға беруге болады. Олардың қатарында: жұбайы, ата-анасы, балалары, ағасы мен әпкесі, атасы мен әжесі, немере іні-қарындастары мен сіңлілері, жиені және бөлелері бар.  Басты шарт – туысқан екенін туу туралы, неке туралы куәліктермен растау. 

№4. Біріктірілетін депозиттерге қандай талап қойылады?

Депозитті қабылдау үшін Отбасы банкінде алушының жеке депозиті болуы керек. Оның қашан ашылғаны, ішіндегі жинағы маңызды емес. 

Алайда "берілетін" депозитте кемінде 50 АЕК, яғни 2026 жылғы есеппен 216 250 теңге болуға тиіс.

№5. Бірден бірнеше адамнан депозит қабылдауға бола ма?

Болады. Депозитті бірден бірнеше адамнан алуға және оны басқа адамға беруге болады. Мысалы: әкесі мен анасы депозиттерін ұлына берді, ұлы – әйеліне, әйелі – күйеуіне, күйеуі – ағасына. 

Соңында депозитті бірінші берген адам мен қабылдап алған құда болуы немесе алыс туысқан болуы мүмкін. Алайда депозит берілген тізбектегі адамдар бір-біріне жақын туысқан болуы керек. 

Яғни бұл – туыстар тізбегі арқылы депозитті алыс адамға жеткізудің заңды жолы.

№6. Зейнетақы қаражаты бар депозитті беруге бола ма?

Болады, бірақ бірқатар шарты бар.

Зейнетақы жинағы бар депозитті тек жақын туыстарға: жұбайына, ата-анасына, балаларына, туған аға-інілері мен әпке-қарындастарына, ата-әжелеріне беруге болады. 

Сонымен қатар бұлай тек бір рет жасауға болады. Яғни әрі қарай туыстар тізбегі арқылы бере алмайды.

№7. Кәмелетке толмаған баланың депозитін беруге бола ма?

Болады, бірақ балалардың мүлкін қорғауға бағытталған бірқатар шектеуі бар.

Жасқа байланысты ережелер:

Атына депозит ашылған бала 14 жасқа толмаса, депозитке қатысты барлық операцияны (тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шартты бұзу, депозитті біріктіру және бөлу, табыстау және бір бөлігін шешіп алу) жасау үшін қамқоршылық және қорғаншылық органдарының келісімін алу міндетті.

Ал бала 14 пен 16 жас аралығында болса, баланың жазбаша келісімі қажет. 

Кімге беруге болады, кімге болмайды:

Бала 18-ге толмаса, оның депозитін туған аға-әпкелерінің 18-ге толған балаларының, немерелес аға-әпкелерінің немесе немерелес ата-әжелерінің атына аударуға болады.

Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы кодексінің 128-бабына сәйкес, 18-ге толмаған баланың депозитін оның заңды өкілдерінің, қамқоршысының, олардың жұбайлары мен баланың жақын туыстарының атына тікелей аударуға болмайды. Яғни ата-ана баланың депозитін өз атына тікелей ала алмайды. 

№8. Қамқоршылық және қорғаншылық органдарының келісімін қалай алады?

Бұл рұқсатты онлайн алуға болады.

Ол үшін egov.kz порталына кіріп, мына жолмен өтінім беруге болады: Отбасы – Қамқорлық, қорғаншылық, қолдау – Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру.

Анықтама үш жұмыс күнінде дайын болады. 

№9. Депозит пен "Отбасылық пакеттің" айырмашылығы неде?

Бұл екі тәсіл де депозиттерді біріктіруге мүмкіндік береді, бірақ мақсаты мен жұмыс принципі бөлек.

Депозитті беруде бір адам өз депозитін толықтай басқа адамға береді. Берген адам депозитінен айрылады, ал қабылдаған адам бәрін (жинақты, есептелген сыйақыны және бағалау көрсеткішін) алады. Бұл тәсіл бір адамның атынан мол сомада ипотека рәсімдеу үшін қолданылады.

"Отбасылық пакетте" жинақтар бөлек жүреді, тек несие алар кезде ғана біріктіріп, ортақ тұрғын үй займын алуға болады. Мысалы, төрт адамнан тұратын отбасы (ата-ана және екі бала) 500 мың теңгеден депозит ашса, әрқайсысы жылына 20% мемлекеттік сыйақы алуға құқылы. Сол арқылы олардың жылдық жинағы 2,4 млн теңгеге жетуі мүмкін.

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:171
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 14 Апреля 2026 12:45
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Проблемы с доступом к Kundelik не были связаны с атаками на дата центры Yandex, сообщили в компании Аналитический интернет журнал Власть

12 Октября 2026 16:55see334

В Астане горело двухэтажное здание

12 Октября 2026 15:28see175

Десятки двусторонних соглашений намерены подписать Казахстан и Бельгия

12 Октября 2026 17:28see174

Снова качели : тенге укрепляется на бирже в Казахстане

12 Октября 2026 16:06see173

Не любую семью с доходом 350 тысяч тенге на человека будут считать богатой в Казахстане

12 Октября 2026 17:22see171

Подделка на зубок

12 Октября 2026 19:49see165

В Польше около 24 тысяч полицейских направили к школам после серии нападений

12 Октября 2026 18:29see154

В сквере у акимата Алматы сломали новые скамейки

12 Октября 2026 17:28see151

Казахстанцев в Саудовской Аравии предупредили о мерах безопасности

12 Октября 2026 20:28see145

200 тысяч тенге морального вреда за отравление выплатил хозяин ресторана в Актюбинской области

12 Октября 2026 23:14see143

Мужчина крал тонометры в Уральске

12 Октября 2026 19:12see137

Ерлан Карин: Обеспечение прав и интересов детей будет находиться под особым контролем

12 Октября 2026 20:03see136

Казахстанцев просят отложить поездки в Саудовскую Аравию из за участившихся атак

12 Октября 2026 19:53see135

Токаев посетил центр детской реабилитации вместе с королем и королевой Бельгии

12 Октября 2026 19:26see132

Обеспеченные многодетные казахстанцы начали добровольно отказываться от социальных выплат

12 Октября 2026 21:21see126

Десять пьяных водителей привлекли к ответственности за выходные в Актюбинской области

12 Октября 2026 19:49see124

VietJet Air открыла маршрут Ханой Алматы Прага

12 Октября 2026 21:21see124

Суд Жамбылской области восстановил кандидата на должность замдиректора школы

12 Октября 2026 17:52see121

Около 8 тонн старых шин вывезли на мусорный полигон в Туркестанской области

12 Октября 2026 22:35see120

Шенген со скидкой

12 Октября 2026 14:44see114
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня