Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

В Авиационной администрации Казахстана обсудили меры по защите самолетов от столкновений с птицами

Таттыгуль Талаева: развитие регионов начинается с качества жизни людей

Нападение на полицейских в Пакистане не менее 10 погибших

Токаев выступил на саммите ОДКБ

Ставки снижаются: как казахстанцу уменьшить платеж по кредиту

Halyk профинансирует строительство ветровой электростанции: соглашение подписано на COP31

Бывшая невестка устроила скандал и оказалась в суде на юге Казахстана

Школьник сообщил о терроризме в Павлодаре, его нашла полиция

От практических вопросов к системным решениям

Бота торопится на стрижку

Каждый вложенный тенге должен приносить отдачу

Отца Меган Маркл посадили в тюрьму после снятия электронного браслета в США

Акмолинка попала в поле зрения полиции из за переводов от 10 до 100 тыс. тенге

Казахстанец лишился нескольких пальцев во время работы в мебельном цехе

Казахстанка устроила скандал, а ее муж схватил девочку за руку и повел в сторону кладбища

Нарушения на 51 млрд тенге и конфликты интересов: ВАП проверила сферу науки в Казахстане

Видео с баранами, которые нарушили ПДД , привлекло внимание полиции в Караганде

Петропавловску грозит энергетический коллапс?

Госаудит выявил нарушения на 51 миллиард теңге в сфере науки Казахстана

Казахстан присоединился к международной конвенции о перевозке грузов

Хантавирус қалай жұғады және одан сақтану жолдары қандай

Хантавирус қалай жұғады және одан сақтану жолдары қандай

Как сообщает Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

MV Hondius круиз кемесіндегі жолаушылардан хантавирус анықталған соң осы вирус туралы жиі айтыла бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, кемеде Анд вирусы деп аталатын хантавирустың сирек түрі анықталған. Бұл – адамнан адамға жұғуы мүмкін жалғыз хантавирус түрі, бірақ мамандар мұндай жағдай өте сирек болатынын айтады. Қазір бірнеше елдің денсаулық сақтау органдары жолаушыларды бақылауға алып, эпидемиологиялық тексеру жүргізіп жатыр. Аурудан үш жолаушы қайтыс болған соң адамдар "COVID-19 секілді пандемия басталып кетпей ме?" деп алаңдай бастады. Алайда ДДСҰ хантавирус коронавирус инфекциясы секілді тез таралмайтынын және адамзат үшін қауіп деңгейі төмен екенін мәлімдеді

Осы орайда Информбюро порталы хантавирус деген не, ол қалай жұғады және одан қалай сақтануға болады деген сұрақтарға жауап іздеді.

№1. Хантавирус деген не?

Хантавирус – негізінен кеміргіштер арқылы тарайтын вирустар тобы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вирус адам ағзасына түскенде ауыр ауру туғызуы мүмкін. Кей жағдайда өкпе мен бүйректі зақымдайды.

Хантавирустар Bunyavirales отрядының Hantaviridae тұқымдасына жатады. Әдетте әрқайсысының белгілі бір табиғи иесі, кеміргіші болады. Хантавирустың көптеген түрі бар, бірақ адамға жұғатыны санаулы ғана. 

№2. Хантавирус қалай жұғады?

Адамға тышқан, егеуқұйрық сияқты жануарлардың зәрі, нәжісі немесе сілекейі арқылы жұғады. Вирус кеміргіш тістеп не тырнап алса да жұғуы мүмкін, бірақ бұл сирек кездеседі.

Вирус көбіне адам вирус жұқтырған кеміргіштердің бөлінділері бар шаңды жұтқанда тарайды. Мысалы:

ескі, желдетілмеген бөлмені тазалағанда; қойма, сарай, жертөлені тазалағанда; орман, ферма аумағында жұмыс істегенде; кеміргіш көп жерлерде түнегенде жұғу қаупі артады. 

Хантавирустың адамнан адамға жұғуы қиын. Алайда ДДСҰ Анд вирусы деп аталатын хантавирустың бір түрі Оңтүстік Америкада жақын әрі ұзақ байланыс кезінде адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін айтады. Бірақ мұндай жағдайлар Аргентина мен Чилиде өте сирек тіркелген.

№3. Хантавирустың қандай синдромы бар?

Хантавирус екі түрлі синдром тудырады:

хантавирустық жүрек-өкпе синдромын (HPS); бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызба (HFRS);

Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлығында, соның ішінде АҚШ-та хантавирустық жүрек-өкпе синдромын (HCPS) туғызуы мүмкін. АҚШ-та бұл синдромды тудыратын хантавирус бұғы тышқаны арқылы таралады. Әдетте белгілері жұқтырған кеміргішпен байланыстан кейін 1-8 апта аралығында байқалады. Хантавирустық өкпе синдромы өлімге әкелуі мүмкін. Тыныс алуы қиындаған адамдардың 38%-ы осы аурудан қайтыс болуы ықтимал.

Бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызба (HFRS) – негізінен Еуропа мен Азияда кездесетін хантавирустардан туындайтын, клиникалық белгілері ұқсас аурулар тобы. Алайда HFRS туғызатын хантавирустың бір түрі – Сеул вирусы бүкіл әлемде, соның ішінде АҚШ-та да кездеседі. Бүйректі зақымдайтын ауыр, кейде өлімге әкелетін ауру. Әдетте белгілері жұқтырғаннан кейін 1-2 аптада байқалады. Сирек жағдайда 8 аптаға дейін созылуы мүмкін. Аурудың ауырлығы инфекцияны тудырған вирус түріне байланысты. Хантавирустары көбіне ауыр симптом туғызады, мұнда өлім көрсеткіші 5-15% аралығында.

№4. Хантавирустың белгілері қандай?

Белгілері вирус түріне байланысты әртүрлі болады. 

 Хантавирустық жүрек-өкпе синдромының алғашқы белгілері:

әлсіздік; дене қызуы; бұлшықеттің, әсіресе сан, жамбас, арқа және кейде иық бұлшықеттерінің ауыруы.

Хантавирустық жүрек-өкпе синдромы бар науқастардың шамамен жартысында мынадай белгілер де болады:

бас ауруы; бас айналу; қалтырау; жүрек айну, құсу, іш өту және іштің ауыруы.

Аурудың бастапқы кезеңінен 4-10 күн өткен соң жөтел мен ентігу пайда болады. Өкпеге сұйықтық жиналғандықтан, науқас кеудесі қысылғандай сезінуі мүмкін.

Бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызбаның алғашқы белгілер кенеттен басталады:

қатты бас ауруы; арқа мен іштің ауыруы; қызба және қалтырау; жүрек айну; көздің бұлдырауы.

Кей адамдарда:

беттің қызаруы; көзі ісіп немесе қызаруы; бөртпе болуы мүмкін.

Кейінгі белгілер:

қан қысымының төмендеуі; қан айналымының жеткіліксіздігі (жедел шок); ішкі қан кету; жедел бүйрек жеткіліксіздігі, соның салдарынан ағзада сұйықтықтың шамадан тыс жиналуы.

№5. Хантавирусты қалай анықтайды?

Адам вирус жұқтырған соң 72 сағат өтпей  тексерілсе, хантавирусты анықтау қиын болуы мүмкін. Алғашқы тест вирус анықталмай тұрған кезде жасалса, белгілер көріне бастаған соң 72 сағат өткеннен кейін қайта жасау қажет болады.

Қызба, бас ауруы, дененің ауырсынуы, жүрек айну және әлсіздік сияқты алғашқы белгілерді тұмаумен шатастырып алу оп-оңай. 

Хантавирус жұқтырып алуым мүмкін деп күмәнданған алам дереу дәрігерге қаралып, кеміргіштермен байланыс болуы мүмкін екенін айтуы керек.

№6. Хантавирустан қалай сақтануға болады?

Хантавирустан сақтану үшін кеміргіштерден барынша оқшаулану керек. Мамандар мынадай сақтық шараларын ұсынады:

үйді және жұмыс орнын таза ұстау; үй мен гараждағы саңылаулар мен жарықтарды бітеп тастау; үйдің іші-сыртында қақпан қою; тышқан жүрген жерді сыпыра салмай арнайы құралмен тазалау; бөлмелерді желдетіп тұру; кеміргіштердің нәжісі мен ұясына қол тигізбеу; кеміргіштерді тартатын азық-түлікті ашық қалдырмау.

№7. Хантавирусқа қарсы вакцина немесе арнайы ем бар ма?

Қазір хантавирусқа қарсы тіркелген дәрі-дәрмектер немесе вакцина да, нақты вирусқа қарсы арнайы ем де жоқ. Мамандар ерте анықтап, науқасқа дер кезінде медициналық көмек көрсету маңызды дейді. 

Науқастарға демалу, сұйықтық ішу және симптомдарды бақылау сияқты қолдаушы ем көрсетіледі. Ал хантавирустық өкпе синдромы ентігу туғызуы мүмкін. Мұндай жағдайда науқасқа тыныс алуға көмектесу үшін интубация қажет болуы ықтимал. Интубация кезінде өкпеге оттегі жеткізу үшін ауыз арқылы арнайы түтік енгізіледі.

Бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызба бүйрек жұмысына әсер етуі мүмкін. Мұндай науқастарға бүйрек дұрыс жұмыс істемеген кезде қандағы токсиндерді шығару және ағзадағы сұйықтық тепе-теңдігін сақтау үшін диализ қажет болуы мүмкін.

№8. Хантавирустан өлім-жітім деңгейі қандай?

Әлемде хантавирус инфекциялары басқалармен салыстырмалы түрде сирек кездеседі. Дегенмен, Азия мен Еуропада өлім-жітім деңгейі 1%-дан 15%-ға дейін, ал Америкада 50%-ға дейін жетеді. Әлемде сырқаттанушылық көрсеткіші жылына 10 000-нан 100 000 адамға дейін деп бағаланады. Инфекцияның ең жоғары жүктемесі Азия мен Еуропада кездеседі.

Шығыс Азияда, әсіресе Қытай мен Корея Республикасында, HFRS сырқаттану көрсеткіші кейінгі онжылдықтарда төмендеді, бірақ әлі де жыл сайын мыңдаған жағдайлар кездеседі.

Еуропада жыл сайын бірнеше мың жағдай тіркеледі. Америкаға тән HCVS әлдеқайда сирек кездеседі. АҚШ-та 1000-нан аз жағдай тіркелген. Аргентина, Бразилия, Чили және Парагвай секілді Оңтүстік Америка елдерінде жыл сайын аз ғана жағдайлар тіркеледі. Сырқаттану деңгейінің төмендігіне қарамастан, өлім-жітім көрсеткіші жоғары (20%-дан 40%-ға дейін). 

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:115
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 13 Мая 2026 11:51
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

В Авиационной администрации Казахстана обсудили меры по защите самолетов от столкновений с птицами

11 Ноября 2026 20:12see186

Таттыгуль Талаева: развитие регионов начинается с качества жизни людей

11 Ноября 2026 10:56see162

Нападение на полицейских в Пакистане не менее 10 погибших

11 Ноября 2026 17:23see153

Токаев выступил на саммите ОДКБ

11 Ноября 2026 20:54see152

Ставки снижаются: как казахстанцу уменьшить платеж по кредиту

11 Ноября 2026 16:48see149

Halyk профинансирует строительство ветровой электростанции: соглашение подписано на COP31

11 Ноября 2026 18:37see147

Бывшая невестка устроила скандал и оказалась в суде на юге Казахстана

11 Ноября 2026 17:31see147

Школьник сообщил о терроризме в Павлодаре, его нашла полиция

11 Ноября 2026 19:50see143

От практических вопросов к системным решениям

12 Ноября 2026 01:11see137

Бота торопится на стрижку

12 Ноября 2026 02:31see131

Каждый вложенный тенге должен приносить отдачу

12 Ноября 2026 01:47see127

Отца Меган Маркл посадили в тюрьму после снятия электронного браслета в США

11 Ноября 2026 11:26see126

Акмолинка попала в поле зрения полиции из за переводов от 10 до 100 тыс. тенге

11 Ноября 2026 17:09see125

Казахстанец лишился нескольких пальцев во время работы в мебельном цехе

12 Ноября 2026 08:47see125

Казахстанка устроила скандал, а ее муж схватил девочку за руку и повел в сторону кладбища

11 Ноября 2026 14:12see124

Нарушения на 51 млрд тенге и конфликты интересов: ВАП проверила сферу науки в Казахстане

11 Ноября 2026 11:11see123

Видео с баранами, которые нарушили ПДД , привлекло внимание полиции в Караганде

12 Ноября 2026 08:22see122

Петропавловску грозит энергетический коллапс?

12 Ноября 2026 03:58see122

Госаудит выявил нарушения на 51 миллиард теңге в сфере науки Казахстана

11 Ноября 2026 11:37see121

Казахстан присоединился к международной конвенции о перевозке грузов

11 Ноября 2026 12:49see119
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня