Көлікті сатқанда мемлекеттік нөмірді ХҚКО да енді бір ай ғана тегін сақтауға болады
Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, передает.
Ішкі істер министрлігі көлікті тіркеу ережесіне түзету енгізіп, оны 2026 жылы қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр. Оған сәйкес, көлікті тіркеу, қайта тіркеу, мемлекеттік нөмірді сақтау және өзге де шарттар өзгереді. Бұл туралы Kolesa.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Жоспарланып отырған түзетулерге сәйкес, енді көлікке алынған "vip" нөмірді Қазақстанның басқа өңіріне көшкен кезде де сақтап қалуға болады. Мәселен, Алматыда "02" кодты нөмірмен жүрген көлік иесі Астанаға көшкен жағдайда дәл сол мемлекеттік нөмірді "01" кодына ауыстырып ала алады.
Сондай-ақ, енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында "vip" мемлекеттік нөмірлер тұратын сөре болмайды. Көлік жүргізушілер нөмір тізімін тек электрондық үкімет порталында ғана көре алады.
Ережедегі тағы бір өзгеріс бойынша, Халыққа қызмет көрсету орталықтары енді мемлекеттік нөмірді бір ай ғана сақтайды. Қолданыстағы мерзім жарты жылды құрайды. Яғни, көлік иесі көлігін сатып, келесі көлігін алғанша дейін нөмірді Халыққа қызмет көрсету орталығында сақтағысы келсе, мұндай қызмет бір ай тегін көрсетіледі. Егер сақтау уақыты бұл мерзімнен асатын болса, нөмір иесі оны қайта жасату үшін 2,8 АЕК мөлшерінде ақы төлеуі тиіс.
Сондай-ақ, көлік иелері "әдемі" нөмірін жақын туыстарына бере алады. Бұл үшін арнайы өтініш жазып, туыстықты растайтын құжатты ұсыну қажет болады.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:82
Эта новость заархивирована с источника 19 Ноября 2025 10:07 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















