"Түстеріңде ғана көресіңдер". Қырғыз президенті мемлекеттік төңкеріс жасағысы келетіндерге азу тісін көрсетті
Как сообщает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елде жағдайды тұрақсыздандыруға және билікті ауыстыруға ешқандай негіз жоқ екенін айтып, халыққа үндеуін жариялады.
Оның айтуынша, ел ішінде әлеуметтік мәселелерді ушықтыру арқылы мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет етіп жатқан жекелеген топтар бар. Олардың арасында бұрын коррупциямен қолға түскен және көлеңкелі кәсібінен айырылып қалған адамдар бар.
"Қысқасы, жеке мүддесі үшін ренжігендер, ызасын іште жинап жүргендер десек болады. Оларға айтарым енді көтерілісті тек түстеріңде көресіңдер. Көтерілісті пайдаланып қарақшылық, тонаушылық әрекеттер жасап бір лауазымды иелену арқылы байып кету деген болмайды, оны да түстеріңде ғана көресіңдер", – деді Садыр Жапаров.
Оның сөзінше, Қырғызстанда қазір көтеріліске негіз жоқ.
"Көтеріліске негіз болатын себеп жоқ. Қырғызстан қазір әлсіз емес мықты мемлекет. Оған қоса, халықтың өзі кімдерді қуып тастау, ал кімдер билікте отыруы керек екенін жақсы түсініп отыр", – деп түйіндеді Садыр Жапаров.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:90
Эта новость заархивирована с источника 10 Ноября 2025 10:52 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















