Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Оператор Кашагана должен выплатить штраф в 2,3 трлн тенге до 20 июля Минюст Аналитический интернет журнал Власть

Токаев принял зампредседателя руководителя Секретариата Қазақстан Халық Кеңесі

Нужно время в реальном мире . Еврокомиссия намерена ограничить доступ детей к соцсетям

В Минсельхозе не видят роста цен на говядину в Казахстане

Погибли четверо: виновного в смертельном ДТП на трассе Актау Бейнеу отправят в колонию

Упрощенный порядок взыскания штрафов и налогов расширят в Казахстане

Власти Южной Кореи намерены снизить возраст уголовной ответственности до 13 лет

Без потерь и дефицита

В ЦИКе подвели итоги выдвижения кандидатов в депутаты Курултая

Жительница Конаева заявила об убийстве 19 кошек прямо в её квартире: что ответили в акимате и полиции

От каких продуктов лучше отказаться в жару специалист

Легенда на плато

Мясо сайгаков предложили использовать для питания вахтовиков из за падения спроса

Осторожно, цифровой обман

Проводятся обучающие семинары

Костры под запретом

Будет ли государство сдерживать рост цен на жильё, ответили в Минпроме Казахстана

Самрук Казына выкупил долю в Казахтелекоме у владельца Казахмыса

24 медали из Мадрида

Бектенов поручил в течение месяца регионам определить конкретные точки роста торговли

"Діннен мемлекеттік билікке". Иранды 37 жыл бойы билеген Аятолла Әли Хаменеи қандай көсем болды

"Діннен мемлекеттік билікке". Иранды 37 жыл бойы билеген Аятолла Әли Хаменеи қандай көсем болды

По материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

28 ақпан күні АҚШ пен Израильдің бірлескен Epic Fury операциясында Иранның жоғары көсемі 86 жастағы Аятолла Әли Хосейни Хаменеи мерт болды. Иран мемлекеттік БАҚ-тары оның қайтыс болғанын растап, 40 күндік ұлттық аза жариялады. Осымен 37 жылға созылған билік аяқталды. 

Аятолла Әли Хаменеи кім? Аятолла Әли Хаменеи 2026 жылғы 17 ақпанда Тегеранда кездесуде сөйлеп тұр. Фото: Reuters

Wikipedia деректері бойынша, Хаменеи 1939 жылдың 19 сәуірінде Иранның Мешхед қаласында дүниеге келген. Әкесі Сейед Джавад Хоссейн Хаменеи – әзербайжан текті діни ғалым, дәстүршіл бағыттағы дін қызметкері болған. Ол дін мен саясаттың араласуына қарсы көзқарас ұстанған. 

Хаменеидің балалық шағы Иранда Пехлеви әулеті билік еткен кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл әулет елді жаңғырту және батыс үлгісіне жақындату саясатын ұстанып, соның аясында дінбасылардың қоғамдық-саяси ықпалын шектеуге тырысып, кей жағдайда тіпті қудалады.

Ал Әли Хаменеи болса, жастайынан дін ғылымын меңгерген. 1958 жылы Құм қаласына қоныс аударып,  Аятолла Хомейнидің дәрістеріне қатысты. 1963 жылы 24 жасында саяси қызметі үшін алғаш рет қамауға алынды. Одан кейін де Шах Мұхаммед Реза Пехлевидің режиміне қарсы белсенді болғаны үшін бірнеше рет тұтқынға алынған.

1979 жылғы революциядан кейін шах билігі құлатылып, Иранда діни қағидаттарға негізделген теократиялық басқару жүйесі орнықты. Жаңа тәртіп аясында қоғамдық өмірге қатысты бірқатар нормалар енгізіліп, әйелдерге хиджаб кию міндеттелді, алкоголь өнімдеріне тыйым салынды.

CBC News-тың жазуынша, осы сәттен бастап Хаменеи Иран ислам республикасында бірнеше лауазым атқарды. Ислам революциясы сақшылары корпусының құрылу процесіне қатысып, кейін қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ Иран парламенті Меджлис депутаты болды. 

Шешендік қабілетіне байланысты оны Рухолла Хомейни Тегеранда жұма намазының жетекшісі қылып та тағайындады.

Президенттен – жоғары көсемге

Ал 1981 жылы Хомейнидің қолдауымен президенттік сайлауда жеңіске жетіп, 1989 жылға дейін бұл қызметті атқарған алғашқы дін қызметкері болды. 

Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи жұма намазы кезінде көпшілікке қол көтеріп сәлем беріп тұр. Тегеран, 1989 жылғы 17 шілде. Фото: Fatih Saribas, Reuters

Хаменейдің жоғары көсем болуы үшін ел конституцисына өзгеріс енгізілді. Сол кездегі конституция бойынша жоғары көсемде "Гранд аятолла" дәрежесі болуы керек. Ал Хаменеи сол кезде тек "хожат-аль-ислам" деген орта дәрежелі дін қызметкері болатын. 

1989 жылғы жоғары көсем сайлауында Хаменеиді жақтап 60 адам дауыс беріп, тек 14 адам ғана қарсы болған. Хаменейдің өзі өз кандидатурасына қарсылық білдіріп, діни тұрғыдан лайықты еместігін мойындаған. Бұл қызмет Иран Конституциясы бойынша елдегі ең жоғары билік саналады.

Жоғарғы көшбасшы:

Қарулы күштердің бас қолбасшысы; Сот жүйесінің, мемлекеттік телеарнаның басшыларын тағайындайды; Қорғаныс және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды; Президент пен парламент қабылдаған кей шешімдерге ықпал ете алады.

Britannica жазуынша, Хаменеи ресми діни беделі Хомейнімен салыстырғанда төмен болғандықтан, Ислам революциялық гвардиясымен (КСИР) тығыз одақ арқылы билігін нығайтқан.

Сыртқы саясаттағы беделі

Newsweek-тің жазуынша, 2002 жылы жасырын Натанз уран байыту нысанының ашылуынан кейін Хаменеи бүкіл ядролық мәселенің орталық тұлғасына айналды. 2015 жылы Батыспен ядролық мәміле жасалды, бірақ АҚШ 2018 жылы одан шығып кетті. Кейін Хаменеи ядролық қаруға тыйым салатын пәтуа шығарса да, Батыс елдері Иранды құпия түрде қару жасап жатыр деп айыптайды.

Сондай-ақ Хаменеи Ливандағы Хезболлах, Газадағы ХАМАС, Йемендегі хусилер мен Ирак-Сириядағы жасақтарды біріктірген "Қарсылық осін" дамытты. Бұл желі Иранға шекарасынан тыс аймақтық ықпал жүргізуге мүмкіндік берді.

EBSCO Research-тің жазуынша, Хаменеи тұсында бірнеше рет ірі толқулар болды: 2009 жылғы "Жасыл қозғалыс", 2019-2020 жылдардағы наразылықтар және 2022 жылы Маша Әмінидің қайтыс болуынан туындаған кең ауқымды көтеріліс ел іргесін шайқауға шақ қалды. Әр жолда ол қауіпсіздік күштерін іске қосты.

2023 жылдың 7 қазанынан кейін жағдай күрт өзгерді. Израиль Ливанға соққы жасады, Хезболланың бас командирі Насрулла өлтіріліп, "Қарсылық осі" ауыр шығынға ұшырады. 2024 жылдың соңында Сирияда Асад режимінің құлауы Иранның аймақтық беделіне қатты әсер етті. 2025 жылдың маусымында Израиль мен АҚШ Иранның ядролық нысандарына тікелей соққы жасады. 2025 жылдың соңында Иранда  экономикалық дағдарыс болып, риалдың құнсыздануынан жаппай көтеріліс болып, бірнеше мың адам қаза тапты. Елде интернет толық дерлік өшірілді.

2026 жылдың 28 ақпанында арнайы операция басталып, Израильдің шамамен 200 ұшағы Ирандағы 500-дей нысанға соққы жасады. Үш жоғарғы лауазымды тұлғаның жиналысы бір мезгілде нысанаға алынды.

1 наурызда Иран астанасы Тегеран қаласында әуе соққылары немесе жарылыстардан кейін. Фото: Vahid Salemi, AP Photo

 Сол күні АҚШ президенті Дональд Трамп Хаменейдің қайтыс болғанын Truth Social желісінде жариялады.

"Бұл – Иран халқы үшін өз елін қайтарып алуға берілген ең үлкен мүмкіндік", – деп жазды ол. 

Иранның сыртқы істер министрі Аражчи бастапқыда мұны теріске шығарды, бірақ Al Jazeera-ның жазуынша иран мемлекеттік телеарнасы кейіннен өлімді ресми растап, 40 күндік аза тұту жариялады. Осы хабар тараған соң Иран халқы екі түрлі реакция берді. The guardian бір топ алаңға шығып, режимнің құлағанына қуанса, екінші топ аза тұтқанын жазды. 

Аятолла Әли Хаменеи қаза болғаннан кейін алаңға аза тұтуға шыққандар. Фото: Reuters Енді не болады?

Israel Hayom-ның жазуынша, елде конституция бойынша 2026 жылдың 1 наурызында үш адамнан тұратын уақытша басқару кеңесі құрылған. Олар: президент Масуд Пезешкиан, бас судья Голям-Хосейн Мохсени-Эджеи және Сарапшылар жиналысының өкілі. CNBC иран жоғары қауіпсіздік шенеунігі Али Ларижанидің  сепаратистік топтар әрекетке көшсе, қатаң жауап беретінін ескерткенін жазды.

Қазіргі уақытта ықтимал мұрагерлер қатарында Хаменеидің ұлы Моджтаба есімі жиі аталады. Алайда Иранның саяси-құқықтық жүйесінде биліктің әкеден балаға ресми түрде берілу тәжірибесі қалыптаспаған, сондықтан мұндай сценарий қоғам ішінде және діни-саяси элита арасында пікірталас туындатуы мүмкін деген бағалаулар бар.

Моджтабадан өзге, Хаменеидің тағы бес баласы бар екені белгілі.

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
seeПросмотров:123
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 02 Марта 2026 10:36
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Оператор Кашагана должен выплатить штраф в 2,3 трлн тенге до 20 июля Минюст Аналитический интернет журнал Власть

14 Июля 2026 15:33see184

Токаев принял зампредседателя руководителя Секретариата Қазақстан Халық Кеңесі

14 Июля 2026 17:44see136

Нужно время в реальном мире . Еврокомиссия намерена ограничить доступ детей к соцсетям

14 Июля 2026 04:32see134

В Минсельхозе не видят роста цен на говядину в Казахстане

14 Июля 2026 13:25see134

Погибли четверо: виновного в смертельном ДТП на трассе Актау Бейнеу отправят в колонию

14 Июля 2026 18:33see133

Упрощенный порядок взыскания штрафов и налогов расширят в Казахстане

14 Июля 2026 18:15see133

Власти Южной Кореи намерены снизить возраст уголовной ответственности до 13 лет

14 Июля 2026 16:20see131

Без потерь и дефицита

14 Июля 2026 14:40see130

В ЦИКе подвели итоги выдвижения кандидатов в депутаты Курултая

14 Июля 2026 16:31see130

Жительница Конаева заявила об убийстве 19 кошек прямо в её квартире: что ответили в акимате и полиции

15 Июля 2026 17:33see129

От каких продуктов лучше отказаться в жару специалист

14 Июля 2026 22:46see125

Легенда на плато

14 Июля 2026 13:59see124

Мясо сайгаков предложили использовать для питания вахтовиков из за падения спроса

14 Июля 2026 15:29see124

Осторожно, цифровой обман

15 Июля 2026 13:10see123

Проводятся обучающие семинары

15 Июля 2026 00:31see122

Костры под запретом

14 Июля 2026 14:33see122

Будет ли государство сдерживать рост цен на жильё, ответили в Минпроме Казахстана

14 Июля 2026 16:47see121

Самрук Казына выкупил долю в Казахтелекоме у владельца Казахмыса

15 Июля 2026 18:47see120

24 медали из Мадрида

15 Июля 2026 01:43see119

Бектенов поручил в течение месяца регионам определить конкретные точки роста торговли

14 Июля 2026 14:08see119
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня