Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатынан жаһандық экономикаға қанша пайда түседі
Как передает Qazaq24.com, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.
2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионаты жаһандық экономикаға айтарлықтай серпін бермек. FIFA сарапшыларының бағалауынша, турнирдің жалпы экономикалық әсері 80 миллиард доллардан асады.
Халықаралық футбол федерациясы мен Дүниежүзілік сауда ұйымының бірлескен есебіне сәйкес, турнир туризм, бөлшек сауда, көлік және қызмет көрсету секілді көптеген салалардың дамуына ықпал етеді.
Әлем чемпионаты 2026 жылдың 11 маусымында Мехикодағы «Ацтека» стадионында басталып, АҚШ, Канада және Мексиканың 16 қаласында өтеді. Биылғы дода алғаш рет кеңейтілген форматта ұйымдастырылып, 48 құрама 104 матчта бақ сынайды.
Турнирді көруге әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 6,5 миллион жанкүйер келеді деп күтілуде. Олардың жалпы шығыны 13,9 миллиард долларға жетуі мүмкін. Нәтижесінде, әлемдік жалпы өнімге қосылатын үлес 40,9 миллиард долларды құрайды. Сонымен қатар, 824 мың тұрақты жұмыс орны ашылады деп болжануда.
Бір айға созылатын чемпионат Ванкувер, Торонто, Мехико, Гвадалахара, Монтеррей, Атланта, Бостон, Даллас, Хьюстон, Канзас-Сити, Лос-Анджелес, Майами, Нью-Йорк – Нью-Джерси, Филадельфия, Сиэтл және Сан-Франциско қалаларында өтеді. Финалдық матч 19 шілдеде Нью-Джерсиде ұйымдастырылады.
Сарапшылардың айтуынша, чемпионатты 11 қаласы қабылдайтын АҚШ негізгі экономикалық үлесті иеленбек. Ел экономикасына 17,2 миллиард доллар түсіп, 185 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, шамамен 1,24 миллион шетелдік турист келеді деген болжам бар. Олардың 60 пайызы – бұл турнир үшін алғаш рет сапар шегетіндер.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:94
Эта новость заархивирована с источника 13 Апреля 2026 17:17 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















