Ғалымдар аса қауіпті ми ісігін емдеудің қарапайым жолын тапты
Qazaq24.com передает, что по данным сайта Informburo.KZ.
Ғалымдар ми ісігінің ең қауіпті түрлерінің бірі – глиобластомаға қарсы қарапайым тағамдық қоспалардың үйлесімі үміт күттіретін нәтиже көрсеткенін хабарлады. BJC Reports ғылыми журналында жарияланған пилоттық зерттеуге сәйкес, операцияға дейін ресвератрол мен мыс қабылдаған науқастардың ісік тінінде қатерлі ісіктің өсуін баяулатумен байланысты айқын молекулалық өзгерістер анықталған.
Зерттеу Үндістандағы Tata Memorial Hospital онкологиялық орталығында жүргізілді. Глиобластома диагнозы қойылған он науқасқа ісікті хирургиялық жолмен алып тастаудан шамамен екі апта бұрын ресвератрол мен мыс қосылған таблеткалар берілген. Кейін олардың ісік тіндерінің үлгілері тағамдық қоспалар қабылдамаған бақылау тобымен салыстырылған.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар егде жаста мидың жұмысын жақсартудың оңай жолын тапты
Нәтижесінде қоспаларды қабылдаған науқастарда ісіктің өсуімен тікелей байланысты негізгі ақуыз деңгейі шамамен 30 пайызға төмендегені анықталды. Сонымен қатар, ағзаның ісікке қарсы иммундық жауабын тежейтін молекулалық маркерлердің көрсеткіші 40 пайыздан астам азайған.
Зерттеушілер бұл нәтижелер глиобластоманы емдеудің жаңа, қолжетімді және салыстырмалы түрде қауіпсіз тәсілдерін дамытуға жол ашуы мүмкін екенін атап өтеді. Алайда мамандар мұндай қоспаларды кеңінен қолдану үшін ауқымды клиникалық зерттеулер қажет екенін де ескертеді.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:82
Эта новость заархивирована с источника 22 Декабря 2025 09:55 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















