Мәдениет пен тарихтың Ата Заңда берік құндылық ретінде бекітілуі ерекше маңызды Аида Балаева
По данным сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева театр өнерінің барлық өкілдерін Дүниежүзілік театр күнімен құттықтады.
"Театр – тәрбие алаңы, талғамды қалыптастыратын, ой мен сезімді тербететін, қоғамға өзін және өз дәуірін тереңірек тануға мүмкіндік беретін бірегей өнер кеңістігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, театрлардың дамуы – кез келген елдің мәдени деңгейінің маңызды көрсеткіші. Бүгінде Қазақстанда театр өнеріне деген қызығушылықтың артып келе жатқаны анық байқалады. Көрермен сұранысы да барған сайын мазмұнды әрі талапшыл сипатқа ие болуда. Әсіресе, сахна өнеріне құштар жандардың арасында жастардың көп болуы көңілге ерекше қуаныш ұялатады", – деді Аида Балаева.
Мәдениет министрінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, олардың 57-сі – мемлекеттік театр. Тек 2025 жылдың өзінде мемлекеттік театрларда 410 премьера сахналанып, 539 гастрольдік сапар ұйымдастырылды. Былтыр көрермендер саны 2,8 миллионнан асты.
2026 жылдың алғашқы тоқсанында республикалық театрлар 170 мыңнан астам көрерменге қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіштер театрдың елімізде сұранысқа ие, өміршең әрі халыққа жақын өнер екенінің айқын дәлелі.
"Мәдениет пен тарих мәселелерінің елдің Ата Заңында берік құндылық ретінде бекітілуі де ерекше маңызға ие. Жаңа Халықтық Конституцияда мемлекеттің қызметінің іргелі қағидаттарының қатарында ұлттық мәдениетті қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау міндеттері айқын көрініс тапқан. Бұл Қазақстан үшін мәдениет қосалқы сала емес, қоғамдық дамудың және ұлттық бірегейліктің негізгі тіректерінің бірі екенін көрсететін маңызды бағдар. Сонымен қатар Конституцияда тарихи-мәдени мұраға ұқыпты қарау, тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтау әр азаматтың міндеті ретінде бекітілген. Бүгінде қазақстандық театрлар жаңа қойылымдарымен көрерменді қуанта отырып, халықаралық сахналарда ел абыройын асқақтатып келеді. Олар түрлі фестивальдерге қатысып, жоғары бағаларға ие болып, мәдени байланыстарды кеңейтуге өз үлесін қосуда", – деді мәдениет және ақпарат министрі.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:26
Эта новость заархивирована с источника 27 Марта 2026 12:05 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















