Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

В Бразилии в первом туре президентских выборов лидирует Болсонару младший Аналитический интернет журнал Власть

Производитель спецодежды с российскими корнями запустил производство обуви в Семее

Двум судьям вынесли приговор за взятки в Кызылординской области

Водителя, который сбил двух детей и скрылся, задержали в Алматинской области

Проезд в автобусах Астаны хотят повысить до 150 тенге

Коммунальные службы Алматы готовятся к сильному дождю

Реальный срок назначили иностранцам, которые во время рыбалки на Каспии незаконно пересекли границу

Банки и страховщики повышают эффективность с ИИ, но решения остаются за человеком

Как правильно ухаживать за кожей осенью

Врезался в открытый люк: житель Костаная отсудил у акимата 300 тысяч теңге

Две женщины спровоцировали массовую драку в Алматы

Возбуждено 13 уголовных дел, касающихся нарушений в Минобороне Аналитический интернет журнал Власть

Увидим предложения до конца месяца . Зампред Нацбанка о валютных депозитах с повышенной ставкой

Пилот flydubai планировал направить самолет в аэропорт

В Казахстане за неделю полицейские пресекли 201 факт пьяного вождения

Из за судебных тяжб. Более 500 квартир в очередной раз остались без света в Алматы

Общество само не приемлет нарушений . Сколько преступлений раскрыла полиция по сообщениям казахстанцев

Украина завила, что вывела из строя более половины нефтеперерабатывающих мощностей России Аналитический интернет журнал Власть

Вымогательство и стрельба. Полиция возбудила уголовное дело в отношении главы ЦОНа в Жамбылской области

Экс сотрудника Правительства для граждан осудили за незаконную добычу золота в ВКО

Николас Мадуро тұтқында, елде төтенше жағдай. Венесуэланы алда не күтіп тұр?

Николас Мадуро тұтқында, елде төтенше жағдай. Венесуэланы алда не күтіп тұр?

Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ, информирует.

АҚШ Венесуэлаға шабуыл жасап, оның президенті Николас Мадуроны қолға түсірді. Кейінірек Нью-Йоркте Мадуро мен бірінші ханым Силия Флореске қару-жарақ пен есірткіге қатысты қылмыс бойынша айып тағылды. АҚШ перезиденті Дональд Трамп билік "тиісті түрде" берілмейінше елді "басқаруға" уәде берді. Informburo.kz болған оқиғаға шолу жасады. 

Венесуэлада не болды?

3 қаңтар күні ел астанасы Каракастың оңтүстігінде орналасқан әскери база маңында жарылыстар болған. Соның салдарынан қаладағы кейбір аудандар жарықсыз қалған. Осыған байланысты Венесуэла президенті Николас Мадуро елде төтенше жағдай жариялады. 

Каракастағы шабуыл көрінісі. Фото: AFP/Getty

Ал жергілікті уақыт бойынша сағат 02:01-де америкалық әскерилер Каракастағы Николас Мадуроның үйіне басып кірді. АҚШ президентінің айтуынша, Мадуро болат бункерге кіруге тырысқан, бірақ есігін жауып үлгермеген. 

Николас Мадуроның орналасқан жерін анықтауға Венесуэла үкіметіндегі Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) дереккөзі көмектескен. Ал оны ұстауға АҚШ армиясының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жоғары деңгейлі "Дельта Форс" бөлімшесі жұмылдырылған. Әскерилер Мадуро мен әйелін Бруклиндегі федералдық мекеме – астаналық тергеу изоляторына апарды. 

Кейінірек Трамп Truth Social платформасында "Николас Мадуро USS Iwo Jima линкорының бортында" деген жазуы бар фотосуретті жариялады. Мадуро мен жұбайы 5 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 12:00-де сот алдына шығады. 

Дональд Трамптың мәлімдеуінше, опреация кезінде бірде-бір америкалық әскери қызметкер қаза таппағанын және жараланғандардың аз болған. Ал Венесуэланың қорғаныс министрі Владимир Падрино мемлекеттік телеарнада жасаған мәлімдемесінде Мадуроның қауіпсіздік қызметкерлерінің елеулі бөлігі, сондай-ақ сарбаздар мен бейбіт тұрғындар қаза тапқанын хабарлады.

BBC деректеріне сүйенсек, Каракастың бес нүктесіне шабуыл жасалған:

Генералиссимус Франсиско де Миранда авиабазасы; Фуэрте Тиуна әскери нысаны; Каракасты Кариб теңізімен байланыстыратын Ла-Гуайра порты; Каракастың шығысында орналасқан Игуэроте әуежайы; Антенас Эль Вулкан телекоммуникациялық мұнаралары.

Reuters-тің жазуынша, қазір Венесуэлада вице-президенті Дельси Родригес уақытша президент болып отыр. Ол Мадуроны босатуды талап етіп, оны "жалғыз президент" деп атады. 

Дельси Родригес. Фото: AFP

Ал Венесуэла үкіметі шабуылды "Венесуэланың стратегиялық ресурстарын, атап айтқанда мұнай мен пайдалы қазбаларды" басып алу және "елдің саяси тәуелсіздігін күшпен жою" әрекеті деп бағалады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Atlantic басылымына берген сұхбатында Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригес АҚШ-пен ынтымақтастықтан бас тартса, өте қымбат құн төлейтінін мәлімдеді.

"Тіпті ол Мадуроның жағдайынан да ауыр болуы мүмкін", – деді Дональд Трамп.

Алда не күтіп тұр?

Америкалық ресми тұлғалар Венесуэлаға әрі қарай әскери араласуды жоспарламағанын айтқанымен, Трамп онда америкалық әскерлерді орналастыру туралы сұраққа "Біз онда солдаттардың пайда болуынан қорықпаймыз" деп жауап берді.

Мадуроның жақтастары наразылық ретінде АҚШ туын өртеді. Фото: AFP

Трамп сондай-ақ инфрақұрылымды жөндеу және "елге пайда әкеле бастау" үшін америкалық мұнай компанияларының баратынын мәлімдеді. Сонымен қатар жер қойнауынан өндірілетін байлықтың Венесуэла мен АҚШ халқына бұйыратынын жеткізді. Сондай-ақ ол АҚШ-тың басқа елдерге мұнай сататынын мәлімдеді.

Венесуэла дәлелденген мұнай қоры бойынша әлемде бірінші орында, бірақ бұл "ауыр" мұнай деп аталады. Оны өңдеу қиынырақ, бірақ дизель отыны мен асфальт өндіруге жарамды. Алл АҚШ әдетте бензин өндіруге қолданылатын "жеңіл" мұнай өндіреді.

Мадуро неге тұтқындалды?

АҚШ Бас прокуроры Пэм Бонди Мадуро мен оның әйеліне есірткі терроризмін жасауға сөз байласу және кокаин тасымалдау, пулеметтер мен жарылғыш құрылғыларды сақтау, сондай-ақ АҚШ-қа қарсы пулеметтер мен жарылғыш құрылғыларды сақтауға сөз байласу бойынша айыптар тағылғанын мәлімдеді.

Николас Мадуро орталықшыл-солшыл президент Уго Чавестің басшылығы тұсында танымал болып, 2013 жылы оның орнына президент болды.

Мадуро АҚШ-қа жүз мыңдаған венесуэлалық мигранттардың келуіне және елге есірткінің, атап айтқанда фентанил мен кокаиннің тасымалдануына байланысты Трамппен текетіресте болды.

Николас Мадуро мен әйелі Силия Флорес. Фото: Reuters

Алайда, есірткіге қарсы күрес сарапшылары Венесуэла негізінен басқа елдерде өндірілген есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдаушы ел ретінде әрекет ететінін, ал фентанил негізінен Мексикада өндіріліп, АҚШ-қа әдетте ортақ құрлық шекарасы арқылы кіретінін айтады.

Трамп венесуэлалық екі есірткі тобын – Tren de Aragua және Cartel de los Soles ұйымдарын шетелдік террористік ұйымдар тізіміне енгізіп, соңғысын Николас Мадуро басқаратынын мәлімдеді.

Мадуро болса картель басшысы екенін үзілді-кесілді жоққа шығарып, АҚШ "есірткіге қарсы соғысын" оны тақтан тайдыру және Венесуэла мұнайын иемдену әрекетіне сылтау ретінде пайдаланып отыр деп айыптады.

Соңғы айларда америкалық әскерилер есірткі контрабандасына қатысты деген кемелерге жиырмадан астам соққы жасаған, нәтижесінде 100-ден астам адам қаза тапқан.

Әлем қалай қабылдады?

Соққылар туралы алғашқы хабарламаларға Венесуэланың ескі одақтастары өте өткір реакция білдірді.

Ресей Венесуэлаға қарсы жасалған "қарулы агрессия актісіне" алаңдаушылық білдіріп, оны қатаң айыптады. Сондай-ақ Мәскеу АҚШ басшылығын ұстанымын қайта қарап, егемен мемлекеттің заңды түрде сайланған президенті мен оның жұбайын босатуға шақырды.

"Қытай АҚШ-тың егемен мемлекетке қарсы күш қолдануын және оның президентіне қатысты әрекеттерін терең күйзеліспен қабылдап, батыл түрде айыптайды", – деп мәлімдеді Қытай Сыртқы істер министрлігі. Қытайдың пікірінше, Вашингтонның әрекеттері "халықаралық құқықты және Венесуэланың егемендігін бұзады, сондай-ақ Латын Америкасындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіреді".

Куба мен Иран да АҚШ-тың әрекеттерін айыптады. Маусым айында америкалық бомбалауға ұшыраған Тегеран бұл шабуылды Венесуэланың "ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын өрескел бұзу" деп атап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін араласуға шақырды. Венесуэланың жақын одақтасы Куба "батыр венесуэла халықына қарсы жасалған мемлекеттік терроризмді" айыптады. Сонымен қатар Куба операция кезінде 32 куба азаматы қаза тапқанын айтып, 5 және 6 қаңтар күнін аза тұту күні деп жариялады.  

Бұған дейін Трамп есірткі саудасына байланысты әскери күш қолданамын деп қоқан-лоқы жасаған Мексика да АҚШ-тың Венесуэладағы әскери әрекеттерін қатаң сынға алып, олардың "аймақтық тұрақтылықты елеулі түрде шайқалтатынын" мәлімдеді.

Венесуэламен шекаралас Колумбия президенті Густаво Петро АҚШ-тың әрекеттерін Латын Америкасының егемендігіне "қол сұғу" деп атап, бұл гуманитарлық дағдарысқа әкелетінін ескертті.

Саясаттанушылар не дейді?

Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың жазуынша, Николас Мадуро мен Дональд Трамп арасындағы текетірес 2019 жылы Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде басталған. Ол кезде Трамп оппозиция өкілі Хуан Гуайдоны қолдады. Мадуро екінші мерзімге инаугурацияланғаннан кейін Гуайдо өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялаған еді. Алайда сол жолы да Мадуро билікті сақтап қалды. 2024 жылы іс жүзінде оппозициялық кандидат Эдмундо Гонсалес жеңіске жеткенімен, қамауға алу қаупіне байланысты елден кетуге мәжбүр болды. Яғни, қақтығыс көптен бері пісіп-жетілген.

"Трамп үшін кем түспейтін тағы бір маңызды мақсат – геосаяси мүдде болды. Оған тек "шағын жеңісті соғыс" қажет болған жоқ, мұндай әдісті одан бұрын да көптеген америкалық президенттер қолданған. Трамптың басты мақсаты Мадуроны көрнекі трофейге айналдыру еді. Бұл – АҚШ-тың жуырда қабылданған жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іс жүзінде жүзеге асырудың нәтижесі. Аталған стратегия мәні жағынан XIX ғасырдың бірінші жартысында АҚШ президенті Джеймс Монро жариялаған Монро доктринасының қайта жандануы іспетті. Ол доктрина АҚШ-ты Латын Америкасындағы үстем күш деп жариялап, континент елдерінің ішкі істеріне араласуға құқық берген болатын", – деп жазды саясаткер.

Досым Сәтпаев XIX ғасырдағыдай бір елдің мүддесі өзге мемлекеттердің егемендігінен жоғары қойыла бастағаны геосаяси шындыққа айналып бара жатқанын айтады. 

"Мадуроны демонстративті түрде құлату – соңғы онжылдықтарда Латын Америкасында экономикалық әрі саяси ықпалын айтарлықтай күшейткен Қытайға да анық сигнал. Венесуэла үшін Қытай оның мұнайын сатып алатын негізгі серіктестердің бірі болған. Алайда Трамп Мадуроның дәстүрлі одақтастары Ресей мен Қытайға арқа сүйей алмайтын сәтті таңдады. Бұл, өз кезегінде, басқа латынамерикалық елдерге кімнің төңірегіне топтасу керек және кімге қарсы тұру қажет екенін көрсететін белгі болды. Қалай десек те, турбуленттілік күшейіп келеді", – деп жазды саясаткер.

Не пропустите дальнейшие события, следите за актуальными новостями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:198
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 05 Января 2026 17:42
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

В Бразилии в первом туре президентских выборов лидирует Болсонару младший Аналитический интернет журнал Власть

05 Октября 2026 07:04see445

Производитель спецодежды с российскими корнями запустил производство обуви в Семее

05 Октября 2026 17:55see167

Двум судьям вынесли приговор за взятки в Кызылординской области

05 Октября 2026 11:29see165

Водителя, который сбил двух детей и скрылся, задержали в Алматинской области

05 Октября 2026 17:41see164

Проезд в автобусах Астаны хотят повысить до 150 тенге

05 Октября 2026 12:19see159

Коммунальные службы Алматы готовятся к сильному дождю

04 Октября 2026 20:46see159

Реальный срок назначили иностранцам, которые во время рыбалки на Каспии незаконно пересекли границу

05 Октября 2026 13:21see158

Банки и страховщики повышают эффективность с ИИ, но решения остаются за человеком

05 Октября 2026 10:28see156

Как правильно ухаживать за кожей осенью

04 Октября 2026 18:33see154

Врезался в открытый люк: житель Костаная отсудил у акимата 300 тысяч теңге

05 Октября 2026 19:13see152

Две женщины спровоцировали массовую драку в Алматы

05 Октября 2026 18:50see151

Возбуждено 13 уголовных дел, касающихся нарушений в Минобороне Аналитический интернет журнал Власть

05 Октября 2026 18:31see150

Увидим предложения до конца месяца . Зампред Нацбанка о валютных депозитах с повышенной ставкой

05 Октября 2026 13:21see150

Пилот flydubai планировал направить самолет в аэропорт

04 Октября 2026 23:55see147

В Казахстане за неделю полицейские пресекли 201 факт пьяного вождения

05 Октября 2026 09:19see144

Из за судебных тяжб. Более 500 квартир в очередной раз остались без света в Алматы

05 Октября 2026 18:00see139

Общество само не приемлет нарушений . Сколько преступлений раскрыла полиция по сообщениям казахстанцев

05 Октября 2026 16:07see132

Украина завила, что вывела из строя более половины нефтеперерабатывающих мощностей России Аналитический интернет журнал Власть

06 Октября 2026 07:11see126

Вымогательство и стрельба. Полиция возбудила уголовное дело в отношении главы ЦОНа в Жамбылской области

05 Октября 2026 20:23see122

Экс сотрудника Правительства для граждан осудили за незаконную добычу золота в ВКО

06 Октября 2026 11:08see121
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня