Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Министром транспорта назначена Асел Жанасова Аналитический интернет журнал Власть

Расставшуюся пару блогеров арестовали в СКО

Проверка Минобороны Казахстана: силовики изучают уже 37 дел

По делу о гибели военнослужащих на Каспии арестованы восемь должностных лиц Генпрокуратура Аналитический интернет журнал Власть

Убитая в Дворце бракосочетания в Актобе была матерью четверых детей

Хотите переехать в Казахстан? Рассказываем, как получить статус кандаса

Азарт выходит за пределы ставки: какую реальную защиту дает Единая система учета (ЕСУ)

Объявлена дата запуска поездов Stadler в Казахстане. Как купить билет?

Король Иордании прибыл в Казахстан

Хакеры атаковали систему охлаждения на складах службы крови Франции

Невидимая угроза в розетке: к чему приводит бесконтрольная зарядка мобильных устройств

Иссыкская чаша и труды Копеева вошли в реестр Память мира

Как бизнесу защитить свои права: Жанна Хамзина об арбитраже в Казахстане

Вице премьера Баварии нашли мертвым в отеле в Берлине

КНБ задержал инспектора службы пробации после получения 400 тыс. тенге

Заболеваемость корью выросла почти в 17 раз в ЗКО: казахстанцы спорят о прививках

Масштабное перекрытие в Астане: как изменится движение на Аль Фараби с 5 ноября

В Астане не замечал, чтобы после обеда свет включали глава Минэнерго о переводе времени

Кофе хороший, адрес подвел: как проверить место для кафе в Алматы до аренды

14 летний казахстанец выполнил гроссмейстерскую норму на KazChess Masters Almaty

Қазақстан армиясы 6+6 үлгісіне көшеді. Бұл тәжірибе қай елдерде оң нәтиже берді

Қазақстан армиясы 6+6 үлгісіне көшеді. Бұл тәжірибе қай елдерде оң нәтиже берді

Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, передает.

Қазақстан армиясында мерзімді әскери қызметтің тәртібі өзгереді. Енді әскерге шақырылғандар алғашқы алты айда оқу орталықтарында дайындықтан өтіп, келесі алты айда әскери бөлімдерде қызмет етеді. Қорғаныс министрлігі бұл өзгеріс сарбаздардың жауынгерлік дайындығын арттырып, азаматтық мамандықтарды меңгеруіне мүмкіндік береді деп отыр. Алайда әскердегі әлімжеттік, сарбаздардың қауіпсіздігі мен әскери бөлімдердегі тәртіп мәселесі бір ғана оқыту жүйесін өзгерту арқылы шешілетініне нақты кепіл жоқ.

Осы орайда Информбюро порталы 6+6 жүйесі қалай жұмыс істейтінін біліп, басқа елдерде мұндай тәжірибе бар-жоғын анықтады.

6+6 жүйесі деген не?

2026 жылғы 22 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында әскери реформаның жоспары мақұлданды. Оның негізгі бағыттарының бірі – мерзімді әскери қызметті екі кезеңге бөлу.

Жаңа тәртіп бойынша әскерге шақырылған азаматтар 12 ай қызмет етеді. Бірақ осы уақыт екі бөлікке бөлінеді.

Алғашқы алты айда сарбаздар оқу орталықтарында болады. Мұнда олар әскери өмірге бейімделіп, бастапқы әскери дайындықтан өтеді, дене шынықтырады, қару қолдануды, тактикалық әрекеттерді және әскери тәртіпті меңгереді. Сонымен бірге тіл үйреніп, жасанды интеллектіні пайдалану дағдыларын игеріп, еңбек нарығында сұранысқа ие азаматтық мамандықтарды оқи алады.

Келесі алты айда сарбаздар әскери бөлімдерге жіберіледі. Бұл кезеңде олар алған білімін тәжірибеде қолданып, бөлімше құрамында жауынгерлік даярлығын жетілдіреді.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жаңа модельдің кейбір элементтері бұған дейін "Sarbaz+" жобасы аясында сынақтан өткен. Ал 6+6 жүйесінің пилоттық жобасы 2027 жылы іске қосылады. Бұл – әзірге толық енгізілген тәртіп емес, жүзеге асырылуы жоспарланған жаңа модель ғана.

Жүйенің басты мақсаты – әскери бөлімге келген сарбазды үйретуге кететін уақытты азайтып, оны алдын ала дайындалған әскери қызметші ретінде даярлау, сонымен қатар әскерден кейін күнделікті өмірге оралғанда қажет болатын дағдылар үйрету.

Әскердегі мәселелерді шеше ала ма?

Қазақстан Қарулы күштеріндені басты мәселелердің бірі – сарбаздардың қауіпсіздігі. Кейінгі жылдары мерзімді әскери қызметшілердің қаза табуы, әлімжеттік пен жарғылық тәртіптің бұзылуы қоғамда жиі көтеріліп жүр. Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 сарбаз қаза тапқан соң әскери реформа жасау мәселесі өзекті бола түсті.

2026 жылғы әскери реформаға түрткі болған мәселелердің бірі де осы. Президент тапсырмасымен Қорғаныс министрлігінің қызметін тексерген комиссия әскерилерге әлімжеттік жасау және жарғыға қайшы әрекеттер фактілерін анықтап, қылмыстық істер қозғалғанын хабарлады. Комиссия әскери қызметтің қауіпсіздігіне, сарбаздардың тұрмыстық жағдайына және жеке құраммен тәрбие жұмысына қатысты кемшіліктерді де қарастырды.

Сарбаздың әскери дайындығы мен оның қауіпсіздігі – екі бөлек мәселе. Біріншісі оқу бағдарламасына, нұсқаушылардың біліктілігіне, материалдық-техникалық базаға байланысты болса, екіншісі әскери бөлімдегі басқару мәдениетіне, командирлердің жауапкершілігіне және заңның орындалуына тікелей қатысты.

Алты ай бойы оқу орталығында дайындалған сарбаз әскери бөлімге келгенде де әлімжеттікке тап болуы мүмкін. Әскери бөлімде заңсыз әрекетке жол беретін орта қалыптасса, жаңа оқу бағдарламасы мұны өздігінен өзгертпейді.

Сондықтан әскери реформаның басқа бағыттары да маңызды. Қорғаныс министрлігі әскери бөлім командирлеріне тәуелсіз әскери кеңесшілер институтын құруды жоспарлап отыр. Олар сарбаздардың құқықтарын қорғауға, заңбұзушылықтарды анықтауға және әскери қызметшілерге көмек көрсетуге тиіс. Сол себепті әскери консультанттар мен Әскери қызметшілер істері жөніндегі уәкіл институттары құрылып, жарғыдан тыс әрекеттердің алдын алу шаралары күшейтіледі.

Оған қоса сарбаздарды сапалы тамақпен, киіммен қамтамасыз ету, казармалар мен оқу нысандарын жөндеу мәселелері де реформаның басым бағыттарына енгізілген.

"Sarbaz+" қандай жоба?

Әскерге енгізілетін жаңа модельдің кейбір элементтері Қазақстанда "Sarbaz+" жобасы арқылы сынақтан өтіп жатыр. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл жобаға қатысаын сарбаздар әскери дайындықпен қатар IT, телекоммуникация және ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару сияқты бағыттарды меңгереді. 

Жоба аясында әскери бөлімде радиобайланыс, желілік технологиялар және дрондарды басқару бойынша оқу сыныптары ашылған. Сарбаздардың денсаулығын бақылау үшін фитнес-білезіктер де қолданылады. Сонымен бірге әскери қызметке іріктеу кезінде арнайы цифрлық платформа пайдаланылған.

Бұл бастаманың артықшылығы – әскери қызмет тек Отан алдындағы міндетті борыш ретінде емес, жас азамат кәсіби дами алатын кезең ретінде қарастырылады. Әскерден кейін сарбаз IT, байланыс немесе дрон басқару саласында алған дағдысын күнделікті өмірде де пайдалана алады.

Алайда бір әскери бөлімде сынақтан өткен жобаны бүкіл армияға енгізу оңай емес. Ол үшін әр өңірдегі оқу базасын жаңарту, мамандандырылған кабинеттер ашу, білікті нұсқаушылар даярлау және сарбаздарды қажетті техникамен қамтамасыз ету керек.

Өзге елдердің тәжірибесі

Қазақстанның жаңа жүйесі халықаралық тәжірибедегі әскери дайындықты ұйымдастыру тәсіліне ұқсайды. Бірақ дәл осындай 6+6 үлгісі барлық елде қолданылады деуге болмайды. Әр мемлекеттің әскери қызмет ету мерзімі, қауіпсіздік жағдайы және резерв даярлау жүйесі әртүрлі.

Дания 2026 жылы мерзімді әскери қызметті төрт айдан 11 айға дейін ұзартты. Жаңа тәртіп бойынша алғашқы бес айда сарбаздар базалық әскери дайындықтан өтсе, кейінгі алты айда жедел қызмет атқарады. Бұл Қазақстанның 6+6 моделіне құрылымы жағынан ең жақын мысалдардың бірі. Данияда әскерде қызмет ету – міндет. Биылдан бастап әйелдер де әскерге шақырылады. Десе де әскерге ең алдымен еріктілер алынады. Борышын өтеушілер саны жетпей жатса ғана басқалар шақырылады. Эстонияда мерзімді әскери қызмет 11 айға созылады. Сарбаздарды даярлау бірнеше кезеңге бөлінген. Алғашқы сегіз аптада сарбаздар қару қолдану, әскери тактика секілді жауынгердің негізгі дағдыларын меңгереді. Одан кейін емтихан тапсырады. Әскери мамандығына сәйкес даярлықтан өтіп, болашақта соғыс жағдайында атқаратын міндетіне бейімделеді. Бірі 11 апта, енді бірі 12 апта мамандығына сай оқытылады. Қызметін аяқтар тұста әскери оқу-жаттығуларға қатысады. Кейіннен резервке кіріп, қосымша әскери жаттығуларға шақырылады. Алайда келер жылдан бастап әскери қызмет мерзімі 12 айға созылады. Базалық оқыту курсы сегіз аптадан алты аптаға дейін қысқарады. Финляндияның тәжірибесі де назар аударуға тұрарлық. Финляндияда барлық әскерге шақырылушы алдымен алты апталық бастапқы дайындықтан өтеді. Содан кейін әскери мамандықтарды меңгеріп, бөлімше құрамында жауынгерлік міндеттерді орындауды үйренеді. Игерілген дағдылар ауқымды әскери оқу-жаттығулар кезінде пысықталып, бекітіледі. Бұл ретте әскери қызметтің ұзақтығы сарбаздың міндеті мен мамандығына қарай 165, 255 немесе 347 күн болып белгіленеді. Қызметін аяқтаған азаматтар резервке өтеді. Олар кейін әскери жаттығуларға қатысып, бұрын меңгерген дағдыларын жетілдіреді. Германияда 6 айлық ерікті әскери қызмет жүйесі қолданылады. Бұл үлгі бойынша алғашқы айларда сарбаздар оқу орталықтарында жалпы бастапқы дайындықтан өтеді, ал кейіннен танк немесе жүк көлігінің жүргізушісі сияқты нақты мамандықтарды игеру үшін арнайы әскери бөлімдерге бөлінеді. Неміс билігі осы қадам арқылы резервті толықтыруды, елдің қорғаныс әлеуетін арттыруды көздейді. 2026 жылдан бастап Германияда жаңа жүйе енгізілді. Енді келер жылдан бастап 18 жасқа толған азаматтар әскерге баруға міндеттеледі. Сингапурда міндетті әскери қызмет екі жылға созылады. Одан кейін азаматтар резервке өтеді. Бұл елде әскери дайындықтың ұзақтығы сарбаздардың денсаулығы мен физикалық дайындығына байланысты белгіленеді. Физикалық дайындығы жеткілікті азаматтар тоғыз апталық негізгі әскери курстан өтеді. Ал нормативтен өтпегендер тағы сегіз апта жаттығады. Осылайша бастапқы әскери дайындық 17 аптаға созылады.  Оңтүстік Кореяда да ер азаматтар әскерге баруға міндет. Бұл елде құрлық әскері мен теңіз жаяу әскерінде қызмет ету мерзімі – 18 ай, әскери-теңіз күштерінде – 20 ай, әуе күштерінде – 21 ай. Бұл елдің тәжірибесі Қазақстаннан мерзімінің ұзақтығымен ерекшеленеді. Бірақ әскери қызметтің негізгі мақсаты – сарбазды бөлімшенің толыққанды мүшесі ретінде даярлау. Құрлық әскерлеріне шақырылған азаматтар алдымен бес апталық әскери дайындықтан өтіп, бастапқы дағдыларды меңгереді. Содан кейін олар әскери бөлімдерде қызмет етеді.

Өзге елдердің армия жүйесін өзгертуіне бірнеше себеп бар. Ресей-Украина соғысы әскери резерв пен жауынгерлік дайындықтың маңызын арттырса, жаңа технологиялар сарбаздарға қойылатын талапты өзгертті. Қазір әскерге тек қару қолдануды білетін жауынгер емес, дрон басқара алатын, цифрлық технологияларды меңгерген мамандар да қажет. Сонымен қатар бірқатар мемлекет әскери қызметке жастарды тарту, резервті күшейту және әскерден кейін азаматтық өмірде қажет болатын дағдыларды үйретуге басымдық беріп отыр. Қазақстанның 6+6 жүйесі де осы өзгерістермен үндеседі.

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:47
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 05 Ноября 2026 15:08
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Министром транспорта назначена Асел Жанасова Аналитический интернет журнал Власть

03 Ноября 2026 18:31see128

Расставшуюся пару блогеров арестовали в СКО

05 Ноября 2026 14:43see114

Проверка Минобороны Казахстана: силовики изучают уже 37 дел

05 Ноября 2026 16:24see113

По делу о гибели военнослужащих на Каспии арестованы восемь должностных лиц Генпрокуратура Аналитический интернет журнал Власть

05 Ноября 2026 14:49see112

Убитая в Дворце бракосочетания в Актобе была матерью четверых детей

05 Ноября 2026 14:24see111

Хотите переехать в Казахстан? Рассказываем, как получить статус кандаса

05 Ноября 2026 14:46see110

Азарт выходит за пределы ставки: какую реальную защиту дает Единая система учета (ЕСУ)

05 Ноября 2026 14:42see110

Объявлена дата запуска поездов Stadler в Казахстане. Как купить билет?

05 Ноября 2026 15:04see110

Король Иордании прибыл в Казахстан

05 Ноября 2026 15:49see110

Хакеры атаковали систему охлаждения на складах службы крови Франции

05 Ноября 2026 15:08see109

Невидимая угроза в розетке: к чему приводит бесконтрольная зарядка мобильных устройств

05 Ноября 2026 15:37see109

Иссыкская чаша и труды Копеева вошли в реестр Память мира

05 Ноября 2026 15:54see109

Как бизнесу защитить свои права: Жанна Хамзина об арбитраже в Казахстане

05 Ноября 2026 14:45see109

Вице премьера Баварии нашли мертвым в отеле в Берлине

05 Ноября 2026 15:08see108

КНБ задержал инспектора службы пробации после получения 400 тыс. тенге

05 Ноября 2026 14:43see107

Заболеваемость корью выросла почти в 17 раз в ЗКО: казахстанцы спорят о прививках

05 Ноября 2026 17:30see105

Масштабное перекрытие в Астане: как изменится движение на Аль Фараби с 5 ноября

05 Ноября 2026 14:23see105

В Астане не замечал, чтобы после обеда свет включали глава Минэнерго о переводе времени

05 Ноября 2026 15:05see105

Кофе хороший, адрес подвел: как проверить место для кафе в Алматы до аренды

05 Ноября 2026 14:33see104

14 летний казахстанец выполнил гроссмейстерскую норму на KazChess Masters Almaty

05 Ноября 2026 14:48see104
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня