Қазақстан мектептерінде соңғы оқу аптасы басталды. Емтихандар қашан
Qazaq24.com передает, что по данным сайта Informburo.KZ.
Қазақстанда 2025-2026 оқу жылының соңғы аптасы басталды. Бұл аптада оқушылардың тоқсандық және жылдық оқуы қорытындыланып, нақты үлгерімі айқындалады.
Ал 25 мамыр – дүйсенбі күні "Соңғы қоңырау", яғни мектеппен қоштасу шарасы өтеді.
Жазғы каникул 26 мамырдан 1 қыркүйекке дейін созылып, 98 күнді құрайды.
Ал емтихан тапсыратын оқушылар мен түлектер үшін оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес қорытынды аттестаттаудың келесі мерзімдері бекітілген:
9 (10) сыныптар үшін қорытынды бітіру емтихандары – 29 мамыр мен 11 маусым аралығы;
11 (12) сыныптар үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2-15 маусым аралығы.
9-сынып оқушылары келесі емтихандарды тапсырады:
математикадан (алгебра) жазбаша емтихан – 29 мамыр; таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан – 3 маусым; қазақ тілі/орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілдерінде оқытатын мектептер үшін ана тілі бойынша эссе түріндегі жазбаша емтихан, ал гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептерде – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 8 маусым; оқыту тілі орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдеріндегі сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және оқыту тілі қазақ тіліндегі сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 11 маусым.11 (12) сынып түлектері:
Қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 2 маусым; алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан – 5 маусым; қазақ тілі/орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілдерінде оқытатын мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 9 маусым; таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан – 12 маусым; оқыту тілі өзбек/ұйғыр/тәжік/орыс тілдеріндегі мектептер/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және оқыту тілі қазақ тіліндегі мектептер/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 15 маусым.5-8 және 10-сынып оқушылары мамыр айының соңында қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырады.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:40
Эта новость заархивирована с источника 18 Мая 2026 09:18 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















