Қазақстан зираттарының цифрлық платформасы жыл соңына дейін іске қосылады
Qazaq24.com передает, что по данным сайта Informburo.KZ.
Цифрландырылған салттық қызметі тақырыбында Қарағандыда өткен семинарда Қазақстан зираттарының Jerleu.kz цифрлық платформасы биылдың соңына дейін іске қосылатынын айтылды.
Jerleu.kz цифрлық платформасы жерлеу орындарын іздеуге және оларға күтім жасау қызметтеріне тапсырыс беруге арналған. Қазіргі таңда платформаға Қазақстандағы 750 мыңнан астам қабір туралы мәлімет енгізілген. Олардың арасында тек мұсылман ғана емес, христиан қабірлері де бар.
Әзірге порталда Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Түркістан облыстары және 29 қала бойынша зираттардың деректері бар. Қабірді табу үшін марқұмның аты-жөнін, туған және жерленген уақытын енгізу қажет.
Айта кетерлігі, портал қызметі тегін. Тек оның қызметін пайдалану үшін тіркелу қажет. Сондай-ақ сайт арқылы марқұмның қабіріне күтім жасауға онлайн тапсырыс беруге де болады.
Платформаны ҚМДБ мен "KazAeroSpace" ЖШС бірлесіп әзірлеген.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:45
Эта новость заархивирована с источника 24 Ноября 2025 15:59 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















