Балалар демалысын ұйымдастыру үшін BalaCamp цифрлық порталы іске қосылады
Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ, информирует.
Қазақстанда Ұлттық білім беру платформасының базасында балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыруға арналған "BalaCamp.kz" бірыңғай цифрлық порталын іске қосылады. Қазіргі таңда оны құру бойынша техникалық тапсырма әзірленіп жатыр. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғариннің мәжіліс депутаттарына берген жауабында айтылған.
"Цифрлық платформа білім беру-сауықтыру орталықтарына мемлекеттік бағдарламаларға тең шарттармен қатысуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, балаларды және іске асырылатын бағдарламаларды автоматты түрде есепке алуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жекеменшік сектордағы қаржы ағындарының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді", – деді Серік Жұманғарин.
Оның мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда 100-ден астам жекеменшік білім беру-сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтар жыл сайын мемлекеттік сатып алу шеңберінде жергілікті бюджет есебінен, сондай-ақ "Қазақстан халқына" қоырың қолдауымен "Жаздық жолдама" жобасы арқылы қаржыландырылатын квоталар алады.
"Бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында 2027 жылы 3 өңірде (Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарында) білім беру-сауықтыру қызметтерін жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігін пилоттық режимде енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар, жекеменшік орталықтарды қолдаудың қосымша шаралары "Даму" қорының жеңілдетілген несиелендіру тетіктері, материалдықтехникалық базаны жаңғырту арқылы пысықталуда", – деді Серік Жұманғарин.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:25
Эта новость заархивирована с источника 06 Марта 2026 14:36 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















