Арал теңізінің көлемі 34 текше шақырымға артады. Бірақ, ол үшін 180 нен астам жобаны іске асыру қажет
Как передает Qazaq24.com, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.
Арал теңізінің көлемін 34 текше шақырымға арттырып, 501,6 км ирригациялық желіні қайта құру үшін жалпы саны 180-нен астам жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Алайда, олардың басым бөлігіне қаржы көзі әлі табылмаған. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғариннің сенат депутаттарына берген жауабында айтылған.
"Қазіргі уақытта Үкімет "Солтүстік Арал теңізі және ирригациялық жүйелерді жаңғырту" жобасын іске асыру үшін Халықаралық қайта құру және даму банкінің қаржыландыруын тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Жоба шеңберінде Көкарал бөгетін 2 метрге биіктету арқылы реконструкциялау, Қазалы ауданының сол жағалау массивінің коллекторлық-дренаждық жүйесін дамыту, сондай-ақ Түркістан және Қызылорда облыстары аумағындағы Сырдария бассейнінің ирригациялық жүйелері мен гидротехникалық құрылыстарын реконструкциялау бойынша 180-нен астам жобаны іске асыру көзделген", – деді Серік Жұманғарин.
Ал республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер шеңберінде 2026 жылы Қызылорда облысының әкімдігіне жалпы құны 6,6 млрд теңгені құрайтын 2 жобаны іске асыруға 2,1 млрд теңге бөлінді. Аталған жобалар Қызылжарма науалы каналын салуды және Қазалы ауданының сол жағалау массивіндегі 1-ГЖ, 2-ГЖ, К-3-2 коллекторлар жүйесін реконструкциялауды қамтиды.
Сондай-ақ жалпы құны 4,6 млрд теңгені құрайтын "Қызылорда облысының Арал ауданындағы Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің дельтасын қалпына келтіру" жобасы аяқталу сатысына жетті.
Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, аталған жобалар жүзеге асқан жағдайда Солтүстік Арал теңізінің көлемі 34 текше шақырымға ұлғайып, 501,6 км ирригациялық желі қайта құрылады. Оған қоса, жоба 1159 км ирригациялық желіні автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:72
Эта новость заархивирована с источника 19 Июня 2026 11:12 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















