Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Госзакупки, сырьё и школьная форма. Как правительство будет поддерживать лёгкую промышленность в Казахстане

Компания Огая и Джуманбаева построит электростанцию в Курчатове Аналитический интернет журнал Власть

Роботы будут контролировать подготовку лекарств в онкоцентре Алматы

Кому то приглянулся этот участок : поселение старше Рима варварски уничтожено в Алматы

Учитель нации и хранитель слова

Альнуру Ильяшеву вменяют статью о мошенничестве Аналитический интернет журнал Власть

Сколько нужно времени для выработки полезной привычки

Двух детей сбили во дворе ЖК под Алматы

Казахстан улучшил позиции в рейтинге BICRA

Восемь автомобилей пытались купить чиновники ЗКО вопреки мораторию

Врачи в Алматы выходили малыша, который родился весом 740 граммов

Миллиардер Ким вышел из медного проекта Айдарлы за 11,7 млрд теңге

Аудит выявил нарушения налогового администрирования в Астане на сотни млн тенге

Указ Президента Республики Казахстан О назначении Аринова Ч. С.

Триумф казахстанцев на Играх кочевников: Токаев пообещал наградить призеров

Казахстан намерен нарастить поставки сельхозпродукции в Китай

Возгорание сухой травы тушат в Костанайской области

Казахстан готовит новые участки недр для привлечения инвесторов

Цифровую платформу для торговли зерном запустили Казахстан и Китай

От дорог до аэропортов: как Казахстан развивает транспортную инфраструктуру

"I'm really sorry". Президенттің конституциялық реформасы кімдерді лауазымынан айырады

"I'm really sorry". Президенттің конституциялық реформасы кімдерді лауазымынан айырады

Как передает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында "Бір палаталы парламент – Құрылтайға көшу", "Халық Кеңесін құру", "вице-президент лауазымын енгізу" бастамасын көтерді. Бұл бастамалар жалпыхалықтық референдумда қолдау тапса, мемлекеттік реформалар саяси құрылымдар мен лауазымдарға әсер етеді. 

Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады

Тоқаев мемлекеттік кеңесші лауазымын жою туралы шешімді жарялағанда осы қызметті атқаратын Ерлан Қаринге қарап, ағылшын тілінде "I’m really sorry" деп әзілмен кешірім сұрады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Informburo.kz (@informburo.kz)

2022 жылы президент 1995 жылдан бері қолданыста болған мемлекеттік хатшы лауазымының орнына мемлекеттік кеңесші лауазымын енгізді. Бұл қызметке Ерлан Қарин тағайындалды. Президент реформасы іске асса, Ерлан Қариннің бұл қызметі жойылып, ол Қазақстан тарихында мемлекеттік кеңесші қызметін атқарған тұңғыш әрі жалғыз адам болып қалмақ.

Есесіне Тоқаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанда жаңа қызмет түрі – вице-президент лауазымы енгізіледі. Оны парламент депутаттарының көпшілігінің келісімін ала отырып мемлекет басшысы тағайындайды. Вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша:

халықаралық форумдарда және шет мемлекеттер делегацияларымен өткізілетін келіссөздерде Қазақстан атынан өкілдік етеді; парламентте президент атынан өкілдік етеді; еліміздің және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады; президенттің басқа да тапсырмаларын орындайды.

Қазақстандағы және шетелдегі вице-президент институты туралы Информбюроның материалын төмендегі сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.  

Сенат пен Мәжіліс төрағалары қызметінен кетеді

Президент Қазақстан халқына жолдауында бір палаталы парламент құру туралы бастама көтерді. Содан соң парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылып, "Жаңа Парламент қандай болады, неше депутаттан тұрады? Құрылымы қандай болады және қалай жұмыс істейді?" деген сауалдар қызу талқыға түсті. Ұсыныстар да айтылды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы парламентке "Құрылтай" деген атау бермек. Жаңа парламентке 145 депутат сайланады. Төрағаның үш орынбасары болады. Ал комитет саны 8-ден аспайды. 

Қазақстанда қазір қос палаталы парламент жұмыс істейді. Заң шығарушы ең жоғарғы орган саналатын сенатта 50 депутат бар. Сенат төрағасы – Мәулен Әшімбаев. Оның екі орынбасары – Жақып Асанов және Ольга Перепечина. Сенатта алты комитет жұмыс істейді.

Мәулен Әшімбаев пен Ерлан Қошанов Ұлттық құрылтай отырысында. Фото: Ақорда

Ал мәжілісте 104 депутат бар. Мәжіліс төрағасы – Ерлан Қошанов. Орынбасарлары – Дания Еспаева мен Альберт Рау. Мәжілісте 7 комитет жұмыс істейді.

Тоқаевтың реформасы жүзеге асса сенат пен мәжіліс төрағалары қызметінен кетеді, себебі Құрылтайды бір төраға басқарады. Депутаттар саны да қысқарады.

Жаңа Парламентте депутаттарды бес жылға сайлау көзделген. Қазір олар төрт жылға сайланады. Заң қабылдаудың үш кезеңнен тұратын процедурасы ұсынылады. Депутаттар бірінші кезеңде заң жобасын жалпы мақұлдайды. Одан кейін өзгерістерді мақұлдайды, соңында заңды қабылдайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай жойылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың миссиялары аяқталғанын айтып, енді жаңа институт ретінде Қазақстанның Халық кеңесін құруды ұсынды.

"Ассамблея мен Ұлттық құрылтайдың қазақ мемлекеттілігін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін дәйекті түрде нығайту сияқты міндеттерін осы жаңа органға жүктей отырып, стратегиялық сабақтастықты сақтап қалу өте маңызды деп санаймын. Сонымен бірге, Халық Кеңесі басқа елдердегі консультативті құрылымдардың оң тәжірибелерін ескере отырып құрылатын жаңа мемлекеттік орган болмақ. Оның құрамына барлық этностың, түрлі санаттағы азаматтардың және аймақтардың өкілдері кіреді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жиыны

1995 жылғы 1 наурызда Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Заңға сәйкес ҚХА – мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме. Ассамблея құрамында бүгінде 1961 адам бар. ҚХА төрағасы – Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның үш орынбасары бар. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Кеңесі, Хатшылығы, облыстардың ассамблеялары құрайды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысымен парламент сенатының 5 депутатын тағайындап келді. Бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 адам мәжіліс депутаттығына сайланса, енді бұл квота жойылады. Өңірлерде Ассамблея жұмысын үйлестіретін және қамтамасыз ететін 34 Достық үйі бар. Жыл сайын президент төрағалығымен ҚХА сессиясы өтеді. 

2022 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылып, Бурабайда алғашқы отырысы өтті. Ұлттық Құрылтайдың төрағасы – Қазақстан президенті болса, оның екі орынбасары – мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен сенат депутаты Бибігүл Жексенбай. 

Сәйкесінше, реформа жзеге асқан жағждайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де екі бірдей қызметі – Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы және Ұлттық құрылтай төрағасы лауазымдарынан айырылады.  

Ерлан Қарин, Қасым-Жомарт Тоқаев және Бибігүл Жексенбай. Фото: Ақорда

Ұлттық құрылтайдың құрамында 117 адам бар. Олар – қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық қор өкілдері, парламент пен мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, ақын-жазушылар, саясаттанушылар. 

Жаңа орган – Халық кеңесі құрылады

Жаңадан құрылатын Халық Кеңесі жоғары консультативтік органы мәртебесіне ие болады. Кеңесті 126 адамнан жасақтап, оған этномәдени орталықтардың 42 өкілін, ірі қоғамдық бірлестіктердің 42 өкілін және мәслихаттар мен аймақтардағы қоғамдық кеңестердің 42 өкілін қосу ұсынылды. Халық Кеңесінің барлық мүшесін Президент тағайындайды. Ал төрағасын оның мүшелері сайлайды. Кеңес төрағасының қоғамдық негізде жұмыс істеп, ротация арқылы тағайындалатын екі орынбасары, сондай-ақ хатшылық меңгерушісі болады.

"Халық Кеңесіне заң шығаруға бастамашылық ету құқығы берілуге тиіс. Жылына кемінде бір рет шақырылатын сессия Халық Кеңесінің жоғары органы рөлін атқарады. Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелеріне қатысты негізгі қызметі Кеңеске беріледі. Ішкі саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жаңа органның негізгі міндетінің бірі болмақ. Бұл мекеме мемлекеттік идеологияға қатысты мәселелерді, сондай-ақ Конституцияның және еліміздегі өзге де аса маңызды құжаттардың ережелерін түсіндіріп, насихаттау жұмысымен айналысады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін, мемлекеттік маңызы бар басқа да гуманитарлық форумдарды өткізу де Кеңестің құзыретіне кіреді. Халық Кеңесінің мәртебесі мен оны құру тәртібі Конституцияның арнайы бөлімімен және конституциялық заңмен реттеледі", – деді мемлекет басшысы.

Конституция тағы да өзгереді

2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарды. Парламенттік реформа аясында Конституцияның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған. Алайда түзетулер саны бұдан да көп болмақ.

"Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Сондықтан Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар болады. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді. Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
seeПросмотров:119
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 22 Января 2026 14:52
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Госзакупки, сырьё и школьная форма. Как правительство будет поддерживать лёгкую промышленность в Казахстане

06 Сентября 2026 17:46see470

Компания Огая и Джуманбаева построит электростанцию в Курчатове Аналитический интернет журнал Власть

06 Сентября 2026 18:21see181

Роботы будут контролировать подготовку лекарств в онкоцентре Алматы

06 Сентября 2026 20:20see175

Кому то приглянулся этот участок : поселение старше Рима варварски уничтожено в Алматы

06 Сентября 2026 18:02see170

Учитель нации и хранитель слова

06 Сентября 2026 17:57see170

Альнуру Ильяшеву вменяют статью о мошенничестве Аналитический интернет журнал Власть

06 Сентября 2026 18:21see167

Сколько нужно времени для выработки полезной привычки

06 Сентября 2026 18:17see166

Двух детей сбили во дворе ЖК под Алматы

06 Сентября 2026 18:02see166

Казахстан улучшил позиции в рейтинге BICRA

06 Сентября 2026 17:57see163

Восемь автомобилей пытались купить чиновники ЗКО вопреки мораторию

06 Сентября 2026 18:02see161

Врачи в Алматы выходили малыша, который родился весом 740 граммов

06 Сентября 2026 18:01see160

Миллиардер Ким вышел из медного проекта Айдарлы за 11,7 млрд теңге

06 Сентября 2026 18:10see159

Аудит выявил нарушения налогового администрирования в Астане на сотни млн тенге

06 Сентября 2026 17:55see157

Указ Президента Республики Казахстан О назначении Аринова Ч. С.

06 Сентября 2026 17:57see156

Триумф казахстанцев на Играх кочевников: Токаев пообещал наградить призеров

06 Сентября 2026 18:09see156

Казахстан намерен нарастить поставки сельхозпродукции в Китай

06 Сентября 2026 17:55see156

Возгорание сухой травы тушат в Костанайской области

06 Сентября 2026 22:36see153

Казахстан готовит новые участки недр для привлечения инвесторов

06 Сентября 2026 17:53see152

Цифровую платформу для торговли зерном запустили Казахстан и Китай

06 Сентября 2026 17:46see151

От дорог до аэропортов: как Казахстан развивает транспортную инфраструктуру

06 Сентября 2026 17:51see149
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня