Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Казахстан ад для всего живого?! : в Актау разгорается скандал из за видео издевательств над кошкой

WB Банк дал кредитные каникулы продавцам Wildberries, пострадавшим из за атак на логистические центры

Астана идёт в Африку: что стоит за новым внешнеполитическим курсом

Пострадавшие продавцы Wildberries получили отсрочку по кредитам и займам

13 человек, включая младенца, стали жертвами камнепада в Индии

Риски для тенге и бюджета из за ситуаций с КТК и добычей нефти оценили в Нацбанке

Скальные мечети Мангистау включены в список всемирного наследия ЮНЕСКО Аналитический интернет журнал Власть

Как развивается Мангистауская область по итогам I полугодия

В Атырау появится уникальная локация

В Алматы укрепили опасные склоны

Рост цен на баранину и конину: анализ рынка мяса проведут в Казахстане

Казахстан запускает масштабную программу поддержки водосбережения

Главного прокурора МУС отстранили от должности из за обвинений в сексуальных домогательствах

179 компаний вошли в белый список застройщиков Астаны

Товарооборот, инвестиции, АЭС, прямые авиарейсы. О чём говорил Токаев на форуме в Омске

Перечислены лучшие и худшие для переезда страны

Токаев назвал ключевые направления сотрудничества Казахстана и России

О модернизации пунктов пропуска на границе рассказали президентам Казахстана и России

Казахстанские синхронистки завоевали четыре золотые медали на чемпионате Азии

Когда уже достроят эти мечети? : агрессивный сбор денег на религиозные цели вывел из себя казахстанцев

Шаханов, Мағауин, Әшімов. Қазақтың танымал тұлғаларына қай жерден топырақ бұйырды

Шаханов, Мағауин, Әшімов. Қазақтың танымал тұлғаларына қай жерден топырақ бұйырды

Как сообщает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

Кейінгі бес жылда Қазақстанда бір дәуірдің үніне айналған ірі тұлғалар өмірден өтті. Әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде қазақ халқы қаншама қайраткерден айырылды. Былтыр екі бірдей даңқты жазушы Мұхтар Мағауин мен Дулат Исабеков дүние салды. Артынша аты аңызға айналған Асанәлі Әшімов өмірден өтіп, мәңгілік мекеніне аттанды. Жақында өршіл ақын Мұхтар Шаханов қайтыс болып, қайда жерленетіні қоғамның қызу талқысына түсті. Алғашында "Кеңсайға" жерленетіні айтылса, ақынның жолдасы Ханшайым Шаханова президентке хат жолдап, жарының аманатын жеткізді. Мұхтар Шаханов көзі тірісінде Арыстан баб кесенесінің іргесіне жерлеуді өтінген.

Осы орайда Информбюро тілшісі танымал тұлғалардың қайда жерленгенін анықтап көрді. "Кеңсай" зиратынан орын берілсе де, өзі қалаған жердің топырағы бұйырған қайраткерлер жоқ емес.

Мұхтар Шаханов  

Биыл 19 сәуір күні көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. 21 сәуірде Алматыда ақынды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Мұхтар Шахановты жерлеу рәсімі ақынның аманатына сай Отырарда өтті. Халық жазушысы Арыстан баб кесенесінің маңындағы Қоғам ауылының зиратына жерленді. 

Көрнекті мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков те Арыстан баб маңында жерленіп, басына кесене тұрғызылған. Ал Мұхтар Шаханов жер қойнына тапсырылған Қоғам ауылының зиратында академик Өмірзақ Айтбаев пен сатирик Көпен Әмірбек жерленген.

Оқи отырыңыз: Мұхтар Шаханов Арыстан баб кесенесі маңындағы Қоғам ауылының зиратына жерленді

Мұхтар Мағауин

2025 жылғы 10 қаңтарда Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында көз жұмды. 

Жазушы 2007 жылы Чехияға, 2010 жылы Чехиядан АҚШ-қа қоныс аударды. Өмірінің соңына дейін Мерилэндте тұрды. 

Вашингтондағы Diyanet Center of America мешітінде жазушының жаназасы оқылды. Мұхтар Мағауиннің денесі Вашингтон маңындағы Парклоун мемориалының мұсылмандар зиратына қойылды. 

Қыркүйекте жазушының ұлы Едіге Мағауин Абай облысы Шұбартау ауданындағы Босаға өңірінен әкелінген топырақ пен жусанды әкесі жатқан қабірге салды. 

Оқи отырыңыз: Жазушы Мұхтар Мағауин өмірден өтті

Асанәлі Әшімов

2025 жылы 21 желтоқсанда Қазақстанның Еңбек Ері және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 88 жасында дүние салды. 23 желтоқсанда Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында өнер саңлағымен қоштасу рәсімі өтті. 

Асанәлі Әшімов Жамбыл облысында дүниеге келгенімен, Алматыдағы "Кеңсай-1" зиратына жер қойнына тапсырылды.

Алматыда "Кеңсай" зираты 1961 жылы пайда болған. Бүгінде "Кеңсай-1" және "Кеңсай-2" болып екіге бөлінеді. "Кенсай" зиратында 170 мыңдай қабір бар. Мұнда Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин, Дінмұхамед Қонаев, Жұбан Молдағалиев, Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Оралхан Бөкей, Шәмші Қалдаяқов, Қасым Қайсенов, Шерхан Мұртаза, Әбілхан Қастеев, Сағадат Нұрмағамбетов, Роза Бағланова, Зейнолла Қабдолов, Сырбай Мәуленов, Ермек Серкебаев, Тахауи Ахтанов, Сәбира Майқанова, Қаршыға Ахмедияров, Мұқағали Мақатаев, Бердібек Соқпақбаев, Мәлік Ғабдуллин, Асқар Сүлейменов, Хамит Ерғали, Раиса Мұхамедярова, Ілияс Есенберлин, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Батырхан Шүкенов сынды танымал тұлғалар жерленген.

Оқи отырыңыз: Алматы Халық әртісі Асанәлі Әшімовті қалай ақтық сапарға шығарып салды

Дулат Исабеков

2025 жылы 21 ақпанда Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Дулат Исабеков 83 жасқа қаарған шағында өмірден өтті. 23 ақпанда Қазақстан Жазушылар Одағы ғимаратында халық қаламгерді ақтық сапарға шығарып салды. Дулат Исабеков "Кеңсайға", 2022 жылы дүниеден өткен асыл жары Нұрғайша Жармұқамедованың жанына қойылды.

Дулат Исабеков қазіргі Түркістан облысы, Арыс ауданында туған. Бір-екі жасында қатты ауырып, демі шықпай қалған кезде үй-іші баланы өлдіге санаған. Денесін дәлізге шығарып тастап, көрін де қазып дайындап қойған. Таңертең жерлейміз деп отырғанда көрші кемпір сәбиді көргісі келіп, бетін ашып қараған екен. Сәби Дулат өлудің орнына, бетіне қарап ыржиып күлген екен. Кемпір сәбидің тірі екенін қуана хабарлап, қаралы жиынның арты тойға ұласқан. 

Оқи отырыңыз: Қазалы 2025: Қазақ халқы биыл кімдермен мәңгіге қоштасты?

Талғат Мұсабаев

2025 жылы 4 тамызда ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев 74 жасында қайтыс болды. 6 тамызда Алматыдағы Офицерлер үйінде ғарышкер Талғат Мұсабаевты халық ақтық сапарға шығарып салды. Марқұммен қоштасу рәсіміне ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов те келді.

Үш рет ғарышқа ұшқан қаһарман Кеңсай зиратына жерленді.

Талғат Мұсабаев 1951 жылдың 7 қаңтарында Алматы облысы Жамбыл ауданы, Фабричное ауылында дүниеге келген. Ол үш рет ғарышқа ұшып, ашық космосқа жеті рет шығып, онда қырық сағаттан аса уақыт болған. 

Оқи отырыңыз: Ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден өтті

Мұрат Әуезов

2024 жылы 14 маусымда қоғам қайраткері, ғалым, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов 82 жасында қайтыс болды.

Мұрат Әуезов 1943 жылғы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Меркі ауылында дүниеге келген. Ол – белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің ұлы. 

16 маусымда Мұхтар Әуезов атындағы қазақ драма театрында Мұрат Әуезовпен қоштасу рәсімі өтті, жаназасы шығарылды. Марқұм Алматыдағы Райымбек даңғылы бойындағы Орталық зиратта жатқан әкесі Мұхтар Әуезовтің қасына жерленді. Бұл қорымда Әміре Қашаубаев, Қаныш Сәтбаев, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Дина Нұрпейісова, Иса Байзақов, Тайыр Жароков, Саттар Ерубаев, Күләш Байсейітова, Манарбек Ержанов, Әмина Өмірзақова, Қалибек Қуанышбаев, Әліби Жанкелдин, Жұмабай Шаяхметов секілді тұлғалар жатыр.

Әбдіжәміл Нұрпейісов

2022 жылы 5 ақпанда Қазақстанның Халық жазушысы,Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіжәміл Нұрпейісов 97 жасында дүниеден өтті. Ол – КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. Бұл мәртебелі сыйлықты Қазақстанда қаламгерлер арасында Мұхтар Әуезов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Жұбан Молдағалиев қана алған.

7 ақпан күні Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет тетатрында жұртшылық даңқты жазушымен қоштасты.

Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген. Сол кезде Қызылорда облысының әкімі болған Гүлшара Әбдіқалықова жерлеу рәсіміне келіп, жазушысының туған жері Белараннан топырақ әкелінгенін жеткізген еді. Қаламгер Алматыдағы "Кеңсай-2" зиратына жерленді.

Оқи отырыңыз: Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден өтті

Ескендір Хасанғалиев

2021 жылы 30 сәуірде белгілі әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев 81 жасында өмірден озды. Сол жылы сәуірде жұбайы Дарико екеуі коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханада жатқан еді. Дәрігерлер ем-шара жасағанымен Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы күрт нашарлап, аурудан көз жұмды. 

2 мамыр күні Халық әртісімен қоштасу рәсімі композитордың өз шаңырағында өтті. Қаралы жиынға жиналғандар өнер иесін ақтық сапарға "Атамекен" әнімен шығарып салді. Ескендір Хасанғалиевтің денесі Алматыдағы "Кеңсай" зиратына жерленді.

Оқи отырыңыз: Әйгілі композитор Ескендір Хасанғалиев өмірден өтті

Қабдеш Жұмаділов

2021 жылы 5 сәуірде Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов 85 жасқа қараған шағында дүние салды. 6 сәуір күні қаламгер тұрған үйдің алдына 200-ге жуық адам жиналып, марқұмның жаназасы шығарылды. Коронавирус пандемиясы кезінде карантиндік шектеулер болғанықтан көп адамның жиналуына рұқсат жоқ болатын.

Қабдеш Жұмаділов 70 жасын Мақаншыда тойлап, Алматыға бет алған кезде Таскескеннің тұсындағы жол айрығына тоқтап, "Мен дүниеден қайтқанда осынау тұсқа қойыңдар" деп жол жиегін көрсеткен. Марқұмның сүйегі өзінің өсиеті бойынша Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бақты – Аягөз тас жолының бойындағы бейітке қойылды. Өмір бойы өзі қалам тербеген Тарбағатай тауының бөктеріне жерленді.

Бір жағы Алматы мен Алакөлге, бір жағы Семей, Өскеменге апаратын тоғыз жолдың торабын ел "92 шақырым" атайтын. 2022 жылы жол түйіскен төбеде жазушының кесенесі бой көтеріп, бұл жер ресми түрде "Қабдеш" бекеті деп аталды.

Қаламгер 1936 жылы 24 сәуірде Қытайда Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы Малдыбай ауылында дүниеге келген. Ол Қытайда қуғын-сүргінге ұшырап, 1962 жылы шекараны бұзып өткен қазақ көшімен атамекенге оралған. Биыл жазушының туғанына 90 жыл толып отыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов қайтыс болды

Жақсылық Үшкемпіров

2020 жылы 2 тамызда грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ерi Жақсылық Үшкемпіров 69 жасында қайтыс болды. Даңқты спортшы коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауыр дерттен көз жұмды.

4 тамызда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жақсылық Үшкемпіровтың жаназасы шығарылып, Алматыдағы "Кеңсай" зиратына жерленді.

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Ол грек-рим күресінен Олимпиада және әлем чемпионы, әлем кубогінің иегері атанды.

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
seeПросмотров:131
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 27 Апреля 2026 10:49
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Казахстан ад для всего живого?! : в Актау разгорается скандал из за видео издевательств над кошкой

25 Июля 2026 11:38see461

WB Банк дал кредитные каникулы продавцам Wildberries, пострадавшим из за атак на логистические центры

25 Июля 2026 11:03see354

Астана идёт в Африку: что стоит за новым внешнеполитическим курсом

25 Июля 2026 11:03see181

Пострадавшие продавцы Wildberries получили отсрочку по кредитам и займам

25 Июля 2026 09:22see177

13 человек, включая младенца, стали жертвами камнепада в Индии

25 Июля 2026 04:47see174

Риски для тенге и бюджета из за ситуаций с КТК и добычей нефти оценили в Нацбанке

25 Июля 2026 02:30see174

Скальные мечети Мангистау включены в список всемирного наследия ЮНЕСКО Аналитический интернет журнал Власть

25 Июля 2026 15:20see170

Как развивается Мангистауская область по итогам I полугодия

25 Июля 2026 03:38see169

В Атырау появится уникальная локация

25 Июля 2026 03:36see169

В Алматы укрепили опасные склоны

25 Июля 2026 02:19see168

Рост цен на баранину и конину: анализ рынка мяса проведут в Казахстане

25 Июля 2026 02:29see162

Казахстан запускает масштабную программу поддержки водосбережения

25 Июля 2026 02:19see161

Главного прокурора МУС отстранили от должности из за обвинений в сексуальных домогательствах

25 Июля 2026 09:22see161

179 компаний вошли в белый список застройщиков Астаны

25 Июля 2026 02:28see156

Товарооборот, инвестиции, АЭС, прямые авиарейсы. О чём говорил Токаев на форуме в Омске

25 Июля 2026 22:37see156

Перечислены лучшие и худшие для переезда страны

25 Июля 2026 21:27see155

Токаев назвал ключевые направления сотрудничества Казахстана и России

25 Июля 2026 22:47see139

О модернизации пунктов пропуска на границе рассказали президентам Казахстана и России

25 Июля 2026 22:37see134

Казахстанские синхронистки завоевали четыре золотые медали на чемпионате Азии

25 Июля 2026 18:28see133

Когда уже достроят эти мечети? : агрессивный сбор денег на религиозные цели вывел из себя казахстанцев

25 Июля 2026 19:42see132
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня