Түркия оқушылардың көктемгі және күзгі каникулын алып тастауды қарастырып жатыр
По информации сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Түркияның білім министрі Юсуф Текин мектеп оқушыларының көктемгі және күзгі каникулдарын жою мәселесі қаралып жатқанын хабарлады, деп жазды Mk-Turkey.ru.
Бұл – Түркия үшін жаңа дүние емес. Өйткені, елде 2019 жылға дейін оқу екі семестрден ғана тұрды. Яғни оқушылар каникулға жазда және қыста ғана шығатын. Алайда, жазғы ұзақ демалысты қысқарту және оқушылардың үлгерімін арттыру мақсатында көктемгі және күзгі каникулдар енгізілген.
Алайда, министрдің айтуынша, ата-аналар мен мұғалімдерден бұл жүйеге қарсы шағымдар көп түскен. Оған қоса, көптеген отбасында қысқа демалыстан кейін балаларды мектепке оралтуда қиындықтар туындайтыны анықталған.
Ел үкімет екі жылдан бері осы демалыстардың әсерін зерттеген және соңғы шешім қабылдауға дейін ол әлі де зерттеледі.
"Түркияда оқу жылы кем дегенде 180 күн болуы керек, алайда ұзақ діни мерекелер, ұлттық мерекелер, ауа райы жағдайлары мен апаттық жағдайларда мектептердің жабылуы нақты оқу күндерін қысқартуы мүмкін. Юсуф Текин сондай-ақ міндетті білім беру жүйесінің құрылымын қайта қарау мәселесін де қарастырып жатқанын айтты. Қазіргі жүйе 2012 жылы енгізілген: міндетті білім 8 жылдан 12 жылға ұлғайып, үш кезеңге бөлінген – бастауыш мектеп (4 жыл), негізгі мектеп (4 жыл) және орта мектеп (4 жыл)", – деп жазды басылым.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:95
Эта новость заархивирована с источника 28 Ноября 2025 10:51 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















