Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

В Авиационной администрации Казахстана обсудили меры по защите самолетов от столкновений с птицами

Таттыгуль Талаева: развитие регионов начинается с качества жизни людей

Нападение на полицейских в Пакистане не менее 10 погибших

Токаев выступил на саммите ОДКБ

Ставки снижаются: как казахстанцу уменьшить платеж по кредиту

Halyk профинансирует строительство ветровой электростанции: соглашение подписано на COP31

Бывшая невестка устроила скандал и оказалась в суде на юге Казахстана

Школьник сообщил о терроризме в Павлодаре, его нашла полиция

От практических вопросов к системным решениям

Бота торопится на стрижку

Каждый вложенный тенге должен приносить отдачу

Отца Меган Маркл посадили в тюрьму после снятия электронного браслета в США

Акмолинка попала в поле зрения полиции из за переводов от 10 до 100 тыс. тенге

Казахстанец лишился нескольких пальцев во время работы в мебельном цехе

Казахстанка устроила скандал, а ее муж схватил девочку за руку и повел в сторону кладбища

Нарушения на 51 млрд тенге и конфликты интересов: ВАП проверила сферу науки в Казахстане

Видео с баранами, которые нарушили ПДД , привлекло внимание полиции в Караганде

Петропавловску грозит энергетический коллапс?

Госаудит выявил нарушения на 51 миллиард теңге в сфере науки Казахстана

Казахстан присоединился к международной конвенции о перевозке грузов

Қазақстанда өңіраралық көші қон қарқынды жүріп жатыр

Қазақстанда өңіраралық көші қон қарқынды жүріп жатыр

Qazaq24.com информирует, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.

2025 жылы Қазақстанның 17 облысындағы ауылдық жерлерден шамамен 638 мың адам көшті. Олардың шамамен 44 пайызы өз облысының шегінен тыс жерге қоныс аударған. Атап айтқанда, 31 пайызы елдің үш ірі қаласы – Алматы, Астана және Шымкентті жаңа қоныс ретінде таңдаған. Мұндай деректерді өңірлік даму жөніндегі Qazaq Expert Club сарапшысы Фатима Герфанова Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйене отырып хабарлады.

"Дегенмен, бұған қарап, ауылдар босап, ал мегаполистер үлкейіп жатыр деп ойлау жаңсақ болады. Өйткені, мұнда ауыл халқының таза кемуі емес, көшіп кеткендердің жалпы ағыны туралы сөз болып отыр. Сондықтан бұл көрсеткішті көшіп келгендер саны, халықтың табиғи өсімі және жалпы тұрғындар саны сияқты факторлармен бірге қарастыру қажет", – деді ол. 

Сарапшының сөзінше, көші-қон ағындарының құрылымы Қазақстандағы ауылдық көші-қонның үш түрлі сценарий бойынша дамып жатқанын көрсетеді.

Бірінші сценарий – мегаполистерге тікелей көшу. Бұл жағдайда ауыл тұрғындарының едәуір бөлігі өңірден кетіп, елдің ірі қалаларына немесе көршілес экономикалық орталықтарға қоныс аударады. Мұндай модель Түркістан, Ақмола, Қызылорда облыстары мен Ұлытау облысына тән.

Ең айқын мысал – Түркістан облысы. Ауылдық жерден көшіп кеткен 135,3 мың адамның 61%-ы басқа өңірлерге қоныс аударған.

Олардың басым бөлігі Шымкентке кеткен, ал Түркістан қаласының өзі ауылдық көші-қон ағынының небәрі 3%-ын ғана қабылдаған. Бұл облыс орталығы мәртебесінің өзі қаланы автоматты түрде тартымды орталыққа айналдырмайтынын көрсетеді.

Осыған ұқсас жағдай Ақмола облысында да байқалады. Мұнда да ауылдан көшкендердің 61%-ы облыстан кетеді, ал сыртқы көші-қон ағынының жартысына жуығы Астанаға бағытталған. Көкшетау әкімшілік орталық болғанымен, жалақы, жұмыс орындары, білім беру және қызмет көрсету сапасы бойынша елордамен бәсекелесу объективті түрде қиын.

Екінші сценарий – халықты өңір ішінде ұстап қалу. Мұнда адамдар ауылдан кетсе де, көбіне өз облысындағы қалаларға көшеді. Мұндай модель Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына тән.

Ең жарқын мысал – Ақтөбе облысы. Ауылдық елді мекендерден кеткен тұрғындардың небәрі 10%-ы ғана облыстан тыс жерге қоныс аударады. Бұл – барлық 17 облыс арасындағы ең төмен сыртқы көші-қон көрсеткіші. Мұндай нәтиже көші-қонның жоқтығын емес, өңірдің өз еңбек нарығы арқылы тұрғындарын ұстап қала алатынын көрсетеді.

Оған ұқсас жағдай Қарағанды облысында да байқалады. Мұнда ауылдан көшкендердің тек 21%-ы ғана өңірден кетеді.

Қарағанды мен Теміртау қалалары жұмыс орындарын, дамыған өнеркәсіпті және тұрақты экономиканы қамтамасыз етеді. Сондықтан көптеген тұрғын үшін облыс ішінде көшу басқа өңірге қоныс аударуға толыққанды балама болып отыр.

Үшінші сценарий – аралас модель. Бұл жағдайда сыртқы көші-қон өңір ішіндегі халықтың қайта бөлінуімен қатар жүреді. Мұндай жағдай Алматы, Жамбыл, Жетісу, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарына тән.

Ерекше орын алатын өңір – Алматы облысы. Бұл ауылдық жерлерде оң көші-қон сальдосы тіркелген жалғыз өңір. Негізінен сөз Алматы қаласының маңындағы Қарасай, Талғар және Іле аудандары туралы болып отыр. Ресми түрде бұл ауылдық аумақтар саналғанымен, іс жүзінде олар әлдеқашан қалалық агломерацияның бір бөлігі ретінде жұмыс істейді. Адамдар бұл жерлерге мегаполиске жақын болу, жұмыс орындары және тұрғын үйдің салыстырмалы қолжетімділігі үшін көшіп келеді.

Ақмола мен Қарағанды облыстарын салыстыру да ерекше назар аударады. Екі өңір де елордаға жақын орналасқанымен, көші-қон үлгісі мүлде өзгеше. Ақмола облысында ауылдық көші-қон негізінен Астанаға бағытталса, Қарағанды облысында тұрғындардың едәуір бөлігі өңірдегі қуатты экономикалық орталықтардың арқасында өз аймағында қалып отыр.

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
seeПросмотров:236
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 29 Июня 2026 17:52
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

В Авиационной администрации Казахстана обсудили меры по защите самолетов от столкновений с птицами

11 Ноября 2026 20:12see186

Таттыгуль Талаева: развитие регионов начинается с качества жизни людей

11 Ноября 2026 10:56see162

Нападение на полицейских в Пакистане не менее 10 погибших

11 Ноября 2026 17:23see153

Токаев выступил на саммите ОДКБ

11 Ноября 2026 20:54see152

Ставки снижаются: как казахстанцу уменьшить платеж по кредиту

11 Ноября 2026 16:48see149

Halyk профинансирует строительство ветровой электростанции: соглашение подписано на COP31

11 Ноября 2026 18:37see147

Бывшая невестка устроила скандал и оказалась в суде на юге Казахстана

11 Ноября 2026 17:31see147

Школьник сообщил о терроризме в Павлодаре, его нашла полиция

11 Ноября 2026 19:50see143

От практических вопросов к системным решениям

12 Ноября 2026 01:11see137

Бота торопится на стрижку

12 Ноября 2026 02:31see131

Каждый вложенный тенге должен приносить отдачу

12 Ноября 2026 01:47see127

Отца Меган Маркл посадили в тюрьму после снятия электронного браслета в США

11 Ноября 2026 11:26see126

Акмолинка попала в поле зрения полиции из за переводов от 10 до 100 тыс. тенге

11 Ноября 2026 17:09see125

Казахстанец лишился нескольких пальцев во время работы в мебельном цехе

12 Ноября 2026 08:47see125

Казахстанка устроила скандал, а ее муж схватил девочку за руку и повел в сторону кладбища

11 Ноября 2026 14:12see124

Нарушения на 51 млрд тенге и конфликты интересов: ВАП проверила сферу науки в Казахстане

11 Ноября 2026 11:11see123

Видео с баранами, которые нарушили ПДД , привлекло внимание полиции в Караганде

12 Ноября 2026 08:22see122

Петропавловску грозит энергетический коллапс?

12 Ноября 2026 03:58see122

Госаудит выявил нарушения на 51 миллиард теңге в сфере науки Казахстана

11 Ноября 2026 11:37see121

Казахстан присоединился к международной конвенции о перевозке грузов

11 Ноября 2026 12:49see119
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня