Как сообщает Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Құрылтай депутаты Ләззат Қожахметова оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға балабақша кезегіне тұрудағы мәселелер туралы сауал жолдады.
Депутаттың айтуынша, мемлекеттік балабақша кезегіне тұру үшін ата-ана баласын алдымен жекеменшік балабақшаға тіркеуі қажет.
"Кейбір жекеменшік балабақшалар баланы іс жүзінде қабылдамай, тек құжат жүзінде тіркеп қояды. Ата-аналар мемлекеттік балабақшадан орын алу мүмкіндігін сақтап қалу үшін мұндай шартқа келісуге мәжбүр. Мемлекеттік қаржы нақты көрсетілген қызмет үшін төленуі керек. Сондықтан баланың балабақшада жай ғана тіркелуі емес, сол жерде шын мәнінде тәрбиеленіп, қызмет алуы басты өлшем болуы тиіс", – деді Ләззат Қожахметова.
Депутат бұл ретте мәселені кезек тұрғысынан емес, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің тиімділігі ретінде қарастыру қажет екенін айтып, өз шешімдерін ұсынды:
Ата-ана баласын басқа балабақшаға формалды тіркемей-ақ, өзі таңдаған ұйымның күту парағына тікелей қоюы керек. Бос орын пайда болған кезде бала ашық әрі түсінікті кезектілікпен қабылдануы тиіс. Мемлекеттік қаржы баланың нақты балабақшада болғанын және қызметтің көрсетілгенін растайтын цифрлық деректер негізінде төленуі қажет."Сондай-ақ "формалды тіркелу" мен "нақты тәрбиелену" ұғымының ара-жігін ажыратып, пилоттық жобалардың нәтижелерін қоғамға ашық жариялау маңызды. Мемлекет әр балаға қаржы бөледі. Ендеше сол қаржының артында нақты бала, нақты орын және нақты көрсетілген қызмет тұруы керек", – деді депутат.