Мемлекеттік балабақша кезегіне тұру үшін ата ана баласын жекеменшікке тіркеуге мәжбүр депутат
Как сообщает Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Құрылтай депутаты Ләззат Қожахметова оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға балабақша кезегіне тұрудағы мәселелер туралы сауал жолдады.
Депутаттың айтуынша, мемлекеттік балабақша кезегіне тұру үшін ата-ана баласын алдымен жекеменшік балабақшаға тіркеуі қажет.
"Кейбір жекеменшік балабақшалар баланы іс жүзінде қабылдамай, тек құжат жүзінде тіркеп қояды. Ата-аналар мемлекеттік балабақшадан орын алу мүмкіндігін сақтап қалу үшін мұндай шартқа келісуге мәжбүр. Мемлекеттік қаржы нақты көрсетілген қызмет үшін төленуі керек. Сондықтан баланың балабақшада жай ғана тіркелуі емес, сол жерде шын мәнінде тәрбиеленіп, қызмет алуы басты өлшем болуы тиіс", – деді Ләззат Қожахметова.
Депутат бұл ретте мәселені кезек тұрғысынан емес, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің тиімділігі ретінде қарастыру қажет екенін айтып, өз шешімдерін ұсынды:
"Сондай-ақ "формалды тіркелу" мен "нақты тәрбиелену" ұғымының ара-жігін ажыратып, пилоттық жобалардың нәтижелерін қоғамға ашық жариялау маңызды. Мемлекет әр балаға қаржы бөледі. Ендеше сол қаржының артында нақты бала, нақты орын және нақты көрсетілген қызмет тұруы керек", – деді депутат.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:97
Эта новость заархивирована с источника 08 Октября 2026 00:55 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















