Мұғалімге ата ана чатында кешке сұрақ қоюға қатысты оқу министрі түсініктеме берді
Qazaq24.com информирует, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Жұлдыз Сүлейменова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ата-ана мен мұғалімнің қарым-қатынас жасауына қатысты түсініктеме берді.
Министрдің айтуынша, ата-аналар мұғалімнің жұмыс уақытынан тыс кездегі жеке өміріне құрметпен қарауы керек.
"Әр педагог орта есеппен күніне 6 оқу сағатын өткізеді. Оның барысында мұғалім жүздеген баламен жұмыс істейді. Әр сыныпта шамамен 25 бала деп есептесек, олардың әрбірімен сөйлесіп, оларды тыңдап, бағалап, балаларға сабақ үйретеді. Осылай күніне 6 сыныптың оқушысымен жұмыс істейді. Сабақ уақыты біткен соң, олардың дәптерін тексеріп, баға қояды. Келесі күні сабаққа жақсы дайындықпен келуі үшін мұғалім тынығуы керек. Сондықтан ата-аналар мұғалімнің кешкі уақыттағы жеке өміріне құрметпен қарауы тиіс", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Еске салайық, бұған дейін оқу министрінің кешкі 18.00-ден кейін мұғалімнің ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап бермеуіне болатыны туралы жауабы қоғамда түрлі пікір тудырған болатын. Бұл ретте министр "Педагог мәртебесі туралы" заң аясында мұғалімнің жұмыс және жеке уақыты туралы мәселе реттелгенін, енді нақты кешкі 18.00-ден кейінгі шектеу туралы мәселе ата-аналар қауымдастығымен ақылдаса келе шешілетінін айтты.
"Әрине, балаға қатысты шұғыл жағдайлар болады. Мұндай кезде мұғалімдер жауап беруге уақыт табатынына сенімдімін", – деді министр.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:19
Эта новость заархивирована с источника 08 Сентября 2026 09:03 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















