Онлайн казино, порнография, суицид: Қай әлеуметтік желіде құқыққа қайшы контент көп жарияланады

07.07.2026

Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, передает.

2026 жылдың басынан бері онлайн-платформаларда онлайн-казино қызметін насихаттайтын 13 806 контент жарияланған. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның мәжіліс депутаттарына берген жауабында айтылған. 

Онлайн-казинодан бөлек, құқыққа қайшы өзге де контент жиі жарияланған: 

есірткі құралдарын насихаттау – 7 448; порнографияны тарату – 6 034; суицидті насихаттау – 172; кәмелетке толмағандарға зиян келтіретін ақпаратты орналастыру – 119;  зорлық-зомбылық культі фактілері – 27 631. 

Құқыққа қайшы контент анықталған әлеуметтік желілер арасында Instagram топ бастап тұр. Бұл желіде жоғарыда аталған салалар бойынша 9 532 контент жарияланған. 

Өзге әлеуметтік желілер: 

ВКонтакте – 8 503; Telegram – 3 018; YouTube – 3 340; TikTok – 2 820; Facebook – 269;  Мой мир – 63; X – 41; Одноклассники – 25; Threads – 20.

"Қазіргі уақытта онлайн-платформалар ата-аналарға жасөспірімдердің интернетті пайдалану уақытын шектеу бойынша функционалдық мүмкіндіктер ұсынады. Әлеуметтік желілер мен онлайн-ойындарда жас ерекшеліктеріне байланысты шектеулер енгізілген, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың гаджет пайдалану уақытын бақылау құралдары қолжетімді. Мәселен "TikTok" онлайн-платформасының ішкі ережелеріне сәйкес, платформаны тек 13 жастан асқан пайдаланушылар қолдана алады, ал кейбір функциялар кәмелетке толмағандар үшін қолжетімсіз", – делінген Аида Балаеваның жауабында. 

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
Читать полностью