Онлайн казино, порнография, суицид: Қай әлеуметтік желіде құқыққа қайшы контент көп жарияланады
Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, передает.
2026 жылдың басынан бері онлайн-платформаларда онлайн-казино қызметін насихаттайтын 13 806 контент жарияланған. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның мәжіліс депутаттарына берген жауабында айтылған.
Онлайн-казинодан бөлек, құқыққа қайшы өзге де контент жиі жарияланған:
есірткі құралдарын насихаттау – 7 448; порнографияны тарату – 6 034; суицидті насихаттау – 172; кәмелетке толмағандарға зиян келтіретін ақпаратты орналастыру – 119; зорлық-зомбылық культі фактілері – 27 631.Құқыққа қайшы контент анықталған әлеуметтік желілер арасында Instagram топ бастап тұр. Бұл желіде жоғарыда аталған салалар бойынша 9 532 контент жарияланған.
Өзге әлеуметтік желілер:
ВКонтакте – 8 503; Telegram – 3 018; YouTube – 3 340; TikTok – 2 820; Facebook – 269; Мой мир – 63; X – 41; Одноклассники – 25; Threads – 20."Қазіргі уақытта онлайн-платформалар ата-аналарға жасөспірімдердің интернетті пайдалану уақытын шектеу бойынша функционалдық мүмкіндіктер ұсынады. Әлеуметтік желілер мен онлайн-ойындарда жас ерекшеліктеріне байланысты шектеулер енгізілген, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың гаджет пайдалану уақытын бақылау құралдары қолжетімді. Мәселен "TikTok" онлайн-платформасының ішкі ережелеріне сәйкес, платформаны тек 13 жастан асқан пайдаланушылар қолдана алады, ал кейбір функциялар кәмелетке толмағандар үшін қолжетімсіз", – делінген Аида Балаеваның жауабында.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:74
Эта новость заархивирована с источника 07 Июля 2026 13:43 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















