Как стало известно Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ.
Кәсіпкер Арсен Томский Милан – Кортина қысқы Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав Шайдоровқа бұған дейін уәде еткен Audi Q8 көлігін тарту етті. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлады.
Фото: Арсен Томскийдің Facebook желісіндегі парақшасы"Мен Audi Q8 көлігін Станислав Шайдоровқа – Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне, алғашқы жаттықтырушысына және осы жеңістің бастауында тұрған адамға сыйға тарттым. Михаил керемет те тарихи өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Бұл жеңіс Қазақстанда және оның шекарасынан тыс жерлерде миллиондаған адамға шабыт сыйлады. Алайда бұл салтанатты сәттің артында – күнделікті жылдар бойғы еңбек, қатаң тәртіп пен өз-өзін құрбан ету жатыр", – деп жазды Арсен Томский.
Бұл ретте ол Станислав Шайдоровтың ұлының болашағы үшін өз көлігін сатқанын еске салып, мұндай оқиға өзінің де басынан өткенін айтты.
Фото: Арсен Томскийдің Facebook желісіндегі парақшасы"Бір кездері Станислав Александрович ұлының биік мақсатқа жету жолын қолдау үшін өз көлігін сатуға мәжбүр болды. Бұл оқиға маған ерекше жақын. Мен де өзім сенген іс үшін екі рет көлігімді саттым: бір жолы қиын кезеңде командаға жалақы төлеу үшін, екінші жолы қаржы жетіспеген сәтте Якутия құрамасын киберспорт чемпионатына жіберу үшін", – деді ол.
Еске салайық, Михаил Шайдоров Олимпиада емпионы атанған кезде кәсіпкер оның әкесі әрі жаттықтырушысы Станислав Шайдоровқа су жаңа көлік сыйға тартуға уәде еткен болатын.