Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Әлеуметтік әділдіктің айнасы

Әлеуметтік әділдіктің айнасы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ол кезде біз үшін бұл арман болып көрінген. Бірақ Мемлекет басшысы ұсынған «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы халықтың көкейінде ұрпағымыз да мұнайдың игілігін көретін болды деген жарқын үміт отын жақты. Иә, бүгінгі бөлініп жатқан қаржы көлемі миллион доллармен өлшенбес. Бірақ қалай болғанда да енді елімізде дүниеге келген әр бала ел байлығынан өз үлесін ала алады. Бүгіннің өзінде 18 жасқа толмаған әр баланың есепшотында 230 долларға жуық қаржы жатыр.

Қазақстанда іске асырыл­ып жатқан «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы қысқа уақыт ішінде қоғам өмір­індегі маңызды әлеуметтік-эко­но­микалық құралға айналып үлгерді. Бағдарламаның басты мақсаты – елдің табиғи ресурс­та­рынан түсетін және инвести­ция­лық қызметтен алынатын табыстың бір бөлігін тікелей болашақ ұрпаққа бағыттау. Соңғы ресми деректер бұл баста­маның қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты нәтижелер беріп отырғанын көрсетеді.

2024 жылғы 1 ақпаннан 2025 жыл­ғы 1 желтоқсанға дейінгі ара­­лық­та «Ұлттық қор – балалар­ға» бағдарламасы аясында Бір­ыңғай жинақтаушы зейнет­ақы қоры (БЖЗҚ) 188 242 өті­ніш­ті орындады. Жалпы игеріл­ген қа­ра­жат көлемі 28,25 млн АҚШ дол­ларын құрады. Бұл – мы­ңда­ған қазақстандық отбасы­ның балалары үшін тұрғын үй мен білім мәселесін шешуге мүмкін­дік алғанын білдіреді.

Орындалған өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған. Нақ­тырақ айтқанда, 116 579 өтінішке 17,60 млн доллар жұмсалған. Ал 71 663 өтініш (10,65 млн доллар) балалардың білім алуына арнал­ған. Мұндай пропорция қазақ­стан­дықтар үшін ең өзекті екі мәселенің – баспана мен білім екенінің айқын көрінісі.

Тұрғын үй бағыты бойынша ең көп сұранысқа ие қосалқы мақ­сат – тұрғын үй құрылыс жинақтарына қаражат салу ар­қы­лы болашақта баспана жинау. Бұл бағытта 113 944 өтініш орын­далып, 17,23 млн доллар аудар­ылған. Бұл көрсеткіш ата-ана­лардың баланың атына түскен қара­жатты бірден жұмсап жібер­мей, оны ұзақмерзімді мақсатқа пай­далануды жөн көріп отыр­ғанын көрсетеді.

Сонымен қатар бағдар­лама аясында ипотека­лық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны төлеу мүм­кіндігі де пайдаланылған. Бұл мақ­сатта 899 өтінішке 126,70 мың доллар жұмсалды. Ал аза­маттық-құқықтық мәмілелер арқылы тұрғын үйді меншікке сатып алуға 643 өтініш жолданып, 86,29 мың доллар бағытталған. Бұл балаларға арналған қаражат­тың отбасылық баспана мәселе­сін шешуге нақты үлес қоса бас­тағанын білдіреді.

Білім беру шығындары іш­інде ең танымал бағыт – Қазақстан аумағындағы білім беру ұйымдарының қызметіне ақы төлеу. Осы мақсатта 64 877 өтініш орындалып, 9,81 млн доллар төленген. Бұл қазақстан­дықтардың басым бөлігі бала­ларын ел ішінде оқытуды таңда­ғанын көрсетеді.

Сонымен бірге білім беру жинақтау салымын толықтыруға 4 776 өтініш (580,04 мың доллар) бағытталған. Бұл ата-аналардың баланың болашақ оқуына алдын ала қаржы жинауға мүдделі екен­ін аңғартады. Ал шетелдік білім беру ұйымдарының қызме­тіне ақы төлеуге 1 633 өтініш беріліп, 214,72 мың доллар жұм­салған. Яғни, бағдарлама халық­аралық білім алуға да жол ашып отыр, дегенмен негізгі басымдық ішкі нарықта сақталған.

Еске салайық, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына сәй­кес, Ұлттық қордың жыл сай­ын­­ғы инвестициялық кірісінің 50 пайызы 2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан Респуб­ликасының азаматтары – балалар арасында бөлінеді. Бұл – ресурс­тық табысты ұрпақтар арасында әділ бөлудің институционалдық тетігі.

2023 жылдың қорытындысы бой­ынша әр балаға 100,52 дол­лар, ал 2024 жыл үшін 129,38 доллар есептелді. Сонымен қатар 2023 жылы Ұлттық қордан ал­ғаш­қы қаражат түскен балаларға (2006 жылы туғандарды қоспа­ған­да) биыл 3,04 доллар көлем­інде инвестициялық табыс қос­ылды. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың мақсатты жинағы 100,52 долларды, ал 2007 жылы туған баланың жинағы 232,94 долларды құрап отыр. Бұл сома жыл сайын инвестициялық та­бысқа байланысты арта береді.

Алдағы кезеңге қатысты нақ­ты мерзімдер де бел­гі­ленген. 2025 жылға арналған мақсатты талаптар мен инвес­тициялық табыс 2026 жылғы 1 ақпанынан кешіктірілмей қаты­сушылардың шоттарына есеп­те­леді. Сонымен қатар 2008 жылы туған және 2026 жылы 18 жасқа толатын қазақ­стан­дықтардың мақсатты жи­нақ­тары да сол мер­зімге дейін олар­дың жеке мақ­сат­ты жинақ шоттарына ауда­рылады. Бұл – кәмелет жасына жеткен жастар­дың өз жинағын білімге немесе тұрғын үйге пай­далануына мүмкіндік береді.

Бұған дейін БЖЗҚ ата-ана­лар­ға арнайы ескерту жасап, балалардың деректерін мемле­кет­тік базаға енгізу үшін ешқан­дай төлем жасаудың қажеті жоқ екенін хабарлаған болатын. Бұл – алаяқтықтың алдын алу және ата-аналардың сенімін арт­тыру үшін маңызды қадам.

Айта кетейік, бағдарламаның алғашқы кезеңінде де айтар­лықтай нәтижелер тіркелген. 2024 жылғы 1 ақпаннан 2025 жылғы 1 қазанға дейін БЖЗҚ 22,29 млн доллар сомасына 156 956 өтінішті орындаған. Оның ішінде 98 046 өтініш (14,14 млн доллар) тұрғын үй мәселелерін шешуге, 58 910 өтініш (8,15 млн доллар) білім беру қызметтеріне ақы төлеуге бағытталған.

Жалпы алғанда, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы Қазақстанда әлеуметтік әділет­тілікті күшейтіп, ұлттық байлық­ты болашақ ұрпақтың игілігіне бағыттаудың нақты үлгісіне ай­налып отыр. Баспана мен білімге салынған бүгінгі инвестиция – елдің ертеңгі тұрақтылығының негізі.

Ұлттық қордың инвести­ция­лық табысы биылғы жылы ай­рықша нәтижелер көр­сетіп отыр. Жыл қорытын­ды­сына әлі бір айдай уақыт қалса да, алғашқы 11 айдың динами­касы-ақ қор табысының негізгі көзі мұнай емес, инвестициялық басқару екенін анық аңғартты. Тәуелсіз сарапшы Айбар Олжай 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың инвес­ти­циялық табысы мұнайдан түсе­тін кіріс­тен кем дегенде 80 пайызға жо­ғары болуы мүмкін екенін сөз етті. Оның айтуынша, бұл – Қа­зақ­станның қаржы тари­хында бұрын-соңды болма­ған көр­сеткіш.

– Қарапайым тілмен айтқан­да, қор қазір шикізатты сатумен салыстырғанда, қаражатты дұ­рыс басқару арқылы табыс тауып отыр. Ұлттық банктің жүргізіп отырған инвестициялық саясаты өз тиім­ділігін дәлелдеді. Биылғы жылы шамамен 8 трлн теңге, яғни 4 млрд АҚШ долларынан астам қаражат Ұлттық қордың таза инвестициялық табысы ретінде қалыптасуы мүмкін. Ал соңғы 11 айдың нақты көрсет­кіш­теріне қарасақ, инвести­циялық табыс 8,2 млрд долларға жетіп, кіріс­тілік деңгейі 13,7 пайыз шама­сын­да болды. Бұл – бұрын-соңды тіркелмеген жо­ғары кіріс, – дейді ол.

Сарапшы сөзіне сүйенсек, мұндай серпін Ұлттық қордың инвестициялық стратегиясының өзгеруімен тікелей байланысты. Егер бұрын қор активтерінің басым бөлігі төмен тәуекелді облигацияларға салынса, қазір портфель әртараптандырылған. Яғни, активтердің белгілі бір бөлігі акцияларға, алтынға және басқа да табысы жоғары құрал­дарға бағытталған. Әлемдік нарықтағы акциялардың өсуі, алтын бағасының тұрақты қым­баттауы Ұлттық қордың табысын еселеп отыр. Бұл – қысқамерзімді табыс қуалау емес, ұзақмерзімді ойластырылған қаржылық ше­шім­нің нәтижесі.

– Сандарды салыстырып қарасақ, айырмашылық анық байқалады. Биыл қараша айына дейін мұнай секторынан Ұлттық қорға шамамен 1,8 трлн теңге ғана түскен. Ал осы кезеңде ин­вес­тициялық табыстың өзі 2,5 трлн теңгеден асты. Яғни, ин­вестициялық кіріс мұнайдан түсетін табыстан әлдеқайда көп қаржы әкеліп отыр. Бұл Қазақ­стан экономикасы үшін маңызды сигнал: елдің қаржылық тұрақ­тылығы бір ғана шикізатқа тәу­елді болмауға тиіс. Инвести­циялық табыстың өсуі «Ұлттық қор – балаларға» бағдарлама­сы­ның да әлеуетін арттырып отыр. Белгілі болғандай, Ұлттық қор­дың жыл сайынғы инвести­ция­лық табысының 50 пайызы­ балалардың мақсатты жинақ шоттарына аударылады. Осы қарқын сақталса, келесі жылы әр балаға тағы да қаражат аударуға мүмкіндік бар. Бұл – болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан нақты әрі тиімді инвестиция, – деп жалғады сөзін Айбар Олжай.

Қазіргі таңда Ұлттық қордың инвестициялық саясаты толық­тай ашық екенін алға тартқан ма­ман, оның ең маңызды ас­пектілердің бірі екенін жеткізді. 

– Ұлттық банк ай сайын есеп беріп, қордың активтері, сатып алынған облигациялар мен акция­лар, алынған табыс көздері туралы барлық мәліметті ресми сайттарында жариялап отырады. Сонымен қатар Қаржы министр­лігінің есептерінде Ұлттық қорға қай компаниядан, қандай көлем­де салық түскені де көрсетіледі. Яғни, қоғам екі дереккөз арқылы бірдей ақпарат алып отыр. Сон­дық­тан Ұлттық қордың инвес­ти­циялық табысының жоғары болуы – тек қаржыгерлер үшін емес, елдің әрбір азаматы үшін маңызды. Өйткені бұл табыс ертеңгі балалардың біліміне, бас­панасына және жалпы елдің ұзақмерзімді әл-ауқатына жұмыс істейді, – деді сарапшы.

Бұл бастама Қазақстанда ұлт­тық байлыққа деген көзқарастың өзгере бастағанын аңғартады. Өйткені табиғи ресурс­тардан түскен табысты тек ағымдағы шығындарға емес, ұзақмерзімді қоғамдық капитал­ға айналдыру – экономикалық та, моральдық та маңызды таң­дау. Сондықтан болар бұл тетік қоғамда сенім қалыптастыра алды. Енді ертеңгі күнге деген сенім болған жерде әлеуметтік тұрақтылық та, экономикалық белсенділік те артады деп сенеміз.

Кәмила ДҮЙСЕН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Желтоқсан 2025 11:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары