Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Әлеуметтік желіде Қазақстан мұғалімдері байқауы басталды

Әлеуметтік желіде Қазақстан мұғалімдері байқауы басталды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қысқа бейнероликтер жасау мен көруге арналған TikTok жетекші платформасы төртінші жыл қатарынан өтетін #Қазақстанмұғалімдері байқауын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл бастама аясында бүкіл елдің педагогтері өз пәндері бойынша қысқа, танымдық бейнеформатта білімдерімен бөлісе алады.

Бастаманың дәстүрлі серіктестері – ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Министрліктердің қолдауы платформаның кең аудитория арасында білімді насихаттаудағы маңызын атап көрсетіп, TikTok-тағы ұстаздар қауымдастығының дамуына үлес қосып келеді.

Төрт жыл ішінде байқау арқасында Қазақстанда мектеп мұғалімдерін, колледж оқытушыларын және жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын біріктірген білім беру контентін жасайтын мықты қауымдастық қалыптасты. Жалпы бейнероликтер саны 90 мыңнан асты.

Бұрынғы жеңімпаздар – Ботагөз Омарова, Хайдар Мырзахметов, Байболат Сейдахан, Евгений Солоницын – өз мысалында қысқа танымдық видеолардың қызықты әрі миллиондаған қаралым жинай алатынын дәлелдеді.

- Бұл байқау мұғалімнің ықпалы сынып шеңберінен әлдеқайда кең екенін көрсетті. TikTok-та жас та, қашықтық та маңызды емес – өзін көрсете алатын кез келген адамға мүмкіндік бар. Мен ауылда тұрсам да, бұл платформа мені өңір төңірегінен шығарды. Өз тәжірибең мен біліміңмен онлайн бөліскенде, сен тек үйретіп қана қоймайсың – ата-аналарға, оқушыларға және әріптестерге өз пәні мен мамандығына жаңа көзқараспен қарауға көмектесесің. Әр мұғалімнің TikTok-та басқаларды шабыттандыра алатын өз тарихы бар деп сенемін, - дейді Алакөл облысы Достық ауылындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова.

Ботагөз Омарова 2023 жылы «Қазақстан мұғалімдері» байқауының жеңімпазы атанған, ал биыл ол Discover List TikTok – контент авторларының жаһандық тізіміне енген алғашқы қазақстандық ұстаз болды.

Байқауға қатысу үшін педагогтер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары 19 қарашаға дейін кем дегенде бір бейнеролик жариялап, жоба парақшасында өтінім қалдыруы және #Қазақстанмұғалімдері хэштегін қосуы қажет. Бейнероликтер танымдық сипатта болып, автордың пән саласына сәйкес келуі тиіс.

Автордың видеосы 1 000 қаралымнан асқан жағдайда, оның профиліне эксклюзивті рамка беріледі. Ал 5 000 қаралымнан жоғары жинаған қатысушылар үш iPhone 17 ұтысына қатыса алады.

Жеңімпаздар аудиторияның белсенділігі мен қызығушылығы негізінде анықталады. Толық ережелер TikTok қосымшасындағы байқау парақшасында қолжетімді.

- Біздің жобамыз көптеген міндетті шешеді: мұғалім мамандығын насихаттайды, педагогтерді цифрлық контент жасау дағдыларын меңгеруге ынталандырады, өздерін еркін көрсетуге және аудиториясын сыныптан тыс кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар миллиондаған пайдаланушыға білім беру контентін сенімді ұстаздардан тікелей алуға жол ашады. Биыл да жоба қазақстандық білім беру саласында жаңа есімдерді ашып, олардың шығармашылық әлеуетін көрсетуге көмектеседі деп сенеміз, - дейді TikTok компаниясының Түркия, Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы операциялық бөлімінің басшысы Мелис Чағлар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 21:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары