Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Алматы студенттер шахматының әлемдік орталығына айналды

Алматы студенттер шахматының әлемдік орталығына айналды

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Алматыда шахматтан екі бірдей ірі халықаралық жарыс жалауын көтерді: FIDE World University Team Chess Championship финалы және Қазақстан мен әлемнің жасөспірімдер құрамалары арасындағы матч. Қазақстан намысын Қазақ ұлттық спорт университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Almaty Management University қорғайды, деп хабарлайды Aikyn.kz. Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі. 

«Бүгін Қазақстан әлемнің жетекші оқу орындарының атынан келген ең үздік жас шахматшылар тоғысатын орталыққа айналып отыр. Бұл чемпионат тек медаль үшін жарыс емес, сонымен бірге пікір алысу, білім алмасу, университеттер арасындағы байланысты нығайту және мемлекеттер арасында ұзақ мерзімді серіктестік қалыптастыру алаңына айналды», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шахматтың маңызды білім беру құралы екенін, ал Қазақстанда педагогикалық кадрларды даярлауда нақты нәтижелер бар екенін атап өтті: бес педагогикалық жоғары оқу орнының 200-ден астам студенті «Шахмат педагогы» Minor бағдарламасы бойынша білім алса, 31 жоғары оқу орнында шахмат білімі пәндерін қамтитын бағдарламалар жүзеге асырылуда. Оның айтуынша, келесі маңызды кезең QyzPU негізінде KazChessLab оқу-әдістемелік зертханасының ашылуы болды.

«Шахмат – бұл жай ғана интеллектуалды ойын емес, ол сыни ойлауды, дербестікті, жауапкершілік пен стратегиялық жоспарлау қабілетін дамытатын тиімді білім беру құралы. Сондықтан біз үшін шахмат білімін оқу үдерісіне кәсіби түрде кірістіре алатын педагогтарды даярлау өте маңызды. Бұл – педагогикалық білім сапасын арттыруға ғана емес, сонымен бірге еліміздің адам капиталы мен интеллектуалдық әлеуетін дамытуға қосылған үлес», – деді министр.

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов бұл турнирдің Алматыда өтуі Қазақстан мен ұлттық федерацияның әлемдік шахмат қозғалысындағы орнын айғақтайтынын баса айтты. Сондай-ақ студенттер шахматын дамыту басты басымдықтардың бірі болып табылады, өйткені дәл осы университет ортасында спорт шеңберінен шығатын маңызды байланыстар орнайды.

Тарихтан белгілі, шахмат Үндістанда пайда болып, Парсы елінде шыңдалды. Кейін сан тарапты сауда жолдары арқылы әлемге тарады, олардың бірі тура осы Алматы тауларының бөктерінен өткен еді. Мың жарым жылдан соң ойын өзі бастау алған тарихи тоғысқа қайта оралды. Қазақстан мен Алматының бүгін осы тарихи кезеңді қабылдап жатқаны еліміздің және әлемдік шахматтың қозғаушы күшіне айналған федерациямыздың салмағын сөзсіз дәлелдейді. Сонымен бірге студенттер шахматын дамыту – біз үшін басты басымдықтардың бірі, өйткені бүгінде дәл осы университеттер ортасы шахмат тақтасы шеңберінен шығып, бүкіл әлем бойынша ғылымда, білімде және бірлескен жобаларда жалғасын табатын байланыстар мен таныстықтар орнайды», – деді Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахим Алматының 236 мыңнан астам студенті бар студенттер қаласы екенін, сондықтан әлемнің әртүрлі елдерінен келген жастардың басын қосатын чемпионаттың дәл осы шаһарда өтуінің символдық мәні бар екенін атап өтті.

Қатысушылардың 1 тамыздағы орташа рейтингі бойынша көшбасшылар қатарына Saint Louis University (2577), Ural State Mining University (2514), University of Texas at Dallas (2441) және Қазақ ұлттық спорт университеті (2420) кірді.

Қазақстандық командалар құрамы:   

•          KNUS: GM Қазыбек Нөгербек (2495), IM Сәтбек Ахмединов (2400), IM Арыстан Исанжулов (2385), IM Меруерт Камалиденова (2400), Әлішер Мажкенов (2180);

•          Farabi University: FM Ерлан Тілеуханов (2296), Бекарыс Тұрсынәлі (2024), Сұлтан Аманжол (1982), WCM Әсель Лесбекова (1954, Қырғызстан), Дарина Ақпанбетова (1569);

•          AlmaU: FM Жәңгір Бижігітов (2272), Диас Әлімбетов (2149), FM Нұрасыл Жұмабек (2025), Нұрай Еркінбек (1502), Әнуар Уәлихан (1648).

Сонымен қатар 4–5 тамыз аралығында 8-ден 18 жасқа дейінгі Қазақстан мен әлемнің жасөспірімдер құрамалары арасында матч өтеді. Жарыс ұлдар мен қыздар арасында бөлек, алдымен рапид, кейін блиц форматында ұйымдастырылады. Матчтың жалпы жүлде қоры – 15 млн теңге.

Жарысты Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE), ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан шахмат федерациясы және Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Бас серіктестер: Freedom компаниялар тобы мен «Шапағат» корпоративтік қоры.

Ресми серіктестер: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Almaty Tourism Bureau мен Visit Almaty, Herbalife компаниясы, Lichess.org онлайн-платформасы, «Zigi-Zagi» сусындар бренді, Qutty Band смарт-сағаттар бренді.

Жарыстың ақпараттық серіктестері: «Евразия» бірінші арнасы, Qazsport, «Хабар» агенттігі, 24.kz, Jibek Joly, Silk Way, 7tv, «Астана» телеарнасы, «МИР» ТРК, Sport+, «Курсив», «ҚазАқпарат», Tengrinews, TengriSport, Vesti.kz, Amanat media group, NewTimes, Bes.media, Aikyn.kz, Liter.kz, DK News, Ult.kz, Sportinform.kz, Azattyq Ruhy, Turkystan.kz, Жұлдыз FM, NS Радиосы, Orda.fm, Toppress, Today Info, Chessно говоря, Chess Base.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 18:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары