Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Қазақстан жаңа дипломатиялық тартылыс орталығына айналды журналист Хавьер М. Пьедра

Қазақстан жаңа дипломатиялық тартылыс орталығына айналды журналист Хавьер М. Пьедра

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

The Times of Central Asia басылымының вашингтондық тілшісі Хавьер М. Пьедра Қазақстанның өңірлік архитектурадағы ерекше рөлі мен Дональд Трамп әкімшілігі кезінде АҚШ саясатының қалай өзгергені туралы сұхбат берді.

- Пьедра мырза, АҚШ-тың арнайы өкілі Серджио Гор мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландаудың Қазақстанға сапары Вашингтондағы саммит алдындағы маңызды оқиға болды. Дональд Трамп билікке келгеннен кейін біздің елдер арасындағы қарым-қатынас қалай өзгерді және C5+1 саммитінен не күтуге болады?

- Күмәнсіз, АҚШ пен Қазақстан және тұтастай алғанда Орталық Азия арасындағы қарым-қатынас нағыз түрлену кезеңін бастан өткеріп жатыр. Қазір Орталық Азия Вашингтон үшін басым бағытқа айналды. Бұрынғы миссиялардан айырмашылығы, Гор, Ландау мырзалар Қасым-Жомарт Тоқаевпен өзара түсіністік орната алды, олардың диалогы тек риторика мен ұрандар деңгейінде қалған жоқ. Келіссөздер нақты мазмұнмен өтті, бұл айқын сезілді. Алдағы саммит бұрыннан күтілген және пісіп-жетілген оқиға. Қазір тараптар сөзден іске көшуге дайын. Дональд Трамптың сыртқы саясаты - АҚШ тарихындағы ерекше құбылыс. Ол прагматикалық сипатқа ие және идеологиялық қағидалардан ада. Мақсаты – өзара тиімді ынтымақтастық орнату, жабдықтау тізбегін дамыту және ресурстарға мұнай мен газдан бастап стратегиялық минералдарға дейін қол жеткізу. Орталық Азия үшін бұл көптен күткен бағыт өзгерісі, себебі бұрынғы әкімшілік көбіне өздерінің әлеуметтік немесе саяси моделін жүргізуге тырысатын.

- C5+1 саммитінің АҚШ пен өңір елдері арасындағы диалогты нығайтудағы маңызын қалай бағалайсыз?

- Әріптесім Алекс Греймен бірнеше жыл бұрын Вашингтонға «Орталық Азияға бет бұратын уақыт келді» деп жазған едік. Бұл өңір стратегиялық тұрғыдан аса маңызды, сондықтан АҚШ Қытай мен Ресеймен бәсекелес болу үшін саясатын түзетуі қажет. Бүгінде бұл бағыт нақты іске асып жатыр. Менің ойымша, Вашингтондағы саммитте көшбасшылар басты қағидаттарға, яғни сенім, серіктестік және жеке инвестиция тарту мәселелеріне баса назар аударады.

- Қазақстан ұзақ үзілістен кейін АҚШ-пен белсенді жақындасу кезеңін көрсетіп отыр. Бұл тұрғыда Астана мен Вашингтон қандай стратегиялық мақсаттарды көздеуі мүмкін?

- Трамп әкімшілігінің саясаты «прагматикалық реализмге» негізделген. Орталық Азия елдері бұл ұстанымды оң қабылдап отыр, әсіресе айтылған сөз нақты іспен дәлелденсе. Америкалық дипломатия қазір бұрынғы әкімшіліктерге тән жария түрде үйрету немесе қысым көрсету тәсілінен бас тартып, анағұрлым құрметті сипатқа ие болып келеді. Бұл өзара сенім орнатуға септігін тигізеді. Вашингтонның «АҚШ – Орталық Азия 2019–2025» стратегиясын жаңартып, егемендік, экономика және Қытай мен Ресеймен бәсекелестікке басымдық беруі әбден мүмкін.

- Президент Тоқаев Дональд Трампқа алғыс білдіріп, оның сыртқы саясатын қолдады. Бұл ишараны қалай түсіндіруге болады?

- Тоқаевты түсіну үшін оның соңғы халыққа жолдауларын қайта оқу жеткілікті. Ол егемендікті, рухани және мәдени мұраны, дәстүрлі құндылықтарды қорғауға баса назар аударады. Алғыс – жай дипломатиялық ишара емес, халықаралық қатынастардағы парасатты ұстаным идеясымен келісімнің белгісі. Қазақстан қазіргі дипломатияның прагматикалық әрі дәстүрді құрметтей алатынын көрсетіп отыр.

- Сіздің ойыңызша, саммитте қандай тақырыптар негіз болмақ, яғни қауіпсіздік, энергетика әлде экономика ма?

- Барлығы бірге қамтылады. Талқыланатын мәселелер қатарында энергетика, пайдалы қазбаларды өндіру, көлік, ауыл шаруашылығы сонымен қоса әрине, жасанды интеллект тақырыбы. Тоқаев айтып жүрген «Ұлы ойынның орнына - Ұлы пайда» қағидасы өңір үшін тамаша ұран. Ең бастысы – Орталық Азия сенім мен мүдде теңгерімі сақталған аймақ болып қалуы керек.

- Қазақстан АҚШ-пен сауда-экономикалық байланысты нығайтуды көздейтінін мәлімдеді. Инвестиция, стратегиялық минералдар және цифрландыру саласында қандай нақты мүмкіндіктер көріп отырсыз?

- Қазақстан стратегиялық маңызы бар минералдарға бай. Оның үстіне тау-кен өнеркәсібі Еуразиядағы ең әлеуетті салалардың бірі. Соңғы жылдары ел экономикасы 16 пайызға өсіп, ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) шамамен 291 млрд АҚШ долларына жетті, ал жан басына шаққандағы табыс 14 мың доллардан асты. Америкалық компаниялар қазірдің өзінде қызығушылық танытып отыр, оның ішінде миллиардтаған долларлық теміржол және энергетика жобаларына қатысу ниеті бар.

- АҚШ пен Қазақстан арасындағы диалогты нығайту Орталық Азиядағы күш тепе-теңдігіне қалай әсер етуі мүмкін?

- Қазақстанның сыртқы саясаты икемділік пен тепе-теңдік қағидатына негізделген. Астана АҚШ-пен, Қытаймен, Ресеймен және Еуропалық одақпен қарым-қатынасты дамыта отырып, бір ғана әріптеске тәуелді болудан сақтанады. Қазақстан прагматизм мен орнықты даму бағытына басымдық беретін «орта державаға» айналып келеді және осы тұрғыдан алғанда құрметке лайық саясат.

- Президент Тоқаев «Орталық Азияның жаһандық үдерістердегі рөлі артып келе жатқанын» атап өтті. Өңірді әлем алдында маңызды ететін не?

- Қазақстан мен оның көршілері халықаралық диалогты сенімді түрде, бірақ агрессиясыз жүргізіп отыр. Олар әлемге парасаттылықты, бейбітшіл ұстанымды және болжамдылықты ұсынады. Өңірді біріктіріп тұрған басты мақсат – тұрақтылыққа ұмтылу, бұл сенім тудырады. Орталық Азия – жай ғана географиялық кеңістік емес, идеялар, ынтымақтастық және дипломатияның өсіп келе жатқан орталығы.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 19:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары