Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Қазақмыс кеніштердегі еңбек жағдайын жақсартуға кірісті

Қазақмыс кеніштердегі еңбек жағдайын жақсартуға кірісті

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жезқазған өңіріндегі кеніштердің өндірістік әлеуетін арттырумен қатар, жұмысшылардың еңбек және тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырып жатыр.
Компания өндірістік инфрақұрылымды жаңартып, техника паркін күшейтуге және әлеуметтік нысандарды жөндеуге миллиардтаған теңге инвестиция бөлуде.

Бағдарламаның жүзеге асырылу барысын компанияның басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жезқазған өңіріне жасаған жұмыс сапары кезінде талқылады. Ол Оңтүстік және Батыс Жезқазған кеніштеріндегі өндірістік бөлімшелердің жұмысымен танысып, еңбек ұжымдарымен кездесті.

Компания мәліметінше, кеніштердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін өздігінен жүретін тау-кен техникасын жөндеуге 6,7 млрд теңге бағытталған. Сонымен қатар өндірістік активтерді жаңғырту аясында техника сатып алу саясаты қайта қаралып, сенімділігі төмен жабдықтардан бас тарту туралы шешім қабылданған. Енді басымдық әлемдік жетекші өндірушілердің сервистік қолдауы жоғары техникаларына берілмек.

Осы мақсатта жалпы құны 9,9 млрд теңгеге 19 өздігінен жүретін бұрғылау қондырғысын сатып алу жоспарланған. Оның алғашқы сегізі жыл соңына дейін жеткізіледі деп күтілуде.

Тұрмыстық жағдайды жақсартуға басымдық берілді

«Қазақмыс» өндірістік көрсеткіштермен қатар жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да ерекше көңіл бөліп отыр. Оңтүстік Жезқазған кенішінде №65 шахтаның тұрмыстық корпусы жөнделіп, ауданы 2,9 мың шаршы метр болатын әкімшілік-тұрмыстық комбинаттың шатыры күрделі жөндеуден өтеді.

Ал Батыс Жезқазған кенішінде №73–75 шахталарының әкімшілік-тұрмыстық кешені мен жылы өткелі жаңартылып, №67 шахтадағы жуыну және киім ауыстыру бөлмелері толық жөнделмек.

Жұмысшыларды арнайы киіммен, жеке қорғаныс құралдарымен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі де компания басшылығының бақылауында екені айтылды.

Қауіпсіздік пен медицинаға инвестиция

Өндірістегі қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмаған. Кәсіпорындар үшін жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын 25 заманауи реанимобиль сатып алынған. Арнайы техникалар өндірістік алаңдарға кезең-кезеңімен жеткізіледі.

Сонымен бірге ішкі қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында бірқатар техникалық жұмыстарды мердігерлерсіз, арнайы дайындықтан өткен кәсіпорын мамандарының өз күшімен атқару мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл өндірістік процестердің тиімділігін арттырып қана қоймай, қызметкерлердің қосымша табыс табуына мүмкіндік береді.

Жұмыс сапарының қорытындысында Руслан Өскенәлі қабылданған шешімдердің нақты нәтиже беруі маңызды екенін атап өтті.

«Біздің міндетіміз – өндірістік жоспарды орындаумен қатар, адамдарға қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайын жасау. Көтерілген барлық мәселе нақты шешімін тауып, тұрақты бақылауда болуы тиіс», – деді компания басшысы.

Сарапшылардың пікірінше, өндірістік қауіпсіздікке, еңбек жағдайына және әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталған мұндай инвестициялар кен өндіру саласындағы кадр тұрақтылығын қамтамасыз етіп, кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Маусым 2026 16:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары