Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Алтын белбеу жолындағы айқас

Алтын белбеу жолындағы айқас

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атын­дағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен дәстүрлі «Қазақстан барысы – 2025» респуб­ли­ка­лық турнирі өтті. 2011 жылдан бері жүл­гесі үзілмей келе жатқан, 14-мәрте ұйымдас­тырылған додада 43 балуан белдесті. Жарыста жеңімпаз атанған Марат Бай­қамұровты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Өңірлерде түрлі сайыстарға қаты­сып, бағын сынап, дзюдо, қазақ күресі­нен халықаралық додаларда қары­мын байқатып, әлеуетін танытқан балуандардың белдесуі биыл да тартыс­ты өтті. Көпшілік турнирдің былтырғы жеңім­пазы Ерасыл Қажыбаевқа зор сенім арт­қан еді. Салмағы 150 кг тартатын атан жілік, апайтөс балуан бабына еніп зар күйінде жүрген-ді.

Биыл ақпан айында Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан өткен Grand Slam турнирінде қола жүлде еншіледі. Мамыр айында Астана қаласында түңлігін түрген Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің финалдық тартысында сүрініп, күміспен күптелді. Былтырғы жеткен биігіне осы жолы да ат байлау мақсатында тынбай тер төкті. Алтын белбеу­ден үміткерлердің арасында маңғыстаулық «Қара бура» Нұрдәулет Жарылғаповтың да есімі жиі аталды. Белдесу алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде Нұрдәулет салмағы 167 кг тартып, ең алып балуан болып танылған еді. Биылғы «Әскер барысы» турнирінде дара шыққан Марат Байқамұров та көптің аузында жүрді.

Түйе балуандардың тартысына қатысушы­лар арасындағы «шау тартқан» спортшы  – Саят Шамшиев. 37 жастағы сақа балуан қазақ күресінен 2010 жылы әлем чемпионы атанды, былтыр «Қазақстан барысы» турнирінде қола белбеуді еншіледі. Саят та биылғы сайыстың алтын белбеуінен үмітті екенін аңғартқан.  Үш жыл бұрын «Қазақстан барысы» атанған қызылордалық Мақсат Исағабылов та екі дүркін жеңімпаз атануға барын салатынын айтты. Қатысушылар арасындағы ең жас балуан – жиырмаға енді іліккен ақтөбелік Әмірбек Рахимов та «қой асығы демеңіз, қолыңа жақса сақа тұт» дегенді дәлелдеуге тырысатынын жеткізді. Қазақстан чемпио­натында күміс медаль олжалап, «Жас барыс» турнирінде жеңіске жетіп, есім-сойы ел аузына ілінген балуан, алдыңғы буын аға­ларымен күрескенде тартынбайтынын аң­ғартты. Турнирге қатысушылардың арасында салмағы жеңіл тартқан Ерсін Сейітқазынов (91 кг) та Абай облысынан Астанаға бекер келмегенін дәлелдейтінін байқатқан.

Дода басталмас бұрын балуандардың барлығы да Жекпе-жек сарайының төріне төселген кілемге шығып, қыздырынып, сайыс­тың аурасын сезінді. «Қазақстан барысы» турниріне өңірлерден қатысушы жас та­ланттар қатары жылдан-жылға ар­тып келеді. Биыл да республикалық сайыс­­қа өңірлердегі іріктеуден өтіп келген балуан­дардың қарымдылығы аңғарылды. Тіпті күтпеген нәтижелер де тіркелді. Тәжірибелі балуандардың көпшілігі орта жолдан тоқтады.     

Жекпе-жек сарайын қиқулап дүбірге бөлеген жанкүйерлердің де, күрес маман­дарының да болжауы дәл келді. Жартылай финалдық белдесуде Ерасыл Қажыбаев Нұрдәулет Жарылғаповты жықса, Марат Байқамұров Ерасыл Амангелдіден айласын асырды. Аз-кем үзілістен кейін финалдық жекпе-жек те басталды. Ерасыл бойшаңдығы мен салмағының ауырлығына арқа сүйеп қарсыласын сілелетіп алып жығамын деп жүріп оңбай жаңылысты. Мараттың тобығынан қаққаны сол еді, Байқамұров қарсы әдіс қолданып, оның өзін омақастырды. Марапаттау рәсімінен кейін ой бөліскен ба­луан бұл жеңіс тынымсыз төккен тердің өтеуіне бұйырған жүлде екенін айтты. 

– Барлық белдесу жеңіл соққан жоқ. Себебі әр өңірдегі іріктеуден өтіп, бабында келген балуандардың қай-қайсысы да алтын белбеу мен тайтұяқтан, қомақты сыйақыдан үмітті болды. Финалда Ерасыл Қажыбаевпен жолым түйісті. Қазақ күресінен, дзюдодан ұлттық құраманың мүшесі, бірқатар халықаралық додаларда олжа салған саңлақ. Былтыр осы «Қазақстан барысы» турнирінде топ жарды. Соңғы белдесуде босаңсып қалғандай көрінді. Екеуміз сайыс алдында күш сынасып көріп, есе жіберген едім. Әкемнің арманын орындадым. «Алтын белбеуді тағынып, тайтұяқты қолыңа ұстап тұғырға  шығуыңды тілеймін» деп әрдайым қанаттандырды. Бұған дейін екі мәрте қатысып сүріндім. «Ер кезегі үшке дейін» деген, осы жолы бұйырған екен, – деді Марат Байқамұров. 43 балуанның арасынан суырылып финалға дейін жетіп, күміс белбеу алған Ерасыл Қажыбаев көңілі қоңылтақсып тұрғанын жасырмады.

– Абай еліне былтырғы жеңісімді қайта­лап, алтын белбеу мен тайтұяқты алып қайту­ға серт беріп едім. Бұйырмай тұр екен, асы­ғыс­тықпен әрекет етіп, Мараттың тұзағына түсіп қалдым, – деді турнирдің былтырғы жеңімпазы.

Қола белбеу үшін белдесуде маңғыстаулық «Қара бура» – Нұрдәулет Жарылғапов Ақтөбе облысының үмітін арқалап келген Ерасыл Амангелдіні көп күшін сарқымай жеңді. Биылғы додада белдескен балуандар  арасында осы турнирге ең көп қатысқан саңлақ та осы – Нұрдәулет. Сегізінші мәрте сынға түсті. 2022 жылы финалға жетіп, қызылордалық Мақсат Исағабыловқа есе жіберді. 2023 жылы «Әскер барысы» жамбылдық Ғалымжан Қырық­байдан аса алмай, екінші рет күміспен күп­тел­ді. Бұл жолы қола белбеуді қанағат тұтты.  

Қазақ спортының ардагері, білікті бапкер Марат Жахитов «Қазақстан барысы» турнирі ел ішіндегі түйе балуандардың талабын ұштап, шарболаттай шыңдап жатқанына тоқталды. 

– Жыл сайын турнирді арнайы келіп тамашалаймын. Жас балуандардың жігері, жеңіске деген ұмтылысы қуантады. Биыл да жаңа есім жарқырап көрініп, күтпеген нәтиже тіркелетініне сендім. Өйткені түйе балуандардың қай-қайсы да бұл турнирге бойы тыңғылықты әзірленіп, барын салып жаттығады.  Ұлттық ойындарымыз, төл спортымыз – қазақ күресіне де мемлекеттің  қолдауы артып келеді. Соның бір дәлелі осы турнир, – дейді ардагер бапкер.

«Қазақстан барысы» республикалық турнирінің бас серіктестері – «Самұрық-Қазына» АҚ, «Sport Qory» . Жалпы жүлде қоры – 27 млн теңге. Турнир жеңімпазына – 15 млн теңге, алтын тайтұяқ, күміс белбеу иегеріне 3,3 млн, қола белбеу олжалаған балуанға 1,08 млн теңге сыйақы берілді.  Іріктеу сынындағы әрбір жеңісіне балуандар 100 мың теңгеден сыйақы алды. Алтын, күміс, қола белбеу иегері атанған балуандардың жеке бапкерлері де сыйақы алды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 12:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары