Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Ақ билет үшін 350 мың. Ақмола облысының дәрігері әскерге шақырылушыларды қалай алдаған

Ақ билет үшін 350 мың. Ақмола облысының дәрігері әскерге шақырылушыларды қалай алдаған

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

2026 жылдың наурызында Ақмола облысының полициясына өзін дәрігермін деп таныстырған белгісіз ер адамның үстінен үш жігіттен арыз түсті. Ол әскерге шақыруды кейінге қалдыруға көмектесуге уәде берген. Күдіктіге көрсеткен қызметі үшін 1,2 миллион теңгеден аса қаражат берілген. Алайда арызданушылар не құжатты, не ақшаны ала алмаған. 14 сәуірде сот дәрігерге қатысты үкім шығарды. Мән-жайды TengriHealth тілшісі анықтап көрді.

Схема қалай жұмыс істеген?

"Сот кабинетінен" алынған ақпаратқа сәйкес, Целиноград аудандық емханасының 30 жастағы жалпы практика дәрігері А. М. 2025 жылдың күзі мен қысында емделушілерінің таныстарына әскери қызметтен кейінге қалдыруға көмектесуді ұсынған.

Ол мессенджерлер арқылы байланысып, "ақ билет" рәсімдеп бере алатынына сендірген. Өз қызметі үшін орта есеппен 350 мың теңге сұраған.

Алғашқы оқиға 2025 жылғы қазанда болған. Қабылдау кезінде емделушілердің бірі дәрігерге әскерден кейінге қалдыруды қалайтын таныстары бар екенін айтқан. Содан кейін А. М. оған өзі хабарласып, "мәселені шешіп беруді" ұсынған.

"А. М. жәбірленушіге әскерден кейінге қалдыру туралы ұсыныс жазып, жігітті алдап, "ақ билет" жасап бере алатынына сендірген. Бірақ бұл үшін қызмет ақысы ретінде 350 мың теңге көлемінде ақша аудару қажеттігін айтқан", - делінген үкімде.

Нәтижесінде жәбірленуші дәрігерге бірнеше төлеммен барлығы 550 мың теңге аударған.

Жаңа құрбандар

Мұнымен дәрігер тоқтап қалмаған. Желтоқсанда ол дәл осы схеманы жалғастырған. Жәбірленушілердің бірі оған әскерден кейінге қалдыруға көмектесуін сұрап, өзі жазған.

"Дәрігер мұндай қызметті көрсетуге мүмкіндігі жоқ екенін біле тұра, өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, жәбірленушінің сеніміне кірген және "ақ билет" жасап беруге уәде берген. Кейін 350 000 теңге көлемінде ақша аударуды сұраған".

Іс материалдарына сәйкес, кейінірек А. М. "клиентіне" медициналық комиссиямен келісіп қойғанын, бірақ олардың "ставканы" көтергенін, сондықтан тағы 10 мың теңге табу керектігін айтқан.

Біраз уақыттан кейін жігіт қосымша соманы аударған. Дәрігер осындай әдіспен тағы бір адамды алдап соққан. Сот дәрігердің барлық ақшаны өз қажетіне жұмсағанын анықтады.

Сот шешімі

Тергеу барысында ер адам кінәсін толық мойындап, өкінетінін жеткізді. Сондай-ақ ол жәбірленушілерге барлық ақшаны қайтарғаны туралы қолхаттарды ұсынды.

"Шығынның толық өтелуіне байланысты жігіттер іс бойынша азаматтық талап арыздардан бас тартатынын мәлімдеді", - делінген үкімде.

Нәтижесінде дәрігер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол бір жыл мерзімге медициналық ұйымдарда медициналық қызмет көрсету құқығынан айырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Әскер

дәрігер

алдау

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:257
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Мамыр 2026 17:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары