Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Арманын аялап өткен Жақау

Арманын аялап өткен Жақау

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қаламы қарымды журналистиканы жай кәсіп емес, халықтың мұңын жеткізер аманат деп танып, бар ғұмырын рухани құндылықтарды дәріптеуге арнады. Парасат пен пайымды серік еткен қаламгердің еңбектері оқырманын ойлантып қана қоймай, ой салады. Жақау Дәуренбеков – сөзімен із қалдырған, өнегелі жолымен кейінгі буынға бағыт-бағдар көрсеткен ардақты есім. Баспа ісінде де ізгі ісі қалды. Жақау Дәуренбеков көзі тірі болғанда, биыл 80-ге толар еді. Қаламгердің жары Шұға Дәуренбекова қаламгер туралы әсерлі естелігін бөлісті. 

Алғашқы таныстық

Жақау екеуміз универ­си­тет­те жүргенде таныс­тық. Ол кезде Жақау Журна­лис­ти­ка факультетінде оқитын. Ме­нің соңғы курста оқитын ке­зім. Жәкеңнің бөлмесі менің бөл­меме қарама-қарсы еді. Ол кез­де «Лениншіл жастың» тіл­ші­сі. Танылып қалған кезі. Жатақ­ха­нада бір-бірімізбен ауыс-түйі­сіп жүре береміз ғой. Бір күні шай ішейік десек, шайымыз бітіп қа­лып­ты. Сосын жанымдағы қыз­дар: «сен барып келші, саған шай бе­реді», – деп, мені жұмсап жі­бер­ді. Оны-мұны сұрауға үнемі ме­ні жұмсайтын әдеті бар-ды. Ол бөлмеде үнемі елпілдеп Жәкең жү­реді. Сол шайдың аяғы махаб­бат шайына ұласты ғой.

Жәкең мінезі биязы, ізетпен ға­на сөйлейтін, жақсы жігіт еді. Іш­кі тегеуріні мықты болатын. Мен – Көкшетаудың қызымын, ол – Аралдан. Көкшенің қызы мен Аралдың жігіті сөйтіп жарас­ты. 

Жоғары оқу орнын тәмам­да­ған Жақауды сол кездегі тара­лы­мы 300-400 мыңға жететін, ең көп оқы­латын «Лениншіл жас» газе­ті­нің бас редакторы Сейдахмет Бер­діқұлов шақыртып алады. Ал­ғашқыда аға әдеби қызметкер, бө­лім меңгерушісі болып жур­на­лис­тік еңбек жолын бастаған Жа­қау кейін алқа мүшесі ретінде қы­руар қызмет атқарды. Оң жам­басына келген талай мақалалары кең-байтақ еліміздің тұс-тұсын­да­ғы оқырмандарын тамсан­ды­р­ды, таңдандырды. Ұзақ жылдар жас­тар газетінде журналистік тә­жірибе жинақтаған, жазу-сызуға төселген Жақау «Өнер» бас­пасы бас редакторының орын­басары, 1994 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін «Ана тілі» баспасының редакторы қызметін абыройлы атқарды. 

Қалам ұстаған жандар

Жақау бесінші сыныптан ма­қала жазуды бастаған екен. Ағасы Шыңғыс Айбосынов де­ген бар. Ол кісі де қалам ұстаған адам. Жәкең әкесінің атына жа­зыл­­ған. Қалған бауырларының бәрі атасының атын иемденген. Шың­ғыс ағасы 90-ға жақындап қалды. Одан кейін бір ағасы бар: жа­сы – 86-да. Одан үлкен бір апа­сы бар, ол 95-ке келді. Жақау да ұзақ ғұмыр жасайтын еді, ковид­тен кетіп қалды.

Жәкең жазуды ағасы Шыңғыс аға­сынан үйренген. Алғашқы жаз­балары «Қазақстан пионері» га­зетіне, «Пионер» журналына шы­ғып тұрған. Мектеп бітірген соң, аудандық газетке жұмысқа тұ­рады. «Толқын» газетінде жүр­генінде Шөмішбай Сариевпен та­нысып, екеуі жақсы дос болып кет­ті. Қазақ мемлекеттік уни­вер­си­тетіне де қатар келді. Темірбек Қо­жакеев ағай «үшеуің бірдей жақ­сы жазыпсыңдар, қабылдау ко­миссиясында таныстарың жоқ па?» деп күлген екен. Алғыр, бі­лім­ді жастар ғой, бәрі де бірдей сту­дент атаныпты. Түлектерді ха­­­­барлап жатқан кезде марқұм Мұх­тар Мағауин: «Дәуренбеков де­ген кім?» – деп сұрапты. Бұл: «Мен», – деп орнынан тұрған ғой. Сөйтсе, Мұхтар аға Жақауды қа­сына шақырып алып: «Шы­ғар­маң өте жақсы екен. Сені уни­вер­си­тетке бірден қабылдап ала­мыз», – деп айтыпты. 

Біз жақсы өмір сүрдік. От­ба­сын­да у-шу, артық әңгіме, ұрыс-керіс болған жоқ. Соның бәрі ағаларыңның арқасы. Ағаңның мінезі – ақылды мінез. Бәріне са­бырмен келеді. Жазу жазғанда көп мазасын ала бермейтін едік. Үнемі кабинетіне кіріп алып, оңаша жазуға отыратын. Ол кезде ма­засын алмауға тырысып, ба­ла­лар да сыбдырын білдірмейтін. Шы­ғармашылық адамының ба­бын солай жасамасаң, жазу жаза ал­майды ғой. Жақау жазудың ада­­мы, ол үнемі бір дүниелерді қа­­­­ғазға түсіріп жүретін. Соның бәрі құнды дүниеге, кітапқа ай­нал­ды. 

«Лениншіл жас» газетінен кейін Серік Әбдірайымов ша­қы­рып, біраз уақыт «Өнер» баспа­сын­да жұмыс істеді. Кейін ми­нистр Алтынбек Сәрсенбаев ша­қырып алып, «Ана тіліне» бас­тық қылып жіберді. Алтын­бек­тің «Жәке, сіз істің адамысыз. «Ана тілін» биік деңгейге кө­теруі­міз керек» дегенін Жәкеңнің күн­делігінен оқыдым. «Ана тілін­де» жүріп, көптеген сөздіктер шы­­ғарды. Тіл тазалығы үшін жұ­­мыс атқарды. Көлемі кішкен­тай болғанымен, мазмұны жо­ғары болды, әрі таралымы да көп еді. Оның бәрімен тіл мамандары айналысты. 

Достар, достар...

Жақаудың етене жақын ара­ласқан адамдары – Бақ­қожа Мұқай, Шөмішбай Са­риев, Смағұл Елубай, Сұлтанәлі Бал­ғабаев, Жанат Елшібек, Ма­ғира Қожахметова, Сара Ләтиева. Бәрі қатар жүрді. Біз бәріміз от­басымызбен араластық. Балалар бір­ге өсті. Сағат Әшімбаевпен көр­ші тұрдық. Сағат туралы «Жа­нып кеткен жүрек» деп Жа­қау ал­ғаш жазып еді. Баққожа да ке­тіп қалды. Шөмішбай досы­мыз­дан да ерте айырылдық. Сұл­та­нәлі, Смағұл қазір Алматыда тұ­­­рады. Біз Астанаға көшіп кет­тік. 

Қадыр ағамен де жақсы ара­ласты. Жұрт жекешелендіруге кө­шіп жатқан кезде, Қадыр аға екеуі бірігіп, бір көлік сатып ала­ды. Сөйтіп, біраз уақыт Жақау Қа­дыр ағаны тасып жүрді. Бен­зинге ақшаны екеуі бөліп төлейді. «Қал­ған ақшаға жақсы кітап шы­ғарайық», – депті. 

Жайдан жай адамнан жур­на­лист шыға қоймайды ғой. Бұ­лар­дың тұқымында тектілік бар. Ата­мыз кітап көп жинаған кісі екен. Балаларының бәрі қалам ұстаған жан болуына әкелерінің де кітапқұмарлығы әсер етсе ке­рек. Жәкеңнің көркем дүние жа­зуға, журналист болуға қабілеті ер­те, бала кезден қалыптасты. Жур­налистикадан басталған қа­дам кейін жазушылыққа ұласты.

Мысалы, «Жалын» баспасы­ның бәйгесінде топ жарған «Со­ғыс ойыны» атты повесін кезінде ба­ла түгілі, үлкендер де жата-жас­танып оқыды. Осы шығармадағы ауыл балаларының қимыл-қа­ре­кеті ен далада емін-еркін бал­дәу­рен балалық шағы өтіп жатқан ауыл­дағы кішкентайларға өте ұқ­сас. Армандары таудай биік, көңіл­дері құстай ұшқыр бала­лар­дың айна-қатесіз сомдалған бар жиынтық түйіні осы шығармада айшықталғанын көреміз. «Күн ұясы», «Саяқ» дейтін шығарма­лары да оқырманның ыстық ықы­ласына бөленді.

Жақау туралы әріптестері, қа­­­ламдас достары да көп жазды. До­сы Орысбай Әбілдаев: «Па­фос­қа, романтикаға толы шабыт­ты шақтарын Жақау да «Ле­нин­шіл жастың» қабырғасында өт­кізді. Қай тақырыптың да қиюын тауып, сорғалатып жө­не­ле­тін журналистік қолтаңбасы ерте қалыптасқан ол ел аузына да ерте жастан ілікті. Қандай қиын, күр­делі мәселелерді де бой-бойы­мен, жік-жігімен бұтарлап, өзін­дік соны жол тауып, әрі соқпалы өрнектеу ерекшелігі ешкімге ұқ­самайтын. Сол бір қып-қызыл от­тың да ортасына көп түсіп, шы­мырланып, әбден пісіп шық­қан жас журналистиканың нағыз ма­манына айналды», – деп жа­за­ды.

Досы Мағира Жәкеңді үнемі мақтап, мадақтап отырады. Оның «Жақау нақты іс-әрекеттің ада­мы, сырттай қаталдау көрін­гені­мен, жүрегі жұмсақ, ниеті таза, қайырымды, қаламдастарының не жазып, не қойғанынан ұдайы хабардар, әсіресе бұйығылау тірлік кешіп, кітаптарын жарық­қа шығара алмай қиналған әріп­тестеріне көмектесуге әрдайым дайын. Замандастарының ара­сы­нан Жақау Дәуренбековті ай­рық­ша атауымның себебі көп. Ең алды­мен, оның адалдығы, әділ­дігі, қай ортада жүрсе де жүйелі тәртіп орнатып, төңіре­гін­дегі­лер­ді жұмысқа ұйымдастыра білуі қай­ран қалдырды. Екіншіден, же­ке басыма Жақаудың жасаған жақ­сылығын айтпауға дәтім шы­дамайды. Ол кітаптарымның то­лық­қанды тұңғыш рет жарық көруі­не ықпал етті. Өзі басқарып отыр­ған «Ана тілі» баспасы арқы­лы ел-жұртқа танылдым. Ұзақ жылдар еш жерден шығара ал­ма­ған «Адам құпиясы» кіта­бымды қа­лай безендіріп шығарды де­сеңіз­ші?! Мұны қалай ұмытайын. Мен сияқты ондаған, жүздеген ав­тор Жақауға қарыздар болса ке­рек», – деп жазғаны бар. 

Жақаудың үш пьесасы бар. Біреуі, балаларға арналған. Екін­шісі, желтоқсан оқиғасы туралы жа­зылған. «Мұз үстіндегі алау» деп аталады. Енді біреуі – «Үзіл­ген жапырақтар». Әзірге үшеуі де еш жерде қойылған жоқ. Ендігі ар­маным – осы үш пьесасы театр­да қойылса деген тілек. Кө­зім тірісінде аманаттап, театрға өткізсем деп ойлаймын. Жақсы дүние жарыққа шығуы керек ғой. Әйтпесе, тартпада, шаң басқан ар­хивте қалып қоюы мүмкін. 

«Ат тұяғын тай басар»

Жақаудың шығармалары­ның алты томдығы шық­ты. Барлық жинағы – бас-ая­ғы 23 кітап. Одан бөлек, Кемел Тоқаев­тың шығармалар жинағын шы­ғарды. Жазушының кітаптары­ның барлығын тұтас жинақтап, көп томдыққа енгізді. Бұл шығар­малар жинағы қаламгердің 90 жыл­дығында жарық көрді. 

Биыл Жәкеңнің мерейтойына орай, күнделіктерін, естеліктерін жи­нақтап, бір кітап қылып шы­ғар­сақ деп отырмыз. Жақау жаз­ған дүниелер оқырманына жете бер­се, архивте қалып қоймаса де­ген ой ғой. Қаламгердің соңын­да сөз қалады, жазған көркем дү­ниелері қалады. Сол құнды мұ­расы халқына мәңгілік ескерт­кіш болсын деп, жинақтап жа­рық­қа шығарғымыз келіп отыр. 

Ол өзі өле-өлгенше баспа­сөз­ден алыстаған жоқ. Тіпті, газет-жур­налдардың бәрін жаздырып ала­тын. «Егемен Қазақстан», «Ай­қын», «Түркістан, «Ана тілі», «Қа­зақ әдебиеті», тағы басқа га­зет-журнал үйде үзілмейді. Соңғы ақ­шасы болса да, газет-журналға жазылатын. Немерелері де атасы се­кілді газет-журнал оқиды. «Қаз­­­­­поштаның» қызметкерлері де «жалғыз сіздің үйіңізге газет тасимыз» деп күлетін еді. Жазу­шылардың арасында көп жүрдім ғой. Айтар әңгімесі, мінезі бас­қаша болатын. Мүмкін, олардың өзгелерден артықшылығы да осын­да шығар. 

Үш баламыз бар. Ұлымыз Ба­быр – дипломат, екінші қызым Жа­нар әкесінің баспасын бас­қа­рып отыр. Үшінші қызымыз Шев­­рон компаниясында жұмыс іс­­теді. Балалы-шағалы, үлкені шет­­елде білім алып жатыр. Не­ме­релеріміздің бәрі атасының атын абыроймен алып жүр деп мақ­танып отырамын. Екі балам кітап­құмар болды. Үлкен ұлым Бабыр кітапты көп оқиды. Жазуға бейім, әкесінің жазушылық қыры ұлына жұққан секілді. Кейде төгілтіп, көркем дүниелер жазып қоятыны бар. Бабыр деп есімін атасы қойды. Әкесі ұлына күн­де­лік жазуды үйретті. Үшінші сы­нып­тан бастап күнделік жазған Ба­быр әлі күнге мұны әдетке ай­налдырып келеді. Әкесінен жұқ­қан қасиеті болса керек. 

Әкесі балаларын мақтан тұт­ты. Балалары да әке аманатына дақ түсірмей, мұрасына адалдық та­нытып келеді. 

Дайындаған 

Гүлзина БЕКТАС,

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қаңтар 2026 07:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары