Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Әскерде Әли Әлімжанның әсем әні әуеледі

Әскерде Әли Әлімжанның әсем әні әуеледі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінде «Әсем әнім сырнайдай, әлем сүйіп тыңдайды-ай» деп тамылжытып ән салатын ерекше сарбаз қызмет етеді. Жамбыл облысының тумасы, қатардағы  Әли Әлімжан Отан алдындағы борышын өтеумен қатар, әскери қызметін өз өнерімен ұштастырып жүр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әли Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Қызыл Шаруа ауылында дүниеге келген. Мектепте үздік оқып, 11 сыныпты тәмамдаған соң Астана қаласына қоныс аударады. Осы қалада аспаз болып еңбек етіп, мейрамханаларда жиі ән шырқап жүрген.

— Мен Ішкі Істер министрлігі Ұлттық ұлан сарбазымын. Әскери қызмет ұнайды. Ал музыка мен үшін ішкі жан дүниеммен сырласу секілді. Ән айтқанда жүрегімнің бір бөлшегімен бөліскендей боламын, — дейді ол.

2025 жылдың жазында Әли Әлімжанның өмір жолы жаңа арнаға бұрылады. Ол аспаздық пен сахнадан уақытша қол үзіп, Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімнің сапына қосылып, ұландық атанды.

Қазіргі уақытта ол қаланың әртүрлі аудандарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік қызмет атқарады.

— Қызметіміз қалыпты әрі жауапты. Аптасына төрт рет кезекшілікке шығамыз. Көкшетау — тыныш, көрікті шаһар, маған ұнайды, — дейді ол.

Қатардағы Әлімжан көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Әкесі — әскери қызметтің ардагері, бүгінде зейнеткер. Анасы — ауыл мектебінде мұғалім. Үш ағасы отбасылы, ал кенже қарындасы жақында ғана мектеп бітірген.

— Әкем әрдайым: «Әскер адамды шыңдайды» деп айтып отыратын. Ол — мен үшін ер мінезділік пен төзімнің нағыз үлгісі, — дейді сарбаз мақтанышпен.

Әли Әлімжан гитараны өз бетімен меңгерген, арнайы музыкалық білімі жоқ. Ән мәтіндері мен әуендерін шабыты келгенде жазады. Оның «Ғасырлық мұң» атты төл туындысы  уақыт, махаббат және қайтпас рух туралы сыр шертеді. Ұнататын орындаушылары — Қазбек Құрайыш, Молданазар, Ернар Амандық. Ал актерлер арасынан Дәурен Серғазин мен Еркебұлан Дайыровты ерекше құрметтейді.

Бүгінде Әли болашағына нақты жоспарлар құрып жүр. Мерзімді әскери қызметін аяқтаған соң келісімшарт негізінде қалып, әскери оркестр құрамында өнерін жалғастыруды мақсат етеді. Ол погонындағы өнерді абыройлы әрі мәртебелі міндет деп санайды. Сонымен қатар сарбаз болашақта өмірлік жарын тауып, отбасын құруды да армандайтынын жасырмайды.

Қызмет ету, ән салу, шабыт беру — қатардағы Әли Әлімжанның өмірлік ұстанымы. Оның әуезді үні сапта естіліп, әсем әні қарулас достарының  жүректеріне жол табуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 10:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары