Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Астанада жастар саясаты бағытында қандай іс шаралар атқарылып жатыр

Астанада жастар саясаты бағытында қандай іс шаралар атқарылып жатыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы жыл басынан бері білім беру, жұмыспен қамту, волонтерлік қозғалыс, патриоттық тәрбие және салауатты өмір салтын насихаттау сынды негізгі бағыттарды қамтитын бірқатар ауқымды жобаларды іске асырды. Бұл туралы Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде Астанада 481 мыңнан астам жас тұрады.

Биыл елордада 4 жаңа ЖОО ашылды: Cardiff University филиалы, МГИМО филиалы, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің филиалы, Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университеттің филиалы.

Қаладағы 20 жоғары оқу орнында 115 мың студент білім алады. Олардың жайлы тұруы үшін 25 мың орынға арналған 70 жатақхана жұмыс істейді.

Жастарды жұмыспен қамту – негізгі басым бағыттардың бірі. Қалада «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыстар» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

«Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы NEET санатындағы жастардың үлесі 6,2% немесе 28 мың адамды құрайды.

Жастардың еңбек белсенділігін арттыру мақсатында 35 бос жұмыс орны жәрмеңкесі өткізілген. Жазғы маусымда «Жасыл ел» жобасы бойынша 5200 жас жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар «JOLTAP» жобасы аясында жастар SMM, таргетинг, графикалық дизайн сияқты 7 цифрлық бағыт пен тігінші, бариста, бухгалтер секілді 11 жұмысшы мамандығын меңгеруде.

2025 жылдың соңына дейін 5300 адам жұмысшы мамандығы бойынша, 2700 адам цифрлық бағыттар бойынша оқытылады деп жоспарланып отыр», – дейді Самат Ибраев.

Оның айтуынша, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында еріктілердің, студенттердің және қала тұрғындарының қатысуымен ауқымды жұмыс жүргізілді.

Жалпы қамту 100 мыңнан астам адамды құрады. Спикердің мәліметінше,«Заң және тәртіп» жобасы аясында есірткі жарнамасына қатысты жазуларды бояу бойынша тұрақты рейдтер және танымал блогерлермен бірге спорттық жаттығулар өткізіліп келеді.

«ESIRTKISIZ ELORDA» жобасы аясында тренингтер, спорттық турнирлер, подкасттар, шығармашылық байқаулар және имитациялық сот процестері ұйымдастырылады.

Интернет кеңістігінде есірткі заттарының заңсыз сатылымына мониторинг жүргізіліп, әлеуметтік желілер мен маркетплейстерде 12 мыңнан астам парақша тексерілді.

Волонтерлік қозғалыс – жастар саясатының негізгі бағытының бірі. Елордада 50 волонтерлік ұйымды біріктіретін фронт-офис жұмыс істейді, олардың 30-ы белсенді түрде қызмет атқарып отыр. Жалпы волонтерлер саны – шамамен 6000 адам.

Жыл сайын олар халықаралық, республикалық және қалалық деңгейдегі 150-ден астам іс-шараға қатысады. Патриоттық тәрбие бағытында «Жас сарбаз» жобасы жүзеге асуда.

Оның аясында ерлік сабақтары, ардагерлермен кездесулер, фильм көрсетілімдері және патриоттық әндер байқаулары өткізіледі. Қазіргі таңда 63 мектепте және 14 колледжде «Жас сарбаз» сыныптары мен клубтары ашылып, 3000-нан астам жас тәрбиеленуде.

Елордада 30 жастар ұйымы белсенді жұмыс атқарып, әлеуметтік жауапты және бастамашыл жастарды біріктіруде. Бұл жобалар жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, олардың қоғам өміріне қатысуын кеңейтіп, өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін көбейтуде.

Жастар саясатының маңызды бағыты – отбасы институтын нығайту. «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында жас отбасыларға арналған шеберлік сағаттары, спорттық эстафеталар, байқаулар және тренингтер өткізіледі.

Әсіресе, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дәріптейтін «Ең үздік жас отбасы» байқауы ерекше танымал. Бұл жоба жауапты ата-аналық мәдениетті дамытуға және отбасылық берекені нығайтуға ықпал етеді.

Айта кетейік, Астанада жыл басынан бері 14 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 15:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары