Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Ат үстіндегі жұбайлар Президентке тұлпар сыйлағысы келеді

Ат үстіндегі жұбайлар Президентке тұлпар сыйлағысы келеді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

8 тамыз күні Қытайдың Сауан ауданынан жолға шыққан Қуатбек пен Жайна 74 күнді жолда өткізген. Халық жұпты әлеуметтік желіде бақылап, асыға күткен еді. TikTok желісінде өздерін «Ат үстіндегі жұбайлар» деп атаған жұп осы сапар үшін 2500 шақырымды артта қалдырды.

— Бұл біздің тұңғыш сапарымыз емес. 2021 жылдан бері атқа мінуді қолға алғанбыз. Оған себеп болған — денсаулық. Ауылда жүрген кезде бел омыртқам зақымданып, дәрігерге көрінгенде «атқа мінсең, жазылады» деді. Алдымен ауыл, аудан арасында ат мініп жүрдік. Кейін 4300 шақырым жердегі Қытайдың астанасына барып қайттық. Ол кезде де тура осылай 74 күнде жеткенбіз. Бұл жолы да сол уақыт аралығында жеттік, — дейді Қуатбек Нүсіпханұлы «Бүгін LIVE» бағдарламасына берген сұхбатында.

Студия қонақтары сапардағы қызықтарын бөлісті.

— Жолда шаршағанымыз рас. Бірақ халықтың қолдауымен шаршауымыз басылып кетті. Жол бойы қызық болды. Көп адамдар Шашубайдан бастап «сендерді жақсы қолдады, Сарыарқадан бері қарай тіпті тамаша болды» деп айтып жатыр. Арғы жағында, Алматыдан өте сала ауылдардың арасы алыстау болды да, кейде келесі ауылға жете алмай, далаға қонған кездеріміз де болды. Халықтың бәрі жақсы қолдады. Соның ішінде Шашубай халқы Балқаштан ат дүбірімен шығып қарсы алғаннан кейін, қалған кісілер де солай жалғастырды, — дейді олар.

Қытайдан ат терлетіп келе жатқан қандастарды қазақстандықтар да үйлеріне құдайы қонақ етіп, ерекше сый-құрмет көрсетіпті.

— Біз бастапқыда «көбінде далада жатамыз ғой» деп шатырымыз бен қажетті заттарымызды алып алғанбыз. Десе де, ауылдарға жеткенде ондағы азаматтар құдайы қонақ қылып күтіп отырды. Күн суытып кеткен кездерде ағаларымыз отбасылық көлікке дейін орналастырып, жәрдем етті. Оны орыс ағаларымыз айдап, қиын тұстардан өткізіп жіберді. Бұл көлікті көбіне түнде демалуға пайдаландық. Өйткені шатырдың іші қатты суық болды. Оның ішінде тамақ істеп, жатуға да болады, — дейді жұбайлар.

Қуатбек пен Жайна Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүздесіп, Қытайдан мініп келген тұлпарларын сыйға тартқысы келетінін жеткізді.

— Бұл — жол болған соң, өзіміздің жоспарымыз болады. Біз Қытайдан мемлекет аттап келе жатырмыз. Есік ашып, арғы жақтан бері өткенде қалың халық қарсы алып алды. Екі елдің достығы жарасып, осындай берекелі заманда өмір сүріп жатырмыз. Өзіміз жолымыз ақ болсын деп, ақ жүрегімізбен, ақ ниетімізбен арнайы ақ тұлпарды таңдап алғанбыз. Екі жақтағы ағайын-туыстың емін-еркін араласуына есік ашып бергені үшін халық атынан, Қытайдағы қандастарымыздың атынан рақметімізді білдіріп, астымыздағы мініп келген ақ тұлпарымызды Президент атамызға сыйға тартқымыз келеді. Өзімен кезігіп, Қытай елінің ақ сәлемін жеткізсек дейміз. Әзірге өтінішімізді жазып, атамыздың хабарын тосып отырмыз. Ол кісіге де оңай емес. Өзімізге бір отбасыны басқарудың өзі қиын болып жатады. Бір мемлекетті осыншама дәрежеге жеткізіп, жүргізу деген — оңай шаруа емес. Сондықтан шамамыз келгенше жұмысымызды жасап жатырмыз. Солай халықтың және өзіміздің арманымызды орындап қайтсақ па дейміз, — дейді студия қонақтары.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 00:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары