Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Бәйге, жамбы ату, көкпар Қазақтың спорты әлемдік аренада мойындала бастады

Бәйге, жамбы ату, көкпар Қазақтың спорты әлемдік аренада мойындала бастады

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Еуропа төріндегі қазақ шабандозы: қазақтың бәйгесіне не жетпейді?

Ұлыстың ұлы күнінде дала төсін дүбірге бөлейтін бәйгенің орны бөлек. Қазақ үшін ат — ердің намысы. Бүгінде бәйге тек ауылдың думаны емес, әлемдік аренада қазақтың атын шығаратын үлкен индустрияға айналып келеді. Осы орайда Германия атшабарларында топ жарып, әлемді мойындатқан отандасымыз Бауыржан Мырзабаевтың айтар ойы бар.

Фото: Бауыржан Мырзабаевтың Instagram парақшасынан

Соңғы жылдары қазақ ат спортында айтулы оқиға болды. Екі жыл бұрын Дубайдағы Мейдан ипподромында өткен айтулы бәйгеде қазақстандық Кабирхан есімді тұлпар жеңіске жетіп, бүкіл әлемді елең еткізген еді.

— Дубай World Cup жарысының жүлде қоры 12 миллион долларды құрайды. Ол жерде әлемнің ең мықты тұлпарлары жиналады. Қазақстанның атынан шыққан аттың сол жерде жеңіске жетуі елімізде үлкен қызығушылық тудырды. Қазір көптеген кәсіпкерлер хабарласып, Дубайда ат ұстау, сол деңгейдегі бәйгеге тұлпар қосу туралы кеңес сұрайды. Бұл — қазақ бәйгесінің шекарасы кеңейіп, әлемдік деңгейге шығып жатқанының белгісі, — дейді Бауыржан.

Оның пайымынша,  біздің сәйгүліктер кез келген мемлекеттің мықтысын шаң қаптыра алады. Бірақ ол үшін тек ақша емес, сол атты баптайтын, таңдайтын кәсіби ұйымшылдық қажет. Бауыржан үшін жылқы — оның бүкіл өмірі, алайда кәсіби спортта сезімнен бұрын суық ақыл мен дәлдік маңызды. Ол бәйге жолындағы тартысты Алматының кептелісімен салыстыра отырып, нағыз шабандоздың шеберлігін былай сипаттайды:

— Елестетіп көріңізші, астыңызда ең мықты «Порше» тұр, бірақ сіз Әл-Фараби бойындағы кептелісте қалып қойдыңыз. Егер тактикаң қате болса, астыңдағы ат қанша жерден мықты болғанымен, нашар аттың артына тұрып қалып, оза алмай қаласың. Әр аттың өз мінезі болады. Кейбірі алда жүргенді, кейбірі артында тығылып келіп, соңғы сәтте суырылып шыққанды ұнатады. Сен соның бәрін спидометр секілді сезуің керексің. Бәйгеде кім аз қате жіберсе, сол жеңеді, — дейді ол.

Фото: Бауыржан Мырзабаевтың Instagram парақшасынан

Қазақ бәйгесінің бүгінгі ең жанды жері — шабандоз балалардың болашағы. Ауылда бәйгеге шауып, ат құлағында ойнаған балалар есейгенде не істейді? Бауыржанның шетел асуына да осы мәселе түрткі болған.

— Бізде бәйгеден кейін істейтін іс жоқ. Балалар есейіп, салмағы ауырлаған соң қандай мамандыққа барарын білмей дағдарады. Шетелде жокейлер мектебі бар. Онда балалар 3 жыл оқып, жылқының анатомиясын, жарыстың қыр-сырын түгел меңгеріп шығады. Бізде де сондай мектеп салынса, балалар кәсіби жокей немесе менеджер болып қалыптасар еді. Бұл мәселеде үкімет пен кәсіпкерлердің басын қосатын бір ұйымшылдық жетіспей тұр, — дейді.

Қазіргі смартфонға таңылған заманда жылқыға оралу — ұлттық кодты тірілтудің төте жолы. Бауыржан атқа мінудің тек спорттық емес, рухани пайдасы орасан зор екенін айтады.

— Ат жалын тартып мінген бала ешқашан жолда қалмайды, стресс пен депрессияға түспейді. Бұл — біздің қанымызға жазылған қасиет. Ұлттық спорт күнінде айтарым, атқа жақын екенімізді ұмытпайық. Наурыз мейрамында әр қазақтың шаңырағына құт-береке тілеймін. Еліміз тыныш, тұлпарларымыздың дүбірі үзілмесін! — деп түйіндеді сөзін кейіпкер.

Жамбы ату: ДНҚ кодындағы жауынгерлік рух

Қазақтың «мерген» деген атағы — тарихтың тереңінен тамыр тартатын шындық. Бүгінде шапшаңдық пен батырлықтың нышаны — жамбы ату өнері қалалық жастардың арасында қайта түлеп жатыр. Дәстүрлі садақ ату федерациясының вице-президенті Диас Ахметовтің айтуынша, бұл спорт — қазаққа бабадан қалған ең қымбат аманат.

— Жамбы ату мен садақ ату — біздің ДНҚ-да бар код. Ауылда өскен әр бала қолдан садақ жасап, оқ жонады. Сол балалық әуестік бүгін үлкен спортқа айналды. Садақ пен тұлпарды бірге көргенде, нағыз қазақтың ішіндегі рухы оянады. Біз үшін атты бірінші бағындырған, ат құлағында ойнаған бабалардың жолын жалғау – үлкен мәртебе, – дейді Диас Берікұлы.

Фото: Диас Ахметовтің жеке мұрағатынан

Жамбы ату деген жерде тұрып садақ ату емес. Бұл жерде аттың бабы мен мергеннің дәлдігі таразыға түседі. Диас Ахметовтің пайымынша, ат спорты өте ауыр үдеріс. Атқа барып, оны таңертең тарау, жуындыру, тілін табу – бала күтімімен бірдей.

— Ат — бала сияқты. Оған ерекше уақыт бөлу керек. Бір сағаттық жаттығу үшін оны екі сағат бойы қыздырып, бабына келтіресің. Оқ ату барысында ат мәреге дейін небәрі 10 секундта шауып өтсе, сол қысқа уақытта 3-4 оқ атып үлгеруің шарт. Қазір деңгей өсті. Бұрын біз асықпай көздеу үшін баяу ат таңдасақ, қазір керісінше, ең жылдам сәйгүліктерге мінеміз. Өйткені уақытты үнемдеген сайын қосымша ұпай беріледі. Жамбы ату спортына бәйгенің жылқылары емес, садақ алғанда үркімейтін, көкпардан шыққан аттар ғана жарамды, — дейді мерген.

Тұлпардың да ақылдылығы осында, ол шабандоздың оқ атар сәтін сезіп, шабысын баяулатады, ал ату дауысын ести сала, мәреге жету үшін жылдамдығын үдете түседі екен. Мұндай үйлесімге тек қажырлы еңбекпен ғана жетуге болады.

Диас Ахметов қазіргі таңда ұлттық спорттың мәртебесі заң жүзінде бекітіліп, олимпиадалық спорт түрлерімен теңестірілгенін үлкен мақтанышпен жеткізді. Бұл — спортшылар үшін үлкен қолдау. Оның үстіне, жастардың жамбы атуға деген қызығушылығын арттырып отырғанын жеткізді.

Фото: Диас Ахметовтің жеке мұрағатынан

— Қазір Астана мен өзге де ірі қалалардың маңайында атшабарлар көбейіп келеді, тіпті қазақты атқа мінгізудің институты қалыптасып келе жатыр десем де болады. Жастар телефон мен интернеттен сәл де болса алшақтап, табиғатқа, жануарлармен жұмыс істеуге бет бұрып отыр. Атқа мінген адамның мазасыздығы да, күйзелісі де болмайды, нағыз рухани терапия, — дейді Диас Берікұлы.

Биылғы Наурыз мерекесінде дәстүрлі садақ ату мен жамбы атудан Түркістан мен Шымкентте үлкен халықаралық жарыс өтіп жатыр.

Көкпар білек пен мінез сыналатын майдан

Түркістан облысы көкпар федерациясының төрағасы Ғани Ахметбаевтың айтуынша, бүгінде көкпар – әлемдік деңгейдегі кәсіби спорт. Түркістан төріндегі жаңа ипподромда өтіп жатқан Әлем чемпионаты — соның айқын дәлелі.

— Бүгінде Түркістанда әлемнің 9 мемлекетінен келген ұлттық құрамалар бақ сынасып жатыр. Ауғанстан, Моңғолия, Түркия, тіпті Мажарстан мен Ресей спортшылары қазақтың көкпарына қызығушылық танытып, алыстан ат терлетіп келді. Бұл — біздің ұлттық құндылығымыздың дүниежүзілік брендке айналғанының белгісі, — дейді Ғани Ахметбаев.

Көкпар — кезінде бабаларымызды жауға шапқанда шыңдаған нағыз соғыс мектебі. Қазір көкпар командалық және жаппай болып екіге бөлінеді. Ғани мырзаның айтуынша, бұл спортта кез келген атпен өнер көрсету мүмкін емес.

Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

— Көкпар аты ерекше бапталады. Ол шабандозбен бір бүтін болуы керек. Көкпар — жарақат алу қаупі өте жоғары спорт. Сондықтан мұнда білегі мықты, ат үстінде мығым отыратын, жүрегінің түгі бар нағыз ерлер ғана шығады. Қазір елімізде 11 ұлттық спорт түрінен арнайы мектептер мен клубтар жұмыс істейді. 16 жастан бастап жастарға бұл өнер тегін үйретіледі, — дейді ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Наурыз мейрамы қарсаңында, 15-21 наурыз аралығында Түркістанда өтіп жатқан бұл байрақты бәсекелер — «Наурызнама» онкүндігінің сәні. Ғани Ахметбаевтың айтуынша, көкпардың ережелері бүгінде толық жүйеленген.

Фото: Жеке мұрағатынан

— Жаппай көкпардың өзі — той көкпар, бата көкпар, ас көкпар болып бөлініп кете береді. Бұл біздің халықтың қуанышымен бөлісу мәдениеті. Ұлыстың ұлы күнінде ат сүйер қауымды, ат үстіндегі жастарды шын жүректен құттықтаймын. Жаңа жыл әр шаңыраққа бақыт әкелсін. Қазақ спорты дами берсін, жақсы шабандоздар мен сәйгүліктер көп шықсын! — деп тілегін білдірді федерация төрағасы.

Бәйгенің тактикасы, жамбы атудың дәлдігі мен көкпардың қайсарлығы біріге келе, ұлттық болмысымыздың тұтас бейнесін құрайды. Бүгінде ұлттық спорт жастарды отансүйгіштікке, еңбекқорлық пен төзімділікке тәрбиелейтін үлкен мектеп болып отыр. Тұлпар баптағанның бағы жанатын, атқа мінгеннің рухы оянатын заман қайта оралды. Ат спортының халықаралық деңгейге көтерілуі, заманауи атшабарлардың ашылуы және ұлттық ойындардың заң жүзінде мәртебесінің артуы — мемлекеттің өз тамырына бет бұрғанының көрінісі.

Наурыз — жаңару мен жаңғыру мерекесі. Ұлыстың ұлы күнінде ат жалын тартып мінген азаматтарымыздың қатары көбейіп, көкпарымыз бен бәйгеміз әлемдік аренада биіктей бермек. 

Айта кетейік, алдыңғы жылы ат спортында тағы бір жаңа белестердің бірі — Қазақстан 2026 жылы FEI жарыстарын өткізетін ел ретінде бекітілді.

Әлемде 57 миллионнан астам жылқы бар, соның шамамен 5 миллионы Қазақстанда екен. Соған қарамастан, елімізде ат спорты кенже қалып келеді. Бұған дейін ат спортына мемлекеттен қолдау жетіспей тұрғанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Наурыз 2026 10:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары