Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

БҰҰ адамзатқа жарқын болашаққа деген сенімді сыйлады

БҰҰ адамзатқа жарқын болашаққа деген сенімді сыйлады

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 80 жыл толды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған ең ірі халықаралық ұйым адамзат баласына жарқын болашаққа деген сенім сыйлады. Ғасырға жуық уақыт аралығында БҰҰ халықаралық қоғамдастықпен жемісті ынтымақтастық орната білді. Адам құқықтары мен тұрақты дамуды ілгерілетуге атсалысып келеді. Алайда жаһандық сын-қатерлер күшейген сайын ұйымның әлем алдындағы жауапкершілігі де артуда. Сондықтан Біріккен Ұлттар ұйымы өзінің жұмыс жүйесі мен басымдықтарын реформалауды көздеп отыр.

Мөлдір Жақан, тілші:

- Бейбітшілік, теңдік және қауіпсіздік. Осыдан 80 жыл бұрын құрылған әлемдегі ең ірі әрі қуатты үкіметаралық ұйымның басты қағидаттары осы. 1945 жылдың 24 қазанында Сан-Францискода Біріккен ұлттар ұйымының Декларациясы қабылданды. Ұйымның ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы. Тарихи деректерді алға тартсақ, Жарғы жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Оған 51 мемлекет қол қойды.

Натали Самарасингхе, БҰҰ Жаһандық басқару саласының жетекші сарапшысы:

- 1945 жылы бірқатар мемлекеттер Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін дәл сондай ауқымдағы зұлымдықтың қайталанбауын қамтамасыз ету мақсатында бірігуге бел буды. Біріккен ұлттар ұйымының құрылуы халыққа үміт ұялатты. Алғаш рет «біртұтас адамзат» деген түсінік пайда болды. Халықаралық қауымдастық ортақ мәселелерді шешу үшін бірігуі керек деген ой қалыптасты. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы — бұл ізгілік пен ортақ жауапкершілік идеясы.  

80 жылдық мерейтойға орай әлем бойынша жыл басынан бері жүздеген ірілі-ұсақты іс-шара жоспарланған. Қыркүйек айында Бас Ассамблеяның 80-сессиясы өтті. Инфекциялық емес аурулардың алдын алу, климат, ядролық қарусыздану және әйелдер құқықтарына арналған конференциялар мен отырыстар ұйымдастырылды. Жапонияда өткен ЭКСПО-2025 көрмесінде «Жарқын болашақ үшін бірігейік» ұранымен БҰҰ павильоны ашылды. Бұдан өзге Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында бүгіннен бастап 11 қарашаға дейін «Біріккен ұлттар ұйымының апталығы» өтеді. Оның аясында концерт, бейбітшілік форумдары жоспарланған. Сондай-ақ дәл осы мерейтой аясында БҰҰ өзінің жұмыс жүйесін, құрылымы мен басымдықтарын қайта қарап, реформалауды көздеп отыр.   

Вероника Фикфак, Лондон университеттік колледжінің адам құқықтары және халықаралық құқық профессоры:

- Соңғы жиырма жылда Біріккен Ұлттар Ұйымы жаңа дағдарыстармен бетпе-бет келді. Алайда ең басты мәселе – мемлекеттердің не БҰҰ-ның аясында, не келісім арқылы өз қақтығыстарын бірлесе шешуге құлықсыздық танытуы. БҰҰ-ның жұмыс істеуі толығымен оның мүше мемлекеттеріне байланысты. Өкінішке қарай, көптеген елдер БҰҰ институттарына нұқсан келтіріп отыр.

Мөлдір Жақан, тілші:

- Осыдан 4 жыл бұрын Біріккен ұлттар ұйымы 160 миллион адамға гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлаған болса, биыл дағдарыстардың ушығуына байланысты көмекке мұқтаж адам саны 305 миллионға жетті. Геосаяси ахуалдың нашарлауы, қақтығыстар, табиғи апаттар, климаттың өзгеруі және ашаршылық қаупі ұйым алдына күрделі міндеттер қойып, жедел әрекет етуін талап етуде. Қазір БҰҰ хатшылығында 36000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. Бұдан бөлек әлем бойынша ұйымның бітімгершілік операцияларына шамамен 9 000 азаматтық қызметкер мен ерікті атсалысады. Бәрінің де мақсаты бір қауіпсіз, бейбіт әлем құру.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:200
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 17:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары