Былтыр еңбекақы бермеген кәсіпорындар қандай жауапкершілікке тартылды
Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
- 2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 629 кәсіпорнында 11,9 мыңнан астам жұмысшыға жалақы бойынша 3,1 млрд теңгеден астам сомаға берешек барын анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8,7 мыңнан астам дерегі анықталды, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 4 245 ұйғарым берілді және 524,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 11,8 мың жұмысшының құқықтары қорғалды. Оларға 2,85 млрд теңге төленді.
- 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 6 599 тексеру жүргізді. Оның барысында 8 720 заңнама талабын бұзу дерегі анықталды. Соның арасында: еңбек саласында – 7 089, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 585, ал халықты жұмыспен қамту бойынша – 46. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 62,8 мың жұмысшының еңбек құқығы қорғалды, - деп нақтылады ведомство.
Айта кетейік, электрондық еңбек биржасында өткен жылы жұмыс күшіне сұраныс ұсыныстан асып түсті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:78
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 19:02 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















