Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Ел бірлігі отбасыдан басталады

Ел бірлігі отбасыдан басталады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

 Өзі ұлты жағынан беларус болса, жары Әсел Макамбетқызы – қазақ қызы. Олардың өмір жолы – түрлі мәдениеттердің адамдарды алшақтатпай, керісінше, жақындастырып, отбасының іргесін одан әрі бекемдей түсетінінің айқын дәлелі.

 Тағдырлы кездесу 2003 жылы Тараз қаласында басталған. Сол кезде Игорь Михайлович Петропавл қаласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесі, бүгінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясының курсанты еді. Кезекті демалыс кезінде туған жеріне келген ол ортақ достары арқылы болашақ жары Әселмен танысады.

— Әсел менің досымның жақын құрбысы болатын. Кездесуіміз мүлде кездейсоқ болғанымен, кейін – бұл тағдырдың жазуы екенің түсіндік.. Сол сәттен бастап біздің өмірлік жолымыз басталды, – деп еске алады офицер.

 Қарым-қатынастары біртіндеп, шынайы сенім мен болашаққа деген нық көзқарас негізінде дамыды. 2005 жылы жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, жас жұп маңызды шешім қабылдап, шаңырақ көтерді.

— Оқуымды аяқтаған кезде біз өмір жолын бірге жалғастырғымыз келетінін анық түсіндік. Осылайша мен үшін ең үлкен тірекке, өмірімнің мәніне айналған отбасымыз құрылды, – дейді Игорь Михайлович.

 Міне, содан бері ерлі-зайыптылар 20 жылдан астам уақыт бойы өмір жолында қол ұстасып бірге келе жатыр. Осы жылдар ішінде олар талай сынақтан өтіп, қуанышты сәттерді бірге бөлісіп, қиын кезеңдерде бір-біріне тірек бола білді. Сенім мен түсіністікке негізделген тату да берік отбасы қалыптастырды.

 Бүгінде олар екі қыз және бір ұл тәрбиелеп отыр. Әке үшін ерекше мақтаныш – ұлының да Отанға қызмет ету жолын таңдап, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қатарында мерзімді әскери қызмет атқарып жатқаны.

— Әке ретінде, әрине, алаңдадым. Бірақ сонымен бірге үлкен мақтаныш сезімі болды. Балаң өз еркімен еліне қызмет етуді таңдаса, оған өмірлік ұстанымдарыңды дұрыс жеткізе алғаныңды түсінесің, – дейді кейіпкеріміз.

 Бұл отбасы үшін Қазақстан халқының бірлігі күні – жай ғана мемлекеттік мереке емес, олардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі. Себебі олар үшін өзге мәдениетке құрметпен қарау, төзімділік пен қолдау – нағыз отбасының іргетасы.

Олардың шаңырағында беларус және қазақ халқының дәстүрлері жарасымды үндескен. Мұнда ұлттық мерекелер де, отбасылық қуаныштар да бірдей жылылықпен аталып өтеді. Православие Пасхасы кезінде отбасы дәстүр бойынша жұмыртқа бояп, кулич пісіріп, үлкен дастарқан басына жиналады. Ал Айт мерекесінде міндетті түрде бауырсақ пісіріліп, ұлттық тағамдар дайындалып, үлкендерге сәлем беріліп, туған-туысқа ізгі тілектер айтылады.

— Біз ешқашан дәстүрлерді “менікі” немесе “сенікі” деп бөлген емеспіз. Барлығы ортақ дүниеге айналды. Ең бастысы – сыйластық, түсіністік және бір-бірін тыңдай білу. Ұлтқа қарамай, отбасы дәл осы құндылықтардың үстінде құрылады, – дейді ол.

 Үлкенге құрмет, жақындарға жауапкершілік, отансүйгіштік пен отбасы құндылықтары – ерлі-зайыптылар балаларына сіңіруге тырысатын басты ұстанымдар.

 Ұлттық ұландағы қызмет те отбасының нығаюына үлкен әсер етті. Әскери тәртіп, борыш сезімі, жауапкершілік пен адалдық офицерді ғана емес, нағыз отансүйгіш азаматты, асыл жар мен ардақты әке болуға үлкен көмегін тигізеді.

— Қызмет уақыттың, сенімнің және отбасы қолдауының қадірін түсінуге үйретеді. Арқаңда сенімді отбасы тұрса, кез келген міндет орындалады. Әскери адам үшін отбасы – нағыз күш, – деп атап өтеді подполковник Курлович.

 Көпұлтты Қазақстан туралы сөз қозғағанда, офицер елдің шынайы күші халықтың бірлігінде екенін ерекше айтады.

— Қазақстанның күші – түрлі ұлт өкілдерінің бір үлкен отбасыдай өмір сүруінде. Біз бір-бірімізді құрметтейміз, дәстүрлерімізді сақтаймыз және ортақ болашақты бірге құрамыз. Ұлтаралық отбасылар – халықтар достығының сөз жүзінде емес, ең алдымен үйде, отбасында басталатынының жарқын дәлелі, – дейді ол.

    Егер өз отбасын небәрі үш сөзбен сипаттау қажет болса, ол: сенім, құрмет және қолдау деп жауап берер еді. Дәл осы қарапайым, бірақ ең маңызды құндылықтар отбасы жылуын сақтап, алға сенімді қадам жасауға көмектеседі.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Игорь Михайлович барша қазақстандықтарға ақжарма тілегін жеткізді. :

— Баршаңызға бейбіт өмір, өзара түсіністік және амандық тілеймін. Әр шаңырақта татулық, сыйластық пен махаббат орнасын. Себебі ел бірлігі – отбасы бірлігінен басталады.

     Бұл отбасының тарихы – халықтың шынайы күші қарапайым адами құндылықтардан: махаббаттан, құрметтен және бір-біріне адалдықтан басталатынының тағы бір дәлелі. Осындай отбасылар ғана мықты әрі біртұтас Қазақстанның берік негізіне айналады.

5573 әскери бөлімінің тілшісі Лейтенант Әйгерім Балтабаева

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:256
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Мамыр 2026 12:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары