Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Еңбек адамдары еленген жыл

Еңбек адамдары еленген жыл

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мінеки, жыл соңына да жеттік. Жұмысшы мамандықтар жылы қалай қорытындыланды? Еңбек адамдарын қолдау әлі де жалғаса ма? Білген-түйгенімізді сараптап, шағын шолу жасап көрелік.

2025 жыл жұмыссыздықтың азаюына, өндірістік және техникалық саладағы ілгері дамуға себепші болды. Оған дәлел, биыл жұмысшы маман ретінде еңбекпен қамтылған жастардың саны 1,2 миллионға жеткен. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жастардың жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыру үшін мектептен бастап ауқымды кәсіптік бағдарлау жұмысы жалғасатынын жеткізді. Ол жүйелі жобалар биылмен шектелмей, алда да еңбекті қадірлеу, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, жұмысшы жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін айтты. Болашақта кадрлар даярлаудың халықаралық стандартын енгізу, студенттер мен педагогтардың академиялық мобильдігін арттыру, қазақстандық колледждер базасында халықаралық кәсіптік білім беру ұйымдарының жаңа филиалын ашу ісі де дами бермек.

Биыл Президент Жарлығымен энергетик, құтқару­шылар, мұғалімдер, мұнайшылар, дәрігерлер, су шаруашылығы саласының қызметкерлері, ауыл шаруа­шылығы мамандары – жалпы саны 1 300-ге жуық кәсіптік маман иелері түрлі марапатқа ие болды. Ал елордада өткен Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылау салтанатында еңбек адамдарының үздіктері құрметке бөленіп, сыйлықтарға ие болды. Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева үздік мамандарға «Құрмет»,  III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі сынды мемлекеттік наградаларды табыс етті. Еңбек адамдарын насихаттауға арналған «Ерлік пен еңбек дастаны» әдеби байқауының жеңімпаздары да белгілі болды. «Еңбек жолы-2025» байқауы мен «Жұмысшы жастар аманаты» жобасының марапаттау рәсімі де ойдағыдай өтті. «Еңбек жолы» республикалық байқауы жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейде өтеді. Байқау «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас қызметкері» сынды үш түрлі номинация негізінде өтіп келеді. Биыл конкурсқа 546 адамнан өтінім келіп түскен. 500-ден аса еңбек адамынан алға суырылып шыққан үздік мамандардың жиында мерейі тасыды. Солардың бірі – Алматы облысынан келген «Фирма «Бент» ЖШС краншысы Дилфуза Бауыржанқызы. Небәрі 19 жасар краншы қыз – «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясының I орын иегері. Қызығы, жас краншы бұл саламен мектеп бітіргеннен соң-ақ достасып кеткен. 

– Мектептен кейін осы салаға бірден келдім. Жұмыс орным қолдап, тәжірибелі мамандардың бағыттауымен саланы толық меңгеріп шықтым. Мамандығымның жауапкершілігі өте жоғары, қауіпті техникамен, адамдармен жұмыс істейсің, бірақ өзіме сенімдімін, өзіме сенімді болғандықтан қорықпай еңбек етемін. Иә, көбі кран басқарамын десем, жассың, кішкентайсың ғой деп таңғалып сұрап жатады. Ең бастысы, жұмысым өзіме ұнайды. Еңбек жас қыз, әйел адамдікі, ер адамдікі деп бөлінбеу керек, – дейді ауыр техниканың құлағында ойнайтын Дилфуза.

Ал II орынды Абай облысының «Востокцветмет» кәсіпорнының тау-кен шебері Айбар Айдарұлы еншілеген. Ол байқауға бақ сынап қатысып көруді ғана ойлағанын, жеңімпаз атанарын білмегенін айтады.

– Ата-анама тосынсый болсын деп, жеңісімді де айтпай құпия ұстадым. Абай облысы, Жезкент кенті, Орлов шахтасында тау-кен шебері болып істеймін, 5 жылдық тәжірибем бар. 26 жастамын. Өскемендегі Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің түлегімін. Оқуды бітіре сала қатардағы қарапайым жұмысшы болып еңбекке араластым. Әрине, жұмыс жастар үшін оңай емес, тәжірибесі мол, 20-30 жыл еңбек өтілі бар үлкен кісілермен бірге жұмыс істейсің, дегенмен маған тіл табысу оңай болды. Әкем де шахтада 15 жыл істеген. Сол себепті де жұмысты тез үйрендім, – дейді кейіпкеріміз.

Айбар тау-кен ісі саласын таңдағанда, әкесі алғашында қарсы болған екен. Ол шамамен 8-9 сыныпта оқып жүргенде, осы саланы ұнатып, өз қалауымен таңдапты. 

Таңғаларлық тағы бір жайт, теміржол саласында 400 жылдан аса тәжірибесі бар әулетті таптық. Жалпы, байқауға «Үздік еңбек әулеті» номинациясына 112 қатысушы өтінім білдіріпті. Түркістан облысынан келген Дербисовтар әулеті III орынды қанжығаға байлаған. Ата жолын жалғаған теміржолшы Тахир Эдуардұлын әңгімеге тартқан едік.

– Арыс қаласынан келдім. 2011 жылдан бастап теміржол саласында қызмет етемін. Пойыздарды қабылдап, өзінің кестесіне сәйкес уақытылы кіретін болса, онда біз үшін абырой. Қазір станциямызда 80-90 пойызбен жұмыс істеп отырмыз. Пойыздың кестеге сәйкес кешікпей келуіне әрекет жасаймыз. Әулетімді теміржолшылар династиясы дер едім, себебі арғы аталарым да осы салада қызмет еткен, Дербіс атам бастаған, одан ісін Әнуар атам жалғастырған, одан өз атам да осы салада еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты, – дейді теміржолшы.

Тахир Эдуардұлының әжесі де, анасы да теміржолшы болған, тіпті әйелі де теміржол саласында еңбек етеді. Отбасында ол бес ағайынды, қызығы, бәрі де – теміржолшы. Теміржолшы бұл сала балаларының да қалауы болса, оқытуға, қолдауға дайын екенін айтты.

Ауыр еңбекті бағалау, еңбек мамандарын қадірлеу – қазақ халқының бойында бар игі қасиет. Биыл еңбеккерлерді республика көлемінде насихаттау, оларға құрмет көрсету, қуантарлық та, көңіл құптарлық та іс болды. Саланы қолдау шарасы жалғасын тапса, түрлі олқылықтың орны толып, ел экономикасы дами түспек дейміз...

Айсұлу СЪЕЗХАН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 15:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары