Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

еңбек иммигранттарына рұқсат беру және оны ұзарту тәртібін жаңартты

еңбек иммигранттарына рұқсат беру және оны ұзарту тәртібін жаңартты

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бұл қызмет шетел азаматтарына Қазақстан аумағында жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеуге арналған рұқсатты онлайн түрде рәсімдеуге немесе оның мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Өтініш беру үшін шетел азаматы алдын ала бірқатар көші-қон рәсімдерінен өтуі қажет. Атап айтқанда, шақырту алу, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) рәсімдеу, сондай-ақ Қазақстанның мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірінің болуы талап етіледі.

Жаңартудан кейін eGov.kz порталында пайдаланушыларға кейбір құжаттарды қолмен жүктеудің қажеті жоқ. Мәселен, медициналық анықтама (028/у нысаны) және сақтандыру туралы деректер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады. Бұл өтініш беру уақытын қысқартып, қателік жіберу ықтималдығын азайтады.

— Біз мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта ұсынуды жүйелі түрде дамытып келеміз. Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және оны ұзарту қызметінің жаңартылуы тексерулердің бір бөлігін автоматтандыруға және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияны жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде өтініш беру кезінде қағаз құжаттар саны азайып, қызмет алу үдерісі пайдаланушылар үшін анағұрлым ыңғайлы бола түсті, — деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Даулет Бекманов.

Өтінішті толтыру және жіберу кезінде жүйе автоматты тексерулер жүргізеді. Егер сәйкессіздіктер анықталса немесе қажетті деректер жеткіліксіз болса, пайдаланушыға хабарлама көрсетіліп, кемшіліктер жойылғанға дейін өтінішті жіберу мүмкін болмайды.

Өтініш жіберілгеннен кейін қызмет көрсету мәртебесі eGov.kz порталындағы пайдаланушының Жеке кабинетінде көрсетіледі. Рұқсатты беру немесе оның мерзімін ұзарту туралы шешімді ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерімен келісілгеннен кейін аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.

Рұқсат белгіленген еңбек иммигранттарын тарту квотасы шегінде 1 айдан 12 айға дейінгі мерзімге беріледі. Қазіргі таңда қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жеке жүгіну арқылы да алуға болады. Мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қосымша ақпарат eGov.kz порталында және оның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланған.

Жаңарту ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Мемлекеттік кредиттік бюроның бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылды.

Осыдан бұрын vұқтаж жандар eGov Mobile арқылы әлеуметтік көмекке өтініш бере алатынын жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Наурыз 2026 21:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары