Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Еуропарламентте Урсула фон дер Ляйенге сенімсіздік вотумы қабылданбады

Еуропарламентте Урсула фон дер Ляйенге сенімсіздік вотумы қабылданбады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

22 қаңтар, бейсенбі күні өткен дауыс беру барысында 390 еуродепутат сенімсіздік вотумына қарсы шықты. Ал бастаманы небәрі 165 депутат қолдады. Осылайша, Еурокомиссия төрағасына сенімсіздік білдіру үшін қажет болған үштен екі дауыс жиналмады.

Сенімсіздік вотумын француздық оңшыл күштердің көшбасшысы Жордан Барделла мен оның «Еуропа үшін патриоттар» тобы Еуроодақтың Оңтүстік Америкадағы Меркосур бірлестігіне мүше елдермен сауда келісіміне қол қоюына байланысты ұсынған. Олардың пікірінше, Урсула фон дер Ляйен «еуропалық фермерлер мен азаматтардың пікірін елемей отыр». Бұл қарарды өзге оңшыл популистермен қатар Германияның ультраоңшыл Германия үшін балама партиясының үш депутаты да қолдаған.

Урсула фон дер Ляйен дауыс беру алдындағы талқылауға қатысқан жоқ. Сенімсіздік вотумының негізгі бастамашысы Жордан Барделла да жиынға келмеген. Бұл — Еуропарламенттің қазіргі шақырылымы аясында фон дер Ляйенге қарсы ұсынылған сенімсіздік вотумының төртінші рет қабылданбай қалуы.

Өткен жылдың қазан айының басында фон дер Ляйенге қарсы екі бірдей сенімсіздік вотумы сәтсіз аяқталған болатын. Оның бірі солшыл фракцияның бастамасымен, екіншісі «Еуропа үшін патриоттар» ультраоңшыл тобының ұсынысымен енгізілген. Оңшыл депутаттар бұл жолы климатты қорғау саясатын, көші-қон мәселелерін, сондай-ақ Еурокомиссия төрағасының әрекеттеріндегі ашықтықтың жеткіліксіздігін және цензураны сынға алған. Ал солшыл фракция фон дер Ляйенді АҚШ президенті Дональд Трамппен жасалған «апатты кедендік келісім» үшін айыптаған.

Ал шілде айында румын депутаты Георге Пиперае ұсынған сенімсіздік вотумы да қолдау таппаған. Ол «Еуропалық консерваторлар мен реформашылар» (ECR) тобының атынан енгізілген. Бұл топтың құрамына Италия, Польша, Франция және Испаниядағы ультраоңшыл партиялар кіреді. Бастамашы ретінде Пиперае коронавирус пандемиясы кезінде вакциналар сатып алу мәселесіне байланысты фон дер Ляйен мен Pfizer фармацевтикалық компаниясының басшысы арасындағы хат алмасуға қатысты жанжалға назар аударған. Сонымен қатар ол Еурокомиссияны Румыниядағы президент сайлауына араласты деп айыптап, ЕО-ның қорғаныс шығындарын қаржыландыру бағдарламасына қарсы шыққан.

Айта кетейік, Еуропарламент ЕО–АҚШ сауда келісімін ратификациялауды уақытша тоқтатты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 23:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары