Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Индонезия Тәуелсіздігіне 80 жыл: Астанада Ғажайып Индонезия кеші өтті

Индонезия Тәуелсіздігіне 80 жыл: Астанада Ғажайып Индонезия кеші өтті

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

17 мың аралы бар мемлекет

Индонезияның 285 миллион халқы бар, ондағы 1331 этникалық топ 700-ден астам тілде сөйлейді. Бұл ел үлкен және кіші 17 мыңнан астам аралдардан тұрады, олар — Суматра, Ява, Бали, Нуса Тенгара аралдары танымал. 2025 жылы Бали аралына 25 мыңнан астам қазақстандық турист барған.

Фото: Айжан Серікжанқызы/Kazinform

— 80 жылдық мерейтой тақырыбы «Біртұтас, егемен, гүлденген халық — Дамыған Индонезия» деп аталады. Бұл тақырып Индонезия халқының бірлікке, тұрақты синергияны нығайтуға жігерін және «Алтын Индонезия 2045» мақсатына жетуге ұмтылысын білдіреді. Сексен жылдағы экономикалық жетістіктерімізге 2025 жылдың үшінші тоқсанында 5%-дан жоғары тұрақты экономикалық өсім, инфляцияның бақылауда болуы, жұмыссыздық пен кедейлік деңгейінің төмендеуі кіреді, — деді Елші.

Фото: Айжан Серікжанқызы/Kazinform

Кеш қатысушылары Индонезияның Суматра қаласында, сондай-ақ Малайзия, Тайланд және Вьетнамда жақында болған су тасқынынан зардап шеккендерді үнсіздікпен еске алды.

Елші Мохамад Фаджрул Рахман құрбан болғандар мен олардың отбасыларына көңіл айтты және оқиғадан зардап шеккендерге күш, төзімділік және тез қалпына келуін тіледі.

Қазақстан мен Индонезияның мәдени байланыстары

Астана қаласындағы Индонезия Республикасының Елшілігі екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды әрі қарай нығайтуға ұмтылады. Осылайша, бүгінгі мәдени кеш Риау провинциясынан шыққан Персембахан биімен басталды. Бұл — құрметті қонақтарға символдық тарту ұсынылатын дәстүрлі қарсы алу рәсімі. Содан кейін Джакарта өңіріне тиесілі ондел-ондел мерекелік әнінің сүйемелдеуімен орындалатын Бетави биі көрерменге жол тартты.

Фото: Айжан Серікжанқызы/Kazinform

Ал Батыс Явада шыққан «Ваянг голек» қуыршақ театры ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасына енген. Калимантан аралынан шыққан ангклунг тоэл аспабы мен ырғақты чик-чик периук биі де әлемдік мұра тізімінде.

Сонымен бірге, мәдени кеште Суматра аралының солтүстігін мекендейтін Батак халқының құрмет пен батаны білдіретін «Тора тора хата сописик» биі биленді. Жергілікті спортшылар Индонезияның спорттық мұрасы саналатын әсерлі Пенчак Силат көрінісін қойды.

Фото: Айжан Серікжанқызы/Kazinform

Кештің басты оқиғасы — Индонезия мен Қазақстан өнерпаздарының бірлескен биі болды. Бишілердің іс-қимылы индонезиялық сапе мен қазақтың домбырасының әуенінде үйлесім тапты.

Алматы қаласынан келген «Яссауи» тобы Индонезия мен Қазақстанның мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Сондай-ақ дипломатиялық қабылдауда TikTok желісінде танымал болған «Табола боле» флешмобы орындалды.

Қазақстан мен Индонезияны не байланыстырады?

Сонымен бірге, бүгінгі салтанатты кеште Индонезия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 32 жылдығы атап өтілді. Индонезия мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі деңгейі өте жоғары. Екі ел арасында барлық салада ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен әлеует бар. Осыған байланысты, дипломат маңызды өзара түсіністік меморандумдары мен келісімдерге қол қоюдың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Фото: Айжан Серікжанқызы/Kazinform

Индонезия мен Еуразиялық экономикалық одақ жақын уақытта Еркін сауда туралы келісімге қол қоюға дайын. Бұл келісім Қазақстанмен сауда көлемін айтарлықтай арттырады. 2024 жылы сауда көлемі 400 млн АҚШ долларын, ал екі жыл бұрын 700 млн АҚШ долларын құраған. Қос мемлекет инвестицияларын одан әрі ілгерілету және қорғау үшін екіжақты инвестициялық келісімді де аяқтап, қол қоюға дайын.

Қазақстан мен Индонезияның тағы бір ортақ тұсы — ел астанасын солтүстікке ауыстыру. Бұл ретте Индонезияның жаңа әрі ең үздік астанасы — Нусантара мен Астана арасында бауырлас қала мәртебесін орнату жөнінде меморандум бекітілген. Қазіргі уақытта екі қала арасында шамамен 15 бағыт бойынша ынтымақтастық жоспарланған.

Фото: Айжан Серікжанқызы/Kazinform

— Бүгінде Нусантара қаласында құрылыс жүріп жатыр. Әзірге сіздердегі Ақорда секілді «Гаруда сарайы» салынған. Сонымен бірге, Нусантарада бірнеше министрлік ғимараттары және министрлерге арналған баспаналар тұрғызылып жатыр. 2028 жылы Индонезия үкіметі ресми түрде Нусантара қаласына көшуді жоспарлап отыр, — дейді дипломат.

Сондай-ақ, Елші Мохамад Фаджрул Рахман жоғары деңгейдегі кездесулер немесе мемлекет басшыларының ресми іс-сапарлары барысында екіжақты консультациялар, спорт, энергетика, сондай-ақ ақпараттық технологиялар және цифрлық технологиялар бойынша өзара меморандум сияқты басқа да нәтижелерге қол қоюға зор үміт артатынын жеткізді. Оған қоса, туризм, халықтар арасындағы байланыс, ғылым және мәдениет салалары бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

Фото: Айжан Серікжанқызы/Kazinform

Еске сала кетсек, қараша айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Индонезия Президенті Прабово Субиантоға және Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулға көңіл айтты.

Индонезия үкіметі астананы Джакартадан Нусантараға көшіру процесін 2028 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 03:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары