Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Информатика пәнінің ізашары

Информатика пәнінің ізашары

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Профессор Есен Бидайбековті ғылыми орта жақсы біледі. Ғалымның есімі – еліміздегі білім жүйесін ақпараттандыру мен ұлттық мектепке информатика пәнін енгізумен тығыз байланысты. Оның ғылымдағы алғашқы ізденісі қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып жүргенде басталып, кері есептер мен математикалық физика саласын зерттеуге бет бұрды.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Кейіпкеріміз Қазақ мемлекеттік университетінің 5-курсында Новосібірдегі КСРО Ғылым академиясының Сібір бөлімінде академик М.М. Лаврентьевтің ғылыми мектебінен тағылымдамалық тәжіри­беден өтті. Бұл оқиға жас зерттеу­шіге ерекше әсер етті. Осында танымал ғалымдардан тәлім алып, тәжірибесін байытты. 1975 жылы Сібір бөлімінің есептеу орталығында Ресей Ғылым академиясының академигі, айтулы ғалым В.Г.Романовтың жетекшілігімен қандидаттық диссертациясын табысты қорғады.

1985 жылы Кеңес одағы көлемінде жалпы білім беретін мектептерге информатика пәнін енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл – жаппай компьютерлендірілуге бағыт­талған мемлекеттік ауқымды саясат болатын. Осы жылдары ол Қазақ мем­лекеттік университетіндегі қызме­тінен сол кездегі Абай атындағы Қазақ педагогикалық инс­титутына ауыс­ты. Мұнда оны аталған жоғары оқу орнының ректоры, белгілі математик ғалым Құлжабай Қасымов арнайы шақырды.

Осында келгеннен кейін Есен Ықыласұлы қоғамдағы жаңаша өз­герісті дер кезінде танып, ғылыми-педагогикалық бағытын басқа арнаға бұрды. Бұған дейін қол жеткізген математикалық физика саласындағы жетістіктеріне қарамастан өмірін жаңа сала – информатика және білімді ақпа­рат­тандыруға арнады. Бұл – жай ғана жұмыс орнының ауысуы емес, білім жүйесінің жаңа басымдығы ретінде танылған бағытқа жасалған азаматтық ғылыми таңдауы болатын.

Бір жағынан, ғалым үшін бұл – ғылымнан шеттеу емес, қайта жаңа салада ел мүддесіне қызмет етудің жолы еді. Есен Бидайбеков республикада басталған жаппай компьютерлендіру, ақпараттандыру, заманауи цифрлан­дыру саясатын қолдап, қазақ мек­тептеріне информатика пәнін ен­гізу, оқулықтар мен әдістемелер әзір­леу, терминологиялық база жасау секілді жұмыстарды өз мойны­на алды. Бұл шешім кездейсоқтық емес, ел болашағына деген азаматтық жауап­кершілікпен қабылданған тарихи таңдау еді.

Профессор Бидайбеков жетекшілік еткен авторлар ұжымы алғаш рет қазақ тілінде мектепке информатика пәнінен оқу құралын әзірледі. Сонымен қатар мұғалімдерге арналған екі бөлімді информатиканы оқыту әдістемесін қамтитын оқулығын жарыққа шығарды. Аталған оқулықтар республика мектеп­терінде кеңінен қолданылып, пән мұғалімдерінің кәсіби дайындығына тың серпін берді. Олар пәнді терең әрі сапалы меңгерудің ұлттық ерекшеліктерге сай құралдары ретінде үлкен маңызға ие болды. Оқулық та, әдістемелік құралдар да өзінің ғылыми және әдістемелік дәлдігімен, ұлттық мазмұн мен ІТ тер­миндерін жүйелеуімен ерекшеленіп, еліміздегі алғашқы ұлттық ақпараттық бағыттағы басылымдардың қатарына енді.

Профессордың ғылым мен білім саласындағы көпжылдық еңбегінің арқасында педагогикалық жоғары оқу орындарында жаңа мамандықтар мен пәндер ашылып, оқытушылардың кәсіби даярлығын жаңаша деңгейге көтеруге мүмкіндік туды.

Сондай-ақ ғалым білім саласындағы реформалармен, соның ішінде информатиканы оқыту әдістемесі, білімді ақпараттандыру, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект негіздерін білім саласына енгізумен белсене айналысты. 1998 жылы Мәскеудегі Ресей Білім академиясында докторлық диссертациясын қорғап, жетекшісі ретінде РБА корреспондент-мүшесі, профессор С.Г.Григорьевтің қолдауын көрді. Осы ғылыми мектеппен тығыз байланыста болған академик В.В.Гриншкун да кандидаттық диссертация­сын Би­дайбековтің жетекшілігімен док­торлық диссертациясын Мәскеуде қорғаған. Ол қазіргі таңда Ресей Білім академиясының (РБА) толық мүшесі әрі қазақ ғалымымен байланысын үз­бей, оның дамуына барынша атсалысып келеді. Ғалым Польша, Қытай, Жапония, Чехия, Түркия, АҚШ секілді елдерде іссапарда болып, халық­аралық деңгейде педагогикалық және ғылыми байланыс орнатты.

Профессор Бидайбековтің өмір жолы – ғылым мен ел мүддесіне адал қызмет етудің көрінісі. Ол математикалық физика саласындағы терең ғылыми зерт­теулерін жалғастыра отырып, елдің ком­пьютерлендіру саясатына үн қосты. Ұлттық білім жүйесіне жаңа мазмұн енгізді. Информатика пәнінің қазақ мектептеріне енгізілуі, қазақ тіліндегі алғашқы оқу құралдарының жарық көруі, білімді ақпараттандыру саласының қалыптасуы – мұның бәрі оның есімімен тығыз байланысты.

Бүгінде оның ғылыми жетекші­лігімен бірнеше ғылым докторы (11 ғылым докторы) мен кандидаты (30-дан астам кандидат) да еңбектерін сәтті қорғады. Ғалым жетекшілік жаса­ған PhD саны да сегізге жетеді. Шәкірттерінің бәрі де – еліміз бен шетелде қызмет етіп жүрген педагог-ғалымдар, профессорлар. Оның ғылыми мектебі цифрлық дәуірдің сын-қатеріне лайық жауап бере алатын, әдістемелік және дүниетанымдық негізі мықты, шығармашыл педагогтер даярлауға бағытталған.

Сондай-ақ Есен Ықыласұлы даныш­пан Әл-Фараби бабамыздың мате­матикалық мұрасын зерделеуде белгілі фарабитанушы Ауданбек Көбесовтің ғылыми бағытын жалғастырды. Оның бүгінгі цифрлық білім мен ұлттық авторлығымен жарық көрген бастауыш сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқулығы – ақпараттық қоғамға бейімделген жаңа буынға ар­налған маңызды қадам болды.

Жас ұрпақтың бойында заманауи білімге деген қызығушылықты қалыптастыру, цифрлық мәдениетті сіңіру және ұлттық дүниетаныммен ұштастыру – бүгінгі білім жүйесінің басты міндеті. Профессор осы үрдісті ерте танып, оны жүзеге асыру жолында қажырлы еңбек етті. Оның ғылыми-әдістемелік еңбектері мен педа­гогикалық бастамалары еліміздегі цифрлық педагог кадрларын даярлау ісіне зор үлес қосты.

Информатика пәнінің мектеп бағдарламасына еніп, өзінің маңызын сақтап қалуы, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар дәуірінде білім берудің жаңа парадигмасына жол ашуы – мұның бәрі Есен Ықыласұлы сынды тұлғаның өлшеусіз еңбегінің нәтижесі. Оның педагогикалық және ғылыми көзқарасы – бүгінде өзектілігін жоғалтпаған үлкен мектеп, тұтас дәуірдің айғағы.

Тахир БАЛЫҚБАЕВ,

профессор

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 08:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары