Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада қажылыққа апарамын деп 17 адамды алдаған ер адам сотталды

Оралда қылмыс жасаған екі армениялық азамат бір жылдан кейін Ереванда ұсталды

Алтын Орда дәуірінің орталығы мұражайға айналмақ

Орта державалар жаһандық тұрақтылықтың тірегіне айналады ADF 2026 аясындағы сарапшылар пікірі

Алматыдағы марафонда рекорд тіркелді

Иран әуе кеңістігін ішінара ашты

Қайтыс болған адамдарға қызмет көрсеткен : Павлодарда медицина саласында заңбұзушылық анықталды

Титаник жолаушысына тиесілі құтқару жилеті 906 мың долларға сатылды

Астанада қай көшелер жабық тұр?

Иран АҚШ ты бітімді бұзды деп айыптап, американдық кемелерге соққы берді

Гуанчжоу жәрмеңкесіндегі шетелдік сатып алушылар саны рекордтық деңгейге жетті

Демалыс маусымы: Қазақстанда Алакөлге қосымша пойыздар іске қосылады

Танымал брендтің балалар тағамынан егеуқұйрық уы табылды

Щучинсктегі трагедия қаза болғандар саны 12 ге жетті

Үндістанда фейерверк фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

Жетісу облысында 256 фермерге 8,2 млрд теңге жеңілдетілген несие берілген

Папа тирандар туралы сөзінің Трампқа арналмағанын мәлімдеді

Алматы Өскемен тасжолында болған жол апатынан 11 адам зардап шекті

Хезболла Ливанда француз бітімгерінің өліміне қатысы барын жоққа шығарды

Қытай 2026 жылы ауқымды ғарыштық бағдарламаны жүзеге асырады CNSA

Елімізде алғашқы әскери дайындық пәнінің жұмысы неге ақсап тұр

Елімізде алғашқы әскери дайындық пәнінің жұмысы неге ақсап тұр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Алғашқы әскери дайындық пәнінің кабинетін жасақтау — директордың міндеті

Алғашқы әскери дайындық пәні — әскери өмірдің басы. Бұл пән 10-11 сынып өтеді. Балалар нормативті орындағанымен, баға қойылмайды, тек «сынақтан өтті» деп жазылады.

Ал мұғалімнің педагогикалық білімі болуы шарт әрі әскери борышын өтегендер, ең кем дегенде сержант шені бар мамандар жұмыс істей алады.

Талап бәріне ортақ, бірақ қалада пәндік кабинетті жабдықтау мектептің директорына тікелей байланысты. Себебі елімізде мектептер жан басына қарай, яғни, оқушы санына байланысты қаржыландырылады. Ал мектеп директоры сол қаржыны ұқсатып, материалдық-техникалық базаны жаңарта алады.

— № 55 орта мектеп он жылдан астам уақыт бұрын ашылып, жұмыс істеп тұр. Мұнда 600-ден астам оқушы бар. Алғашқы әскери дайындық пәні кабинеті сол кезде жасақталған, әлі де жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. Ал мұғалім балаларды өте жақсы дайындайды. Себебі оқушылар мергендер сайысында топ жарды. Биыл пневматикалық мылтық алуды жоспарлап отырмыз. Бұл республикалық жарыстар кезінде көп көмектеседі. Мектепте арнайы жабдықталған тир жұмыс істеп тұр. Әрі жарыстар осы мектепте өтеді, - деді мектеп директоры Шолпан Жангалиева. 

Оның айтуынша, кабинет іші де жаңарады. Қазіргі кезде мұнда он жылдан астам уақыт бұрын ілінген ақпараттық-танымдық плакаттар ілулі тұр.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Ал аудандар мен ауыл мектептерінде кабинетті жабдықтау білім бөлімдеріне жүктелген. Ақтөбе облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің хабарлауынша, аудандарға мониторинг жүргізген кезде міндетті түрде бақылау болады.

Алғашқы әскери дайындық пәні мен әскери-патриоттық клубтың жұмысы қатар жүреді

Ақтөбе облысында 400-ден астам білім ордасы бар. Оның 80-ге жуығы қалада орналасқан. Соның ішінде облыс орталығындағы 21 мектепте тир бөлмесі жасақталған. № 55 орта мектепте тир кабинетінен өзге Есет батыр атындағы әскери-патриоттық клубы жұмыс істеп тұр.

— Балаларды салауатты өмір салтына баулимыз әрі әскери нормативтерді осы орталықта үйретеміз. Физикалық дайындыққа жүгіру, секіру жаттығуы кіреді. Турникке тартылады, арқамен жатып денені жерден көтереді, денені жерден көтеру жаттығуын жасайды. Зілтемір, гір көтереді. Әскери нормативке сүйеніп, мектеп нормативін орындаймыз. Қазір орталыққа келіп жүрген кіші топ, 7-8 сынып оқушылары кем дегенде 10 рет турникке тартылады. Жыл сайын оның санын арттырып отырамыз. 11 сыныпта кем дегенде 35 рет тартылады. Былтыр «Айбын» республикалық жарысында мектеп командасы бірінші орын алды. Балалар аптасына үш рет екі сағаттан жаттығады, — деді алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Асқар Садықов.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Әскери-патриоттық клубқа ер балалармен қатар қыздар да келеді. Қыздардың жүктемесі басқа. Олардың арасында сұрмергендер де бар.

— Пәннің, патриоттық клуб бағыттарының бірі — баланы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Алғашқы әскери дайындық сабағында патриоттық сезім қалыптасады. Сол дайындықтан өткені әскерге дайын тұрады. Арасында немқұрайлы қарайтындары да бар. Оларға түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Мұндайда тек мұғалім емес, отбасы да ықпал етуі тиіс. Кейде балалар әскерде болып жатқан оқиғаларды естіп, сұрайды. Мұндайда кез келген ер адам табындылық танытып, қиындыққа төтеп беруі керек деп түсіндіремін, — деді ол.

Асқар Садықов оқу-далалық жиынының әскери полигонда өтпегенінің де кері әсері бар екенін жасырмайды. Бұл бозбаланың шынайы өмірге бейімделуіне ықпал ететін шара.

— Оқу-далалық жиында оқушы өзін жинақтайды, үйден жырақта жүргенін ұғады. Бала әскердегі күн тәртібіне үйренеді. Мектепте 45 минуттық сабақ болса, онда апта бойы дағдыны меңгереді. Әскери өмірдің 1% көрсе де көп оқушыға оның пайдасы бар. Қарудан атады, оның күшін сезінеді. Тіпті ашық есік күні кейде мамандық таңдауға да ықпал етеді. Кем дегенде «әскери борышымды өтеймін» деген ойынан айнымайды, — деді ол.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Алайда бұл пән мұғалімдері әлі де сайыстардың аз өтетінін, кабинеттерді жасақтауда қиындыққа кезігетінін айтады.

— Заманауи технологияны енгізу — бүгінгі күннің талабы. Дегенмен өзім бұл бағыттағы жұмыстың дұрыс жүруі әскери-патриоттық клубқа байланысты деп ойлаймын. Әр мектепте осындай клуб болуы тиіс. Сонымен бірге еңбек бағалануы керек. Мектепте спорт үйірмелері бар, олардың жетекшілеріне еңбекақы қосымша есептеледі. Сонымен бірге спорттық жарыстар жүйелі ұйымдастырылады. Ал әскери-патриоттық жарыстар бірде өтіп, бірде өтпейді. Бәрі де қолдауға байланысты, — деді Асқар Садықов.

Мектептерде пневматикалық мылтық пен Калашников автоматының оқу макетінен басқа ештеңе жоқ

Ақтөбе қалалық білім бөлімі «Білім қазына» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері, алғашқы әскери дайындық және әскери патриоттық тәрбие жұмысына жауапты маман Серік Сраждың бұл салада 30 жылдан астам тәжірибесі бар.

Ол алғашқы әскери дайындық пәнінің қалай өтетінін бүге-шүгесіне дейін біледі. Елімізде әскери-патриоттық тәрбие бағытының жұмысы өзгергенімен, әлі де кемшін тұсы көп екенін жасырмады.

— Пандемияға дейін Ақтөбе қаласындағы оқу-далалық жиыны «Достық» лагерінде өтті. Пандемиядан кейін тек мектептерде ұйымдастырылады. Қала халқының, сәйкесінше қала балаларының саны артып келеді. Енді онда ұйымдастырған күннің өзінде балалар сыймайды. Негізі оқу-далалық жиыны әскери полигонда өткізілуі тиіс. Қорғаныс істері жөніндегі департамент 2025 жылдың жаз айында халықаралық «Айбын» жастар жиынын өткізді. Енді биыл сол базада тағы оқу-далалық жиынын өткізгісі келіп отыр. Мәселенің бәрі қаржыға келіп тіреледі, — деді Серік Сраж.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Ата-анадан жарақта, далалықта бала не үйренеді? Уақтылы тұрады, үш мезгіл тамақтанады, жатын орны қарастырылған.

Негізгі талап әскери нормативтерді орындайды, қару-жарақпен танысып, кем дегенде тұсбағдар, картамен жұмыс істеуді меңгереді.

Бұдан өзге ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару операторы да керек.

— Қорғаныс министрлігіне ұсыныс жасалды. Дрон операторы мамандарын даярлау мектеп қабырғасында жүргізілсе, үлкен мәселені шешкен болар еді. Алайда бізде материалдық база өте әлсіз. Шынын айту керек, мектептерде пневматикалық мылтық пен Калашников автоматының оқу макетінен басқа ештеңе жоқ. Қалғанының бәрін плакат арқылы оқытамыз. Ал біз оқушыларға гранатомет, жарылғыш затпен жұмыс істеуді, яғни, құру, залалсыздандыру, іздеуді үйретуіміз керек. Пулемет, мерген мылтығының тым құрығанда оқу макеттері болуы керек. Дрон операторын оқыту үшін компьютерлік бағдарлама, дрон керек. Ұшырып, басқарып, белгілі бір әскери тапсырмаларды орындай алуы тиіс. Бір дронмен не істеуге болады? Бір мектепте тым құрығанда 30-40 квадрокоптер болса дейміз. 10-11 сыныпта оқытса, Қорғаныс министрлігіне дайын маман болары сөзсіз, - деді Серік Сраж.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Естіп, талқылағаннан көріп-білген өтімді. Қазір мектептерде әскери-патриоттық кездесу ұйымдастырылып, оған қорғаныс саласының өкілдері, құқық қорғау саласының қызметкерлері мен ардагерлер қатысады.

Ара-тұра жарыстар ұйымдастырылады. Ондай кезде мектептердегі тир кабинеттері сайыс алаңына айналады.

— Қазір қалада орталықтандырылған қамтамасыз ету жүйесі жоқ. Жан басына шағып, қаржыландырады. Егер мектеп басшысы осы жұмыс қажет деп санаса, қолдау көрсетеді. Ал немқұрайлы қарайтын болса, ештеңе болмайды. Қазір бақылау, қадағалау нәтижесінде әр мектепте екі-үш пневматикалық мылтық, Калашников автоматының макеті бар. Жаңа қабылданған заң бойынша әскери бөлімдер мұғалімдерге көмек көрсетуі қажет. Шын мәнінде оқу-далалық жиынын өткізу үшін олар өз базасын бермейді. Жылына бірер рет ашық есік күні өтіп, балалар барады, қаруды көріп, қолымен ұстайды. Сонымен қайтады. Оның тиімділігі, берер әсері 100-ден 1 пайыз ғана. Біздің жұмысымызға жоғары атқарушы биліктен қолдау көрсетілмесе, оны өз деңгейінде, дәрежесінде жүргізе алмаймыз. Тағы бір мәселе. Әскери жетекшілердің жалақысы төмен. Мұғалім емес, дәріс беруші болып есептеледі. Штат беріледі, табысы мектептегі еден жуушылардың жалақысынан сәл жоғары. Ондай жағдайда жас жігіттерді қалай ұстаймыз? Көбіне кімдер келеді? Зейнеткерлер. Қарулы күштерде, ішкі істерде қызмет еткен зейнеткерлер жұмысқа келеді. Жасы келген адамның балалармен бірге жүгіріп, оларды үйретуі қиын. Балалар болса жастарға қарай ұмтылады. Үлкен кісімен тіл табысып, жұмыс істеу қиын, — деді Серік Сраж.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Қазір бұл пән мұғалімдері екі жұмыс істеуге тырысады. Күндіз балаларға дәріс берсе, кешкілік құрылыс пен өзге кәсіпті жағалайды. Бір мұғалім екі мектепте жұмыс істей де алмайды.

Серік Сраж отбасында еңбек тәрбиесі жоқ деп есептейді. Маңдай тері шықпаған соң балалар психологиялық, моральдық, физикалық тұрғыда әскерге дайын болмайды. Бұл жолда бар жұмысты пән мұғалімі мен түрлі патриоттық клубқа арту — мәселе шешімі емес.

— Кейінгі 15 жылда байқағаным — балалардың физикалық дайындығы төмен. Бұрын турникке 25-тен кем тартылса, командаға алынбайтын. Қазір 15 рет тартылса қуанатын болдық. Жалпы қаладағы оқушылардың жартысынан көбі өз денесін бір рет те көтере алмайды, турникке тартылмайды. Сонымен бірге көзі көрмейтіндер өте көп. 80 пайыз десем өтірік болмайды. Бәрі ұялы телефонның кері әсері. Балалардың әскерге қызығушығы орташа, жалпы 30-40 пайызы ғана барғысы келеді. Кейбірі «барғысы келетіндер бар, сол барсын» деп айтады. Менің ойымша, қоғамдағы әке рөлі төмендеп кеткен сияқты. Ажырасу да кері әсерін тигізіп жатыр, — деді ол.

Ауған соғысының ардагері, облыстық мәслихат депутаты Марат Қойлыбаевтың айтуынша, мектептердегі емес, колледждердегі дайындық көңілге күдік ұялатады. Әсіресе жеке арнаулы орта білім беру ұйымдарының жұмысы беймәлім.

— Жеке колледждерде көңіл бөлінбейді, тіпті бұл пән өтпей жатыр десек те болады. Оны анық айта аламын. Ал мектептерде оқу әдістемесіне қарай өтеді. Алғашқы әскери дайындық пәні Отан қорғаушыларды тәрбиелейді. Әскери борышты өтеу туралы білім ордасында айтылады, ал отбасында ше? Отбасында әскердегі өлім-жітім туралы көп қозғалады. Әскерге бармай жатып, сағы сынатыны да сондықтан, — деді Марат Қойлыбаев.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

«Қазақстанның әкелері» қауымдастығының төрағасы Аманғос Куловтың айтуынша, жасанды интеллектті пайдалынып, пәннің қызығушылығын арттыру керек.

Ол үшін қауымдастық көмек көрсетуге де әзір.

— Оқу-далалық жиыны елімізде өтіп тұрады. Бірақ барлық мектепте бар деп айта алмаймын. Жылына бір рет ұйымдастыру аз болса, қыста, күзде де өткізу қажет. Ол үшін арнайы база да керек шығар. Негізі әскери бөлімдерде ашық есік күнін өткізу үшін де көп уақыт керек, келісім жүргізіледі. Оған Қорғаныс министрлігімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, ортақ келісім бекіткен дұрыс болар. Бір айта кетерлігі, бір пән емес, отбасындағы тәрбие әсер етеді. Баланы еңбекке баулу керек. Колледждерді де қараймын барғанда. Онда да мектептегі әдістемеге ұқсас. Сондықтан жасанды интеллект арқылы түрлендіру, өзгеше әдісті енгізу керек, — деді ол.

Оның айтуынша, «Қазақстанның әкелері» қауымдастығы білім басқармаларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істегенімен, бүгінге дейін алғашқы әскери дайындық пәнін өткізу тақырыбы қозғалмады. Тек ардагерлермен кездесуде патриоттық рухты көтеру жайы айтылып жүр.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Айта кетейік, мектеп пен колледжден өзге жоғары оқу орындарында да әскери кафедралар бар. Kazinform бұған дейін Қорғаныс министрлігіне сауал жолдап, ондағы дайындық жұмыстарының жайын білді.

Министрліктің мәліметінше, бұған дейін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша әскери дайындық сапасын бағалайтын және талдайтын бірыңғай тетік болмаған.

Осыған байланысты биыл Қорғаныс министрінің бұйрығымен әскери дайындықтың сапасын бақылау және талдау қағидалары қолданысқа енгізілді. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қаңтар 2026 19:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада қажылыққа апарамын деп 17 адамды алдаған ер адам сотталды

18 Сәуір 2026 12:40see113

Оралда қылмыс жасаған екі армениялық азамат бір жылдан кейін Ереванда ұсталды

18 Сәуір 2026 15:18see113

Алтын Орда дәуірінің орталығы мұражайға айналмақ

18 Сәуір 2026 20:38see112

Орта державалар жаһандық тұрақтылықтың тірегіне айналады ADF 2026 аясындағы сарапшылар пікірі

19 Сәуір 2026 17:03see111

Алматыдағы марафонда рекорд тіркелді

19 Сәуір 2026 18:11see111

Иран әуе кеңістігін ішінара ашты

18 Сәуір 2026 15:46see110

Қайтыс болған адамдарға қызмет көрсеткен : Павлодарда медицина саласында заңбұзушылық анықталды

20 Сәуір 2026 10:24see110

Титаник жолаушысына тиесілі құтқару жилеті 906 мың долларға сатылды

19 Сәуір 2026 05:50see109

Астанада қай көшелер жабық тұр?

19 Сәуір 2026 14:25see109

Иран АҚШ ты бітімді бұзды деп айыптап, американдық кемелерге соққы берді

20 Сәуір 2026 08:15see108

Гуанчжоу жәрмеңкесіндегі шетелдік сатып алушылар саны рекордтық деңгейге жетті

20 Сәуір 2026 06:54see108

Демалыс маусымы: Қазақстанда Алакөлге қосымша пойыздар іске қосылады

20 Сәуір 2026 10:42see107

Танымал брендтің балалар тағамынан егеуқұйрық уы табылды

19 Сәуір 2026 17:29see106

Щучинсктегі трагедия қаза болғандар саны 12 ге жетті

19 Сәуір 2026 11:41see106

Үндістанда фейерверк фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 Сәуір 2026 04:29see105

Жетісу облысында 256 фермерге 8,2 млрд теңге жеңілдетілген несие берілген

19 Сәуір 2026 01:26see105

Папа тирандар туралы сөзінің Трампқа арналмағанын мәлімдеді

19 Сәуір 2026 03:42see104

Алматы Өскемен тасжолында болған жол апатынан 11 адам зардап шекті

19 Сәуір 2026 20:31see104

Хезболла Ливанда француз бітімгерінің өліміне қатысы барын жоққа шығарды

19 Сәуір 2026 02:49see104

Қытай 2026 жылы ауқымды ғарыштық бағдарламаны жүзеге асырады CNSA

18 Сәуір 2026 22:15see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары